1. курс туралы жалпы мәліметтер



бет6/32
Дата21.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#39690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
КФ силл

Бекіту сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәнін сипаттаңыз

  2. Корпорацияның айналымнан тыс активтерінің элементтерін атаңыз

  3. Негізгі капиталды қолдану тиімділігін есептеуді түсіндіріңіз

Әдебиет: 1,2,6,8,12


Тақырып №4. Корпорацияның айналым капиталы
Сағат саны – 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Айналым капиталының сыныптамасы және экономикалық мазмұны. Айналым капиталын ұйымдастыру қағидаттары, олардың құрамы және құрылымы. Компанияның босалқы қоры: босалқы қорлардағы қаражаттар, өндірістегі қаражаттар. Дебиторлық қарыз мөлшерінің деңгейі және оны басқару. Компанияның ақшалай қаражаттары, олардың түсу жолдары және жұмсалу бағыттары.

  2. Ақша қаражаттарының ағымдарын болжамдау. Қолма – қол ақшаны басқарудың моделі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар, жеңіл таратылатын бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудың қағидаттары және ерекшеліктері. Компанияның айналым капиталының оңтайлы қажеттілігін анықтау және бұл қажеттілікті анықтаушы факторлар. Айналым қаражаттарын нормалаудың әдістері.

  3. Айналым капиталын қалыптастыру көздері. Кредиторлық берешек: айналым капиталын қалыптастырудағы оның мәні. Меншікті айналым капиталы. Айналым капиталының өсімі, оны қаржыландыру көздері. Айналым капиталын пайдаланудың экономикалық тиімділігі, оның компанияның қаржылық жағдайына ықпалы және жетілдіру жолдары.

Дәріс тезисі
1. Өндірістік немесе өзге коммерциялық іс-әрекетті жүргізетін кез келген кәсіпорын белгілі бір шынайы , яғни әрекет етіп тұрған мүлікке немесе активтік капиталға ие болуы керек. Ол негізгі және айналым капиталы түрінде болады.
Айналым капиталы – бір уақытта өндіріс пен өнімді өткізу процестеріне бірдей қатысатын шаруашылық іс-әрекет процесіне қызмет көрсететін құралдар.
Айналым капиталының негізгі мақсаты - өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету.
Өндіріс процесіндегі роліне қарай кәсіпорын айналым капиталы өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларына бөлінеді. Мұндай бөлінуіне қарай айналым капиталын шаруашылық іс-әрекет процесінде өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына салынған құралдар және олардың үздіксіз айналуы деп сипаттауға болады.
Өндірістік айналым қоры - өндіріс сферасына қызмет көрсетеді. Олар еңбек заттарында (шикізат , материал , отын және т.б.) материалданып өндірістік запастарда , аяқталмаған өндірісте , жартылай фабрикаттарда көрініс табады. Бұдан басқа бұл қорларға кейбір еңбек құралдарын жатқызуға болады : ағымдық жөндеу үшін қосалқы бөлшектер құны , аз және тез тозатын бөлшектер (НБП) , арнайы жабдықтар , арнайы киім.
Өндірістік айналым қорының негізгі экономикалық белгісі олар өндірістің әрбір циклінде өзіндік құнын толығымен дайын өнім құнына айдарады және дайын өнім өткізілген соң түсім ақшаның құрамында олардың құны кәсіпорынға қайтып келеді.






ӨАҚ




ӨНҚ

1

өндірістік цикл ішінде толығымен шығысталады.

1

Ұзақ мерзім қызмет етеді.

2

Еңбек процесінде натуралдық-заттық нысаны өзгеріп,өндіріс процесінде тұтыну құнын жоғалтады.

2

Натуралды-заттық нысанда және ұзақ уақыт бойы тұтыну құнын сақтайды.

3

өндірістік циклге қатысты байланысты айналым шеңберін жасайды.

3

Ұзақ уақыт ішінде бір айналым шеңберін жасайды.

4

Дайын өнімге өз құнын толық және бірдей ауыстырады.

4

Өнімге өз құнын біртіндеп бөлшектеп ауыстырады.

ӨАҚ+ӨНҚ=ӨҚ.
Айналыс қорлары өткізуге арналған дайын өнім запастарына салынған кәсіпорын құралдары касса , банк шотымен жолдаға ақшалай құралдар , есеп айырысудағы құралдар т.б. айналыс қорларын құрады. Олар өдіріс процесіне тікелей қатыспайды және басты мақсаты кәсіпорынға айналысты ақша ресурстарымен қамтамасыз ету.
Айналым капиталының өндірістік айналым қорлары және айналыс қорлары болып бөлінеді. Ең көп тараған классификация болып табылады және олардың өзара ара қатынасы 7:3.
Өндірістік айналым қорларын айналыс қоры бірігіп айналым құралдарын құрайды. Мұндай категорияларды айналым құралдары деп біріктірудің себептері бар :

  1. Өндіріс және өткізу процесінің бірігейлігі , яғни айналым капиталының элементтері өндіріс сферасынан шығып , айналыс сферасына түседі және өндіріске қайта айналып келеді.

  2. Айналым қорлары және айналыс қорларының элементтері бірдей сипатқа ие : шеңбер жасау сипаты және үздіксіз процестің құрамдас бөлігі ретінде.

Құралдардың қайталану процесі арқылы үнемі қозғалуы құралдар айналымы деп аталады. Ал осы айналымдағы құралдар айналым құралдыра деп аталады. Айналым капиталының ерекшелігі ол шығысталмайды және тұтынылмайды. Айналым капиталы шаруашылық субъектінің әртүрлі ағымдық шығындарына авансталадв. Аванстау дегеніміз әрбір өндірістік цикл аяқталғаннан кейін кәсіпорынға қолданылған ақша құралдарының қайта оралуы. Өндірістік циклдің кезеңі :

    • өнімді өндіру

    • өткізу

    • өткізілген өнімнің түсім ақшасын алу.

Өткізілген өнімнің түсім ақшасынан авансталған капиталдың орны толтырылып , ол өзінің бастапқы нүктесіне қайтып келеді. Осылайша айналым капиталын өндірістік айналым қорымен айналыс қорлардың құрылуы қолданылуына авансталған ақша құралдарының жиынтығы деп қарастыруға болады.
1.2. Үнемі қозғалыста бола отырып кәсіпорынның айналым капиталы өз қозғалысын өндірістік запастарды сатып алу үшін белгілі бір ақша құралдарын аванстаудан бастайды. Өндірістік запастар :

    • шикізат

    • материал

    • отын

    • тауар өндіру мақсатындағы өзге еңбек заттары.

А –Т – Т - Ө - Т' ... Т' - А'
Шеңбер айналымының [А-Т]
1 кезеңі ақшалай немесе дайындық кезеңі деп аталады. Бұл кезде айналым капиталы ақша құралдарының нысанына өндірістік запастың нысанына өтеді. Бұл кезеңде айналыс сферасынан өндірістік сфераға өту аяқталады және авансталған құн ақшалай нысанынан өндірістік нысанға ие болады. 1 кезең аяқталғанда тауарлық айналым үзіледі. Айналым шеңберінде ол көп нүктемен көрсетілген , бірақ айналым капиталының шеңбер айналымы аяқталған жоқ.
2 кезең өндіріс процесінде жүзеге асады [Т-Ө-Т']. Ол сатып алынған материалдық құндылықтарды өндірістік запастарды өндіріске аударып еңбек құралдары мен заттарына жұмыс күшін қосуды білдіреді. Әрі қарай жаңа тауар өндіріледі. Бұл кезде авансталған құн тауарлық нысанға көшеді , ал заттық құрамы бойынша материалдық запастар алдымен аяқталмаған өніиге , содан соң дайын өнімге айналады.
3 кезең [Т'-А'] дайындалған өнімді өткізу мен ақша құралдарын алудан тұрады. Бұл кезеңде айналым капиталы өндірістік кезеңнен айналыс кезеңіне өтіп қайтадан ақшалай нысанға ие болады. Үзілген тауар айналысы қайта жалғасып авансталған құн тауар нысанынан ақшалай нысанға өтеді. Авансталған құралдар тауарды сатудан түскен түсім ақша есебінен қайтарылады. А' пен А арасындағы айырма кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінің қаржылық нәтижесін немесе ақшалай кіріс мөлшерін құрайды.
Шеңбер айналымының соңғы кезеңінде айналым капиталының ие болатын ақшалай нысаны айналым капиталының келесі шеңбер айналымының бастапқы нүктесі болып табылады. Шеңбер айналымы үнемі жүзеге асырылатын және капиталдың айналымын бейнелейтін процесс. Бір шеңбер айналымын аяқтап , айналым капиталы жаңа шеңбер айналымына енеді , яғни шеңбер айналымы үздіксіз.
1.3. Айналым құралдарының құрамына материалдық және ақшалай ресурстар кіретіндіктен оларды ұйымдастыру мен тиімді қолдану материалдық өндіріс процесі мен кәсіпорынның қаржылық бекемділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын тиімділігін көтеру бағытының ең негізгісі айналым құралдарын ұйымдастыру болып табылады. Ол келесілерден тұрады :

  1. Айналым құралдарының құрамы мен құрылымын анықтау.

  2. Айналым құралдарына деген қажеттілікті тағайындау.

  3. Айналым құралдарының қалыптасу көздерін анықтау.

  4. Айналым құралдарын басқару және тиімді қолдану.

Кәсіпорынның айналым құралдарының құрамы оның қандай бөлімдерімен жеке элементтерінен тұратындығын көрсетеді.



Топтау белгісі

Айналым құралдары

өндірістік айналым қорлары

Айналыс қорлары

Функ - ционал -дық мақсаты- на қарай

Запастағы құралдар

өндірістегі құралдар

Дайын өнім

Ақша және дебиторлық борыш

өндірісте-гі роліне қарай













Элемент -тер

Еңбек зат тары

Еңбек құрал дары, НБП

Аяқ тал ма ған өнім

Бола шақ кезең шығыстары

Да -йын өнім

тауар

ақша

Деби торлық борыш

1 сурет. Кәсіпорынның айналым құралдарының құрамы

Өндірістік запастарға айналым құралдары өндірістік айналым қорының басым бөлігін құрайды (шамамен 70-80%). Оған жататындар :



    • еңбек заты ретінде қолданылатын өндірістің заттық элементтері және өндірістік процеске әлі еңбеген қойма запастарындағы құны аз тез тозатын заттар.

Ө.З.=еңбек заты +НБП
Еңбек заттары :
а) өнім дайындалатын шикізат және негізгі материалдар. Олар өнімнің материалдық негізін құрайды.
Шикізат дегеніміз ауыл шаруашылығы және кең байыту өнеркәсібінің өнімдері.
Материал дегеніміз өңдеуші өнеркәсіп салаларының өнімдері.
б) көмекші немесе қосымша материалдар: отын, ыдыс, орама, қосалқы бөлшектер
Олар қызмет көрсету үшін еңбек затын күту үшін өндіріс процесін жеңілдету немесе негізгі материалдар мен шикізаттарға тұтыну қасиетін беру мақсатында қолданылады.
в) сатып алынған жартылай фабрикаттар немесе кешендеу бұйымдары . Жартылай фабрикаттар дайын өнім болып табылмайды және кешендеу бұйымдарымен біріге отырып , өндіріс процесінде негізгі материал қызметін атқарады.
Құны аз тез тозатын заттар олар экономикалық мақсатына қарай еңбек құралдары болып табылады , сондықтан да негізгі қорлар құрамында болуы тиіс. Өйткені олар өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып , өзінің материалдық-заттық нысанын бірден жоғалтпайды. Кәсіпорында НБП-ның 100-ден астам түрі бар. Олардың тозуын есепке алуды жеңілдету мақсатында НБП айналым құралдарының құрамына жатқызылған , НБП-ға 1 жылдан аз уақыт қызмет ететін еңбек құралдары жатқызылады. Мысалы , ағымдық жөндеу жұмыстары үшін құралдар , қосалқы бөлшектер , арнайы жабдықтар , арнайы киімдер , уақытша құрылымдар т.б.
Өндірістегі құралдар :

  1. аяқталмаған өнім немесе бір бөлігі ғана дайын болған өнім - өндіріс процесіне енген , бірақ технологиялық процеспен қарастырылған барлық өңдеу операцияларын өтіп болмаған еңбек заты. Олар аяқталмаған өндіріс пен кәсіпорынның өзі дайындайтын жартылай фабрикаттардан көрінеді.

  2. өндірістік айналым құралдарының ішіндегі заттық емес элемент - болашақ кезең шығыстары. Олар биылғы жылы өндірілетін , бірақ болашақ жылдың өніміне жатқызылатын жаңа өнімді , жаңа технологияны игеру мен дайындауға кететін шығындар. Өндірістегі құралдар құрамының басым бөлігі аяқталмаған өнімге тиесілі. Болашақ кезеңнің шығыстары жалпы өндірістік айналым қорларының 5%-нан аспайды.

Айналыс қорларының құрамы біркелкі емес. Оның шамамен 60% дайын өнім құрайды. Жалпы дайын өнім кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім және тиелген тауар болып бөлінеді. Кәсіпорын қоймасына дайын өнімді өткізу сәті өнімді өндіру процесінің аяқталуын білдіреді. Ал тұтынушыға тиеп жіберілген өнім тауар айналыс сферасына тиесілі және өткізу процесін бейнелейді. Тиелген тауарларды келесі бағыттар бойынша қарастыруға болады :

  1. төлем мерзімі келмеген тиелген тауар.

  2. төлем мерзімі өтіп кеткен тауар.

  3. сатып алушыда жауапкершілікпен сақталудағы тауар.

Тиелген тауардың соңғы 2 тобы кәсіпорынның қаржылық шаруашылық іс-әрекетін бағалауда қолайсыз көрсеткіш болып табылады. Өйткені олар есеп айырысу және келісімшарт тәртібінің бұзылуынан пайда болды. Сатып алушыда құралдардың болмауы мен ассортименттің бұзылуы мен ақаудың табылуымен байланысты болды. Айналыс қордың бұл тобының мөлшерінің артуын тежеу керек. Себебі ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын төмендетеді. Оның нәтижесі келесілерге алып келеді :

    • тиелген өнімнің төлемсіздігі. Сәйкесінше кәсіпорынның қосымша айналым құралдарын қайта бөлуі.

    • өткізілген өнімнен түсім ақша түспегендіктен қысқа мерзімді несие алу.

    • өндірістік циклдан ақша құралдарының шығып қалуы.

Айналыс қорларының келесі құрамдас бөлігі – ақша құралдары мен дебиторлық борыш.
Ақша құралдары біріншіден , қаржылық инструменттерде (несие-банктік мекемелердегі шоттарда , бағалы қағаздарда , аккредитивтерде) , екіншіден кәсіпорын кассасы мен есеп айырысуларда (пошта аударымдары) болуы мүмкін.
Дебиторлық борыш – төлем мерзімі өткеннен кейінгі жеткізушілердің есепті тұлғаның борышы , салықты және басқа міндетті төлемдерді қайта төлеудегі салықтық органның борышы. Дебиторлық борыш әрқашан айналымнан құралдарды тежейді және олар айналым құралдарының тиімсіз қолданылуын білдіреді , кәсіпорындағы қаржылық жағдайдың нашарлауына алып келеді. Дебиторлық борыш деңгейі кәсіпорында қабылданған есеп айырысу жүйесінен шығарылған өнім түрін нарықтың осы өніммен қаңығуынан тәуелді. Айналыс құралдарының құрамындағы дебиторлық борыштың үлесі шамамен 14-15%. Дебиторлық борышты басқару қаржылық қызмет орындарының есеп айырысудағы құралдар айналымын бақылап отыру болып табылады.
2. Кәсіпорында меншікті айналым капиталының болуы оның құрамы мен құрылымы, айналым жылдамдығы, айналым капиталын қолданудың тиімділігі, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен бекемділігін анықтайды.

  1. Төлем қабілеттілігі, яғни өзінің борыштық міндеттемелерін уақытында жабу мүмкіндігі.

  2. Өтімділік кез келген сәтте қажетті шығыстарды жүзеге асыру қабілеттілігі.

  3. Қаржылық ресурстарды шоғырландыру мүмкіндігі.

Айналым капиталын тиімді қолдану өндірістің рентабельділігін көтеріп, кәсіпорынның жұмысын қалыпты жүргізуге септігін тигізеді. Қазіргі жағдайда айналым капиталын қолданудың тиімділігіне экономикалық жалпы жағдайы кері әсерін тигізіп отыр:

    • өндіріс көлемінің азайып, тұтыну сұранымының кемуі

    • инфляцияның жоғары темпі

    • шаруашылық байланыстың үзілуі

    • келісімшарт және төлем есеп айырысу тәртібінің бұзылуы

    • салықтық жүктеменің шамадан тыс жоғары деңгейі

    • жоғары банктік проценттен несие алудың мүмкінсіздігі.

Жоғарыда аталаған факторлар кәсіпорынның мүддесіне тәуелсіз айналым капиталын қолдануға әсер етеді. Сонымен қатар кәсіпорын өзінің ішкі резервтері арқылы айналым капиталын қолданудың тиімділігін көтере алады. Айналым капиталын қолданудың тиімділігін бейнелейтін көрсеткіш рентабельділік болып табылады.

  1. Ракөөак*100

Мұндағы, Пөө- өткізілген өнімнен түскен пайда,
С ак- айналым капиталының көлемі.
Бұл көрсеткіш айналым капиталының әрбір теңгесіне келетін пайда мөлшерін бейнелейді.
Айналым капиталын қолданудың тиімділігі бағалау айналымдылық көрсеткіштерін есептеу арқылы жүзеге асады.

  1. Бір айналым ұзақтығы айналым капиталының өндіріс және айналыс сферасында болған уақыттан тұрады. (өндірістік запастарды алудан бастап, өнімді өткізуден түсім ақша түскенге дейін). Басқаша айтқанда бір айналым ұзақтығы өндірістік цикл ұзақтығын және дайын өнімді өткізуге кеткен уақытты қамтиды. Айналым капиталының күндердегі айналымдылығы айналы капиталының көлемін бір күндік айналымға бөлгенге тең.

Айналым капиталының айналымдылығы= С ак/(РП/Д)= ( С ак*Д)/РП=Д/Коб
Айналыс кезеңінің ұзақтығы немесе айналым капиталының бір айналым ұзақтығы аз болған сайын кәсіпорынға соншалықты аз айналым құралдары қажет болады.
Мұндағы, РП-өнімді өткізу көлемі,
Д-күндердегі уақыт ұзақтығы.
Айналым құралдары шеңбер айналымын тезірек жасаған сайын олар соғұрлым тиімді қолданылады. Осылайша капиталдың айналым уақыты жиынтық айналым капиталына жеген қажеттілікті анықтайды.

  1. Айналым жылдамдығы белгілі бір уақыт кезеңіндегі (жыл, тоқсан, ай) айналымдылықтың тікелей коэффиценттері сипаттайды. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның айналым құралдарының 1 жыл ішінде қанша шеңбер айналымын жасағанын көрсетеді.

Коб(айналым саны)=РП/ С ак
Бұл көрсеткіш өткізілген өнім көлемін айналым капиталына бөлгенге тең. Айналым капиталы айналым құралдарының орташа сомасы ретінде алынады. Айналымдылықтың тікелей коэффиценті айналым құралдарының 1 теңгесіне келетін өткізілген өнім мөлшерін көрсетеді. Бұл коэффиценттің өсуі айналым санының артуын білдіріп келесілерге әкеледі:

    • айналым құралдарының әр салынған теңгесіне келетін өткізу көлемі немесе өнім шығару көлемі артады;

    • сол өнім көлеміне айналым құралдарының аз мөлшері талап етіледі. Осылайша айналымдылық коэффиценті айналым құралдарының өндірістік тұтыну деңгейін бейнелейді. Айналымдылықтың тікелей коэффиценттерінің өсуі айналым жылдамдығының артуын, яғни кәсіпорын айналым құралдарын тиімді рационалды қодануын білдіреді.

4. Айналымдылықтың кері коэффиценті немесе айналым құралдарын бекіту коэффиценті. өткізілген өнімнің әр теңгесіне шығындалған айналым құралдарының мөлшерін көрсетеді.
Кбекіту=1/ Коб
Айналымдылық пен бекіту коэффиценттерін салыстыру осы көрсеткіштің өзгеруіндегі тенденцияларды айқындауға мүмкіндік беріп, кәсіпорынның айналым құралдары қаншалықты тиімді қолданылып отырғанын көрсетеді.
Айналымдылықтың көрсеткіштері барлық айналым құралдары бойынша және оның жеке элементтері бойынша (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, өткізілген өнім, есеп айырысудағы құралдар, дебиторлық борыш) есептелуі мүмкін.
Запастардың айналымдылығы=өндірістік шығындар/запастардың орташа мөлшері
Аяқталмаған өндіріс айналымдылығы=қоймаға келіп түскен тауар/аяқталмаған өндірістің орташа жалдық көлемі
Дайын өнімнің айналымдылығы=тиелген немесе өткізілген өнім/ дайын өнімнің орташа мөлшері
Есеп айырысу құралдарының айналымдылығы=өткізуден түскен түсім ақша/орташа дебиторлық борыш
Жоғарыда аталған көрсеткіштер айналымдылықтың жеке көрсеткіштері деп аталады. Айналым құралдарының айналымдылығы жеделдеуі немесе баяулауы мүмкін. Айналымдылық баяулағанда айналымға қосымша құралдар тартылады. Айналымның жеделдеу эффектісі айналым құралдарына деген мұқтаждықтың қысқаруынан көрінеді. Өйткені мұндай жағдайда айналым құралдарын қолдану жақсарады, үнемдеу режимі сақталып, өндіріс көлемі өседі. Сәйкесінше қаржылық нәтиже жақсарады. Айналымның жеделдеуі айналым құралдарының бір бөлігінің босауына алып келеді (материалдық ресурстар, ақша құралдары). Олар өндіріс мұқтаждығына немесе есеп айырысу шотында қор жинау үшін қолданылады. Айналым құралдарының айналымдылығын бұлай ұйымдастыру кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайын жоғарлатады. Айналымның жеделдеуінің нәтижесінде айналым құралдарының босауы абсолютті және салыстырмалы түрде болуы мүмкін.
Айналым құралдарының абсолютті босауы айналым құралдарына деген қажеттіліктің тікелей азаюы. Бұл процесс өнім өндірудің жоспарлық көлемі,. Жоспарлық қажеттілікке қарағанда айналым құралдарының аз мөлшерінде орындалған кезде жүреді.
Айналым құралдарының салыстырмалы босауы жоспарлы қажеттілік көлеміндегі айналым құралдары есебінен өнімді өндіру жоспары асыра орындалған жағдайда жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет