1. курс туралы жалпы мәліметтер



бет8/32
Дата21.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#39690
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
КФ силл

Бекіту сұрақтары

    1. Шығындар мен шығыстар баптарын баяндаңыз

    2. Шығындарды оңтайландырудың жолдары айтыңыз

    3. Өзіндік құнға кіріктірілетін шығындарды тізбектеңіз

Әдебиет: 1,2,5,6,7


Тақырып №6. Корпорация кірістерін қалыптастыру, бөлу және қолданылу тиімділігі
Сағат саны – 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

      1. Табыстар функциялары және сыныптамасы. Компанияның инвестициялық және қаржылық қызметінен түскен табыстары. Өнімді өткізуден (жұмыстар мен қызметтерден) түскен табыстарды жоспарлау әдістері және оның көлеміне әсер ететін факторлар.

      2. Жиынтық табыстардан, өнімдерді өткізуден түскен түсімдерді бөлу және тиімді пайдалану механизмі. Маржиналдық табыс. Корпоративтік табыс салығы (ЕВІТ) және кредит үшін пайыздарды төлегенге дейінгі пайда. Рентабельділік шегі және қаржылық тұрақтылық.

Дәріс тезисі
Корпорацияның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте ( ұлттық табыс), корпорацияда ( жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда ( халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Корпорацияның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша соммаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айтуға болады:

  • Жалпы табыс ( ЖТ) – бұл тауардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай соммасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.

  • Орта табыс ( ОТ) – жалпы табысты ( ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)

ОТ = ЖТ / К

  • Шекті табыс ( ШТ) – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі

ШТ = ЖТ / К
Шекті табыс шығарылған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.
2. Пайда - корпорация қызметі тиімділігінің басты шарасы
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.
Әрбір корпорацияның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қортындысын білдіретін корпорация қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген корпорацияда жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі — қосымша еңбек, қосымша өнім немесе құн құнынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, корпорацияға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында да, корпорация қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шыгыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл корпорация өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.
Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:

  • тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;

  • тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басда өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;

• сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Есептеулік пайда - бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.
Пайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы ажырмасы болып табылады.
Пайда белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, корпорация қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және корпорацияның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан – зор. Оны алуға ұмтылу - тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.



Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары

Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық шығындары

Бухгалтерлік пайда = жалпы пайда – оның шығындары

Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда - өндірістің анық шығындары

Таза пайда = жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер

Қалыпты пайда = капиталға нормативті қайтарым – кәсіпкерлік табыстың мөлшері

Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда

Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар

Пайда

1. өндіріс ұлғайтудың көзі болып табылады

2. ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үйлестірудің оңтайлығын сипаттайды

3. инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру

  • сурет. Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі


Корпорацияның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі — корпорацияның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізті жиынтық алементтері болатындар:өтімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;негізгі қорларды, сол сияқты басқа да корпорацияның мүліктерін сатудан түсетін пайда;өткізуден тыс операциядардың қаржы нәтижелері.
Корпорацияның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы — сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтың баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, же төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
Корпорация табыстары мен шығыстарын талдау көрсеткіштері
Практикалық қызметінде корпорация өзін ең алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға бағыттайды.
Сатудың жалпы мөлшері - бұл тауарлар және қызмет көрсетудің құны, тұтынушыларға сатылғанын мына формуламен анықтайды:
Q = Б x N
мұнда,
Q — сату мөлшері;
Б — тауардың бір өлшемінің бағасы, теңге;
N — сатылған тауардың мөлшері, теңге.
Нарықтық жағдайда корпорация қызметінің негізгі қорытындылайтын баға көрсеткіші пайда болып есептелінеді
Жалпы пайда - нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс шығынндары элементтерінің құнын анықтайды.
Шекті таза пайда — бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизациялық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық түрлеріне пайдаланылады.
Шектік таза өнім - бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған өнім мелшерінің қызмет көрсетудің құны оларды өндіруге жұмсадған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер, амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.).
Көрсетілген бағаның көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштермен қаралады:
• корпорация, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
• өнім сапасының көрсеткіштері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет