1. курс туралы жалпы мәліметтер



бет9/32
Дата21.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#39690
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
КФ силл

Бекіту сұрақтары:

    1. Корпорация кірісі, пайдасы және шығыс, шығын түсініктерін ажыратыңыз

    2. Корпорация кірістерін есепке алу әдістерін атаңыз

    3. Корпорация шығындарын азайту әдістерін негіздеңіз

Әдебиет: 1,3,5,6,8


Тақырып №.7 Корпорацияның меншікті капиталы
Сағат саны – 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Корпорацияның меншік капиталы, оның құрамы мен құрылымы. Меншікті капиталды құру.

  2. Компанияның эмиссиялық қызметі. Капиталдың құрылымы мен құнының түсінігі. Капитал құнының концепциясы

  3. Капитал құнын бағалау әдістері. Капиталдың орташа безбенделген құны. Компания капиталының құрылымы мен құнының өзара байланысы. Модильяни - Миллер теориясының негізі. Капиталдың тиімді құрылымын анықтау. Корпорацияның нарықтық құнын жоғарылату концепциясы

Дәріс тезисі

  1. Корпорацияның негізгі қаржылық потенциалын, оның меншікті

капиталы құрайды. Ол келесі элементтерден тұрады:

    • Жарғылық капитал;

    • Меншікті капитал;

    • Резервтік капитал;

    • Бөлінбеген капитал;

    • Мақсатты қаржыландыру.

Жарғылық капитал – корпорацияның кредиторлардың мүдделерін кепілдігін корпорация мүлігінің минималды бөлігін анықтайды. Ол корпорацияның негізгі құралдарының материалды емес активтерін бейнелейді. Артықшылықты және жай акциялардың номиналды құнынан тұрады. Артықшылықты акцияның номиналдық құны жарғылық капиталдың 25% көлемінен аспауы керек. Қоғамның жарғылық капиталын акцияның номиналдық құнын жоғалту немесе олардың қосымша мөлшерін шығару жолымен көбейтуге болады. Жарғылық капиталды акцияның номиналдық құнын жоғарлату арқылы көбейту жолын таңдау туралы шешімді акционерлердің жолын жиналысымен қабылданады. Қосымша акцияларды шығару жолымен жарғылық капиталды көбейту туралы шешім директорлар кеңесінің шешімімен қабылданады. Жарғылық капиталды акцияның номиналдық құнын төмендету немесе оның шығарылу көлемін қысқарту жолымен жүргізілуі мүмкін. Жарғылық капиталды төмендету туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысымен қабылданады. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал оның жарғысында бекітеді. Ол жарғылық капитал шамасының 15% кем болмауы керек. Қосымша капитал мүліктің қайта бағалануы кезіндегі құнның өсімін эмиссиялық кірісті қайтарымсыз алған құндылықтарды және басқа да түсімдерді бейнелейді. Көптеген корпорацияда қосымша капитал меншікті капиталдың көп бөлігін құрайды (70 – 90%). Бөлінбеген пайда корпорацияның меншікті капитал қалыптасуының негізігі көзі болып табылады. Мұнда өткен жылдың пайдасы және есептік жылдың пайдасы көрсетіледі. Өткен жылдардағы бөлінбеген пайданы пайдалану оның соммасының келесі мақсаттарға бағытталады:

  • резервтік капиталды толықтыру жолдарымен пайдаланады;

  • жарғылық капиталды көбейту;

  • қоғамның құрылтайшыларының кірісін төлеуге қолданылады.

Мақсатты қаржыландыру көлеміне мақсатты іс – шараларды жүргізу үшін бөлінбеген ақша құралдары жатады.
Арнайы қорлардың қалыптасуы тәртібі және тізімі құрылтай құжаттарымен немесе құрылтай шешімдерімен реттеледі. Дәстүрлі түрде жинақ қорларында бөлінбеген пайда құралдары, құрылтайшы құжаттарына сәйкес бағытталған немесе кәсіпорынның өндірістік дамуын қаржылық қамтамасыз ету мақсатында құрылтайшы шешімдері және басқа да жаңа мүлікті қалыптастыру бойынша шаралар ескеріледі. Ал әлеуметтік сала қорында бөлінбеген пайда құралдары, құрылтайшы құжаттарына сәйкес бағытталған немесе кәсіпорынның әлеуметтік сферасын дамытуға бағытталған құрылтай шешімдері және қайтарымсыз негізде басқа тұлғадан алынған әлеуметтік мүлік сферасына қатысты ескеріледі. Тұтыну қорларында бөлінбеген пайда құралдары, құрылтайшы құжаттарына сәйкес бағытталған немесе кәсіпорынның әлеуметтік саласын дамыту бойынша шаралар жүргізуге және жұмысшыларды материалды марапаттау және басқа да кәсіпорында жаңа мүліктің қалыптасуға алып келмейтін шаралармен ескеріледі.
Бұл қор есебін келесі мақсаттарға шығындалуы мүмкін:

  • жұмысшы меншігіне берілген тұрғын үй құнын төлеу;

  • әлеуметтік бағытталған құралдар есебінен сыйақылар төлеу;

  • сақтандыру төлемдерін төлеу;

  • негізгі құралдарды жөндеу;

  • мемлекеттік емес зейнетақы қорларына кәсіпорын есебінен салымдарды аудару; т.б

2. Меншікті капиталды қалыптастыру негізгі екі мақсатта жүргізіледі:
1) Меншікті капитал есебінен айналымнан тыс активтердің қажетті көлемін құру:
МАҚ = ҰзМА – ДО
мұндағы: МАҚ- Меншікті айналым құралдары;
ҰзМА – айналымнан тыс активтер;
ДО – айналымнан тыс активтерді қаржыландыруға қолданатын ұзақ мерзімді міндеттемелер.
2) Меншікті капитал есебінен айналым активтерінің анықталған бөлігін құру:
Соб К = АғА – ДО – ҚММ
мұндағы: АғА– айналым активтері;
ҚММ – қысқа мерзімді міндеттемелер.
3) Ұзақ мерзімді міндеттемелермен айналымнан тыс активтердің көлемінен асатын меншікті капитал таза айналым капиталын сипаттайды.
ТАК = СК (ҰзМА + ДО)
мұндағы
МК – меншікті капитал;
ТАК – таза айналым капиталы.
Ол кәсіпорын есеп беру кезеңінде маневрлейтін бос ақша құралдарының сомасын сипаттайды.
4) Меншікті капиталының маневрлеу коэффициентін мына формуламен анықтайды:
КМСК =МАҚ/МК
Бұл коэффициенттің қауіпті шегі 0,2 – 0,3 болуы қажет. Бұл меншікті капиталдың қандай да бір бөлігінің өтімді формада екенін бейнелейді.
Меншікті капиталдың басқару процесінде оның қалыптасу көздері ішкі және сыртқы болып есептеледі. Ішкі көздерге мыналар жатады:

  1. бөлінбеген пайда;

  2. негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесіндегі құралдар;

  3. басқа да ішкі қаржылық көздер (резервтік қор).

Амортизациялық аударымдар меншікті ақша ресурстарын қалыптастырудың ішкі көзі болып табылады.
Сыртқы қаржылық көздерге:

  1. қосымша акционерлік капиталды тарту.

  2. мемлекеттің және заңды тұлғадан қайтарымсыз алынған қаржылай көмек.

  3. инвестициялық мақсаттарға түскен мақсатты қаржыландыру құралдары.

  4. басқа да сыртқы қаржыландыру көздері.

Меншікті қаржылық ресурстарды қалыптастыру саясаты корпорацияның өзін - өзі қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл саясат келесі негізгі кезеңдерден тұрады;

      1. базистік кезеңде меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру және қолдануды талдау;

      2. алдағы кезеңге оларға жалпы тұтынушылықты анықтау;

      3. әртүрлі көздерден меншікті капиталды тарту құнын бағалау;

      4. тартылған меншікті капиталдың жалпы көлемін ішкі және сыртқы көздер есебінен қамтамасыз ету;

      5. меншікті қаржылық ресурстардың қалыптасуының сыртқы және ішкі көздерінің қатынасын оңтайландыру.

Кезеңдерді қарастыру:
Бірінші кезең: Базистік кезеңде меншікті қаржылық ресурстардың қалыптасуын талдау мақсаты болып кәсіпорынның болашақ дамуы үшін қаржылық потенциалын анықтау табылады.
Талдаудың бірінші кезеңінде мыналар зерттеледі: пайда мен меншікті капитал өсім темпінің актив пен сату көлемі өсімін темпінің сәйкес келуі; қаржылық ресурстарды жалпы көлемінен меншікті көздердің басым бөлігінің динамикасы. Олардың арасындағы оптималды қатынас мына түрде болуы қажет:
ТП > Т түсімақшаменшікті капитал > ТАктив > 100%
мұндағы: Тп – пайда өсімінің темпі, %
Ттүсімақша– тауар сатудан түсім өсімінің темпі. %
Тактив – актив өсімінің темпі, %
Бұл формула бойынша пайда басқа элементтерге қарағанда жоғарғы темппен ұлғаюы қажет. Яғни бұл өндіріс шығындары төмендеу қажет, сатудан түсім - өсуі, ал меншікті капитал және активтер олардың айналымдылығының жылдамдауы есебінен тиімді пайдалануды білдіреді.
Екінші кезең: Алдағы кезеңге меншікті қаржылық ресурстарға жалпы мұқтаждықты анықтау:
;
мұндағы: Псфр – алдағы уақытқа меншікті қаржылық ресурстарға жалпы мұқтаждық;
Пп – болжамды кезеңсіз соңына капиталға мұқтаждық;
Уск – меншікті капиталдың оның жалпы соммасынан үлесі;
СКнп – кезең басындағы меншікті капитал соммасы;
Үшінші кезең: Меншікті капиталдың әртүрлі көздерден тартылуын бағалау оның жеке элементтерінің бөлінуінен жүзеге асырылады (акционерлік капитал, бөлінбеген пайда немесе т.б)
Төртінші кезең: Ішкі және сыртқы көздер есебінен меншікті қаржылық ресурстарды тартудың максималды көлемін қамтамасыз ету үшін осындай көздердің және олардың абсолютті көлемін анықтауды қажет етеді. Негізгі ішкі көздерге: таза пайда және амортизациялық аударымдар жатады.
АО + ЧП  СФРмах
мұндағы: АО және ЧП – амортизациялық аударымдар және таза пайданың болжамдалған көлемі;
 СФРмах – меншікті көздер есебінен пайда болатын меншікті қаржылық ресурстардың максималды соммаға;
Сыртқы көздерден меншікті капиталдың тарту көлемі ішкі көздер есебінен қалыптаспаған бөлігін жабумен көрсетіледі.
∆ СФРвнеш = ОП сфр - ∆СФР внутр
мұндағы: СФРвнеш – сыртқы көздер есебінен меншікті капиталды тарту мұқтаждығы;
ОПсфр – болжам кезеңде қаржыландыру көздеріне мұқтаждығы;
∆СФР внутр – ішкі көздер есебінен тартуға ұсынылған меншікті ресурстардың көлемі.
Сыртқы қаржы көздеріне: шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларының қосымша пайлық капиталды тарту немесе акцияны қайта эмиссиялау және т.б.жатады.
Бесінші кезең: Меншікті капиталдың ішкі және сыртқы көздерінің қатынасының оптимизация процесі оның тиімділігінен байқалады.
Экономикалық өсудің бекемділік коэффициенті арқылы қалыптасқан саясаттың тиімділігін көрсетеді: (Куэр):
Куэр =
мұндағы: ∑Д – акционерлерге төленетін дивидендтер соммасы;
СК – меншікті капитал құнының кезеңдегі орташасы;
ЧП - ∑Д – қайта инвестицияланатын таза пайда.
3. Меншікті капитал құнын бағалау келесі ерекшеліктерінен тұрады:

    1. акционерлерге төленетін төлемдер салық салынатын пайданың құрамына кіреді. Бұл меншікті капитал құнын заемдық құралдармен салыстырғанда жоғарлатады. Акция иемденушіге дивидент түріндегі төлемдер төлеу корпорацияның таза пайдасының есебінен жүзеге асырды. Тартылған заемдық құралдарға проценттер төлеу сатылған қызмет, тауарлардың өзіндік құны есебінен жүргізіледі.

    2. меншікті капиталды тарту инвесторлар үшін жоғары қаржылық тәуекелділікпен байланысты. Сондықтан оның құны тәуекелдер үшін жоғарлатады.

    3. Меншікті капиталдың мобилизациясыз оның негізгі соммасы бойынша кері ақшалық ағымдарға байланысты болмайды. Сондықтан бұл акционерлік қоғам үшін тиімділікті көрсетеді. Тартылған меншікті капитал бойынша қайтарымды ақшалық ағым, акционерлерге тек дивиденттер төлеуді сипаттайды. Бұл меншікті капиталдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    4. меншікті капитал көлемін кезеңдік түзетудің қажеттілігін бағалау. Мұнда тек меншікті капиталдың қызмет етуші бөлігі ғана қатысады. Ал жаңадан тартылған бөлігі ағымды нарықтың бағамен бағаланады.

    5. жаңадан тартылған меншікті капитал ықтималдылық сипатқа ие, яғни қор нарығында маңызды ауытқушылықта болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет