№1 лабораториалыº ж½мыс


ҮЙКЕЛІС КОЭФФИЦИЕНТІН АНЫҚТАУ



бет6/31
Дата11.12.2023
өлшемі5,85 Mb.
#137751
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
ҮЙКЕЛІС КОЭФФИЦИЕНТІН АНЫҚТАУ


Жұмыстың мақсаты: ағаш пен ағаш арасындағы үйкеліс коэффициентін табу.
Құрал-жабдықтар: сызғыш, динамометр, жүктер жиыны, штатив, трибометр.

ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАША ТЕОРИЯСЫ


Үйкеліс күшінің үш түрі бар. Тыныштық үйкеліс күші, сырғанау үйкеліс күші, шайқалу үйкеліс күші. Тыныштық үйкеліс күші денеге сыртқы күштер әрекеті нәтижесіенде дене тыныштықты сақған кезде пайда болады. Сырғанау үйкеліс күші дене басқа денеге қатысты сырғанаған кезде пайда болады. Сырғанау үйкеліс күші дененің қозғалу бағытына қарама-қарсы. Суретке қарандар.
(5.1)
μ- пропорционалдық коэффициенті, немесе үйкеліс коэффициенті, ол әрқашанда 1-ден аз., N - тіректің реакция күші.
Тіректің реакция күші N модуль бойынша салмаққа P тең және қарама-қарсы бағытта болады. Бірқалыпты қозғалыс кезінде салмақ ауырлық күшіне тең
(5.2)
Ньютонның үшінші заңы бойынша, бірқалыпты қозғалыс кезінде үйкеліс күші модуль бойынша тарту күшіне тең және қарама-қарсы бағытта.
(5.3)
Үйкеліс коэффициентін  анықтау үшін (5.1) формуланы қолданады. Үйкеліс күші (5.3), ал тіректің реакция күші (5.2) бойынша анықталады

ЖҰмыстыҢ орындалу тӘртiбi


1.Ағаш білеушені горизонталь орнатылған сызғышқа қойыңыз, оның үстіне алдымен бір, сонан кейін екі-үш жүк қойып, динамометрмен мүмкіндігінше бірқалыпты етіп қозғалта, сызғыштың бойымен тартыңдар. Осылайша тарту күшін табыңдар (бұл үйкеліс күшіне тең).
2.Бұдан кейін білеушені және жүктерді динамометрмен өлшеп (қалыпты қысым күшін) үйкеліс коэффициентін, яғни үйкеліс күшінің F қалыпты қысым P күшіне қатынасын табыңдар. Алынған нәтижелерді 5.1 кестеге жазыңдар.


5.1 кесте

Дененің салмағы

Үйкеліс күші



































































Мұнда дененің салмағы жүктер мен білеушенің салмақтарының қосындысы ретінді анықталады, сондықтан білеушені динамометрмен өлшегенде жүктерімен бірге өлшеу керек.


3.Трибометрдің сызғышына жүктері бар білеушені қойып, содан кейін сызғыштың бір шетін, білеуше сәл түрткенде-ақ төмен қарай бірқалыпты сырғанай бастағанға дейін, бірте-бірте көтеріңдер. Сонда салмақ күшінің құраушы күші болып табылатын қозғалтушы F1 күші шама жағынан үйкеліс күші F-ке тең болады.
4.Үйкеліс коэффициенті салмақ күшінің екі құраушы күшінің қозғалтушы күш F1 мен қалыпты қысым күші F2 –нің қатынасына тең болады.
ал
сондықтан
5.Көлбеу жазақтықтың биіктігі мен табанын өлшеп, сызғыштың көлбеулік бұрышының тангенсі болатын, сонымен қатар үйкеліс коэффициентін көрсететін солардың қатынасын есептеңдер және 5.2 кестеге толтырыңдар.
5.2 кесте

h

α




















































БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Үйкеліс коэффициентін анықтау үшін қандай тəсілдер қолданады?
2. Сырғанау үйкеліс күшін қалай өлшеуге болады?
3. Үйкеліс коэффициентіне жанасу бетінің күйі қалай əсер етеді?
4. Тірнектің реакция күші деген не?
5. Үйкеліс коэффициентін анықтау үшін қандай заңдар қолданылады?
6. Үйкелістің зияны мен пайдасы қандай?
№6 Лабораториялық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет