1. курс туралы жалпы мәліметтер



бет21/32
Дата21.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#39690
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Тақырып №8. Корпорацияны қаржыландырудың қарыз көздері
Сағат саны – 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Компанияның ұзақ мерзімді қарыздарды қаржыландыру көздерін тарту мен пайдалану мақсаты.

  2. Ұзақ мерзімді қарыздарды қаржыландыру көздері және түрлері: ұзақ мерзімді банк ссудалары; лизинг; ипотекалық кредит; мемлекеттік және жеке инвестициялар, шетелдік және үлестік жарна инвестициялары.

Практикалық сабақ offline режимінде өткізіледі. Студенттер берілген тақырып сұрақтарына силлабуста көрсетілген әдебиеттер тізімі бойынша дайындалады. Практикалық сабақ материалы ықшам, мазмұнды болуы тиіс. Мұқаба беті, материал мәтіні (2-3 беттен кем емес) және әдебиет көзі
Әр білім алушы өзі таңдаған кәсіпорынның қаржылық құжаттарының негізінде айналым капиталының қолданылу тиімділігін анықтайтын көрстекіштерді есептейді. №8 практикалық сабақта сәйкес есептер шығарылып, №8 практикалық сабақта есептер бойынша тұжырымдама теориялық матриалмен ұштастырылып қорытындыланады.

1. Қаржылық тәуелділік коэффициенті (Debt ratio) корпорацияның сыртқы қарыз көздерінен қаншалықты тәуелді екендігін көрсетеді.


Формуласы: Қаржылық тәуелділік коэффициенті = Займдық (қарыз капиталы немесе міндеттемелер) капитал/Баланс немесе Актив
Нормасы: оңтайлы мәні 0,5, дегенмен 0,6-0,7 болуына жол беріледі
Коэффициент нормадан төмен (0,5-тен аз) болса, тым төмен коэффициент ұйымның қарыз капиталын тартуға тым мұқият көзқарасын және қаржылық левередж әсерін пайдалану арқылы меншікті капиталдың кірістілігін арттырудың жіберіп алған (упущенные) мүмкіндіктерін көрсетеді. Нормадан жоғары коэффициент ұйымның кредиторларға қатты тәуелділігін көрсетуі мүмкін.
2. Қаржылық леверидж коэффициенті (debt-to-equity ratio) – ұйымның қарыз және меншікті капиталының арақатынасының көрсеткіші. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды көрсеткіштерінің тобына жатады, оның құрамына дербестік пен қаржылық тәуелділіктің ұқсас коэффициенттері кіреді,сонымен қатар ұйымның меншікті және қарыз қаражаты арасындағы пропорцияны көрсетеді.
Формуласы: Қаржылық леверидж коэффициенті=Міндеттемелер немесе Қарыз капиталы/Меншікті капитал
Нормасы: Оңтайлы мәні міндеттемелер мен меншікті капиталдың (таза активтердің) тең қатынасы, яғни қаржылық левередж коэффициенті 1 болып саналады. 2-ге дейінгі мән рұқсат етілуі мүмкін (ірі мемлекеттік компаниялар үшін бұл қатынас одан да көп болуы мүмкін). Коэффициенттің үлкен мәндері орын алса, ұйым қаржылық тәуелсіздігін жоғалтады және оның қаржылық жағдайы өте тұрақсыз болады. Мұндай ұйымдарға қосымша қарыз тарту қиынырақ. Дамыған экономикаларда коэффициенттің ең көп таралған мәні-1,5 (яғни. Қарыз капиталының 60% және меншікті капиталдың 40%).
3. Капиталдандыру коэффициенті (capitalization ratio) –ұйымның өз қызметін қаржыландыру көзінің меншікті капитал түрінде жеткіліктілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Формуласы: Капиталдандыру коэффициенті = Ұзақ мерзімді міндеттемелер / (Ұзақ мерзімді міндеттемелер + меншікті капитал)
Капиталдандыру коэффициенті-ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің құрылымын көрсететін компанияның қаржылық левериджінің маңызды көрсеткіші.
Нормасы: Бұл коэффициент белгіленген нормативтік мәнге ие емес, өйткені ол салаға, кәсіпорынның технологиясына байланысты. Алайда, инвесторлар үшін меншікті капиталы қарызға қарағанда басым болатын кәсіпорындар тартымды. Дегенмен, тек меншікті қаржыландыру көздерін пайдалану да оң фактор емес, өйткені ол меншік иелерінің инвестицияларының қайтарымын азайтады.
Әдебиет: 2,6,8,9




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет