болатындай етіп оң қолмен өздеріңе ауаның әлсіз ағынын бағыттау
керек. Күкіртсутекпен, хлормен, броммен уланғанда зардап шеккен
адамды ауаға шығару керек.
9.Сынап булары өте зиянды. Сондықтан сынапты мұқият шаңсорғышпен
немесе амальгамданған
таяқшамен жинап алып, сынап төгілгендігі туралы міндетті түрде мұғалімге хабарлаңдар.
10.Сутек, жарқырауық газ, бензин, эфир
сияқты отқа қауіпті заттарды оттан алыс ұстау керек.
11. Ашық ыдысты ешқашан бетіңізге жақын ұстамаңдар. Кейбір
заттардың жағымсыз иісі болады, ал олардың булары көздің,
мұрынның, ауыздың шырышты қабатын зақымдауы, тіпті уландыруы
мүмкін. Заттың иісін анықтағанда терең дем алмаңдар және ыдысқа
өте еңкеймеңдер: ыдысты 15-20 см
қашықтықта ұстаңдар және
жоғарыда айтылғандай алақанның жеңіл қозғалысымен ауаны ыдыс
аузынан мұрынға бағыттаңдар.
1-сурет.
Газ
иісін анықтау
12. Реактивтерді құйғанда бөлшектердің шашырандысының бетке немесе киімге тиюінен
сақтану үшін ыдыс үстіне еңкеймеңдер. Егер қышқыл немесе сілті теріге тисе, оны бірінші
бейтараптау керек, содан кейін судың көп мөлшерімен жуу керек.
13.
Қыздырылатын сұйықтығы бар ыдыстың үстіне еңкеймеңдер, себебі оның
шашырауы мүмкін.
14. Сынауықты қыздырғанда оның саңылауын өздеріңе қаратып немесе адамдарға
қаратып ұстамаңдар.
15. Ішінде сұйықтық бар химиялық стаканды бір орныннан екінші орынға ауыстырғанда
стаканды орамалмен ұстау керек.
16. Кипп аппаратымен жұмыс істеу ерекше сақтықты талап етеді, себебі аппаратпен дұрыс
жұмыс істемесе жарылыс болуы мүмкін. Сондықтан осы аппаратпен жұмыс істемес бұрын
мұғалімнен міндетті түрде нұсқау алып, Кипп аппаратының сипаттамасын жақсылап оқып
алу керек. Кипп аппаратымен жұмыс істегенде мынандай қауіпсіздік ережелерін есте
сақтаған жөн:
а) аппаратқа жақын жерде жанып тұрған жанарғыны ұстауға
немесе оны жақындатуға
болмайды.
б) сутекпен жұмыс істеуді бастар алдында (мырышқа қышқылмен әсер еткенде) аспаптан
атмосфераға үш рет ауаны шығарып, одан соң газдың тазалығын тексеру қажет. Бұл үшін
сынауықты төмен қаратып, оған сутек толтырып алу керек (неліктен сынауықты төмен
қарату керек?). Осыдан кейін сынауықты тығынмен жауып, жанып жатқан жанарғыға
әкеліп, тығынын ашу керек. Егер жаққанда ысқырған дыбыс шықса,
онда сутектің
құрамында ауадағы оттек болғаны. Егер бөлінген сутек таза болса, онда әлсіз дыбыс
шығады. Тәжірибені сутек таза болғанша қайталау керек. Осыдан кейін ғана сутекпен
жұмыс істеуге болады.
17. Концентрлі күкірт қышқылының ерітінділерін сұйылтқанда, оны суға (керісінше емес)
құю керек. Қышқылдармен резеңке қолғап киіп жұмыс істеген дұрыс.
18. Қатты сілтілерді алдын-ала есептелінген су көлеміне жаймен құю арқылы еріту керек.
Күйдіргіш калий мен натрийдің қатты кесектерін таза матаға орап ұсақтау керек.
19. Ашық жалынмен жұмыс істегенде (газды және спиртті жанарғылар) отқа қауіпті
сұйықтары бар ыдыстарды жалыннан 1 м қашықтықта қою керек.
20. Бір ыдыстан екінші ыдысқа тез тұтанатын сұйықтарды (бензин, спирт, эфир және
т.с.с.) ашық жалыннан 3 м - ден кем емес қашықтықта ұстау керек.
21. Концентрлі азот қышқылы кейбір органикалық заттарға әсер еткенде (скипидар, эфир
майлары,
майланған қағаз, ескі-құсқы нәрсе, ағаш ұнтақтары және т.с.с.) тұтанатынын
есте ұстау керек.
22. Кейбір заттардың ерітінділерінің электролитінде барлық электрлік жанасу жақсы
бөлектенген болуы керек, себебі ұшқынның пайда болуы сутек жарылысын тудыруы
мүмкін.
23. Газды жанарғылармен жұмыс істегенде ерекше ұқыптылық керек. Лабораториядан
шыққанда газды жанарғылардың шүмектері жабық па, жоқ па екенін тексеру керек.
24. Отқа қауіпті және жарылғыш заттар қалдықтарын (сілтілік
металдар, қызыл және ақ
фосфор, күкірткөміртек, жанғыш оңай тұтанатын сұйықтар және сол сияқтылар) құбырға
төгуге болмайды. Мұның бәрін мұқият жинау қажет.
25. Қышқыл және сілті ерітінділерін құбырға төгуге болмайды. Лабораторияда
пайдаланылған сұйықтарды төгуге арналған арнайы ыдыс болу керек.
26. Сілтілік металдар (литий, калий, натрий) неғұрлым активті заттар екенін естеріңде
сақтаңдар. Олармен жұмыс істегенде ерекше ұқыптылық керек. Массасы 2 г-ға дейін
сілтілік металдар қалдықтары оларды этил спиртінде еріту жолымен жойылады.
27. Сілтілік металдардың қалдықтары мен сынықтарын жинауға болмайды. Барлық
сілтілік металдар сусыздандырылған керосиннің астында шыны ыдыста сақталуы керек.
28. Жанатын сұйықтар немесе басқа заттар тұтанған жағдайда жанарғыны дереу сөндіріп
электр қыздырғыш аспаптарды өшіріп, өртке қауіпті жанғыш заттарды басқа жерге қойып
сөндірудің мынадай шараларын жасау керек:
а) Жанғыш сұйықтарды талшықтас немесе кәдімгі көрпешемен
немесе құммен жауып
тастау керек.
б) жанған фосфорды ылғал құммен немесе сумен өшіру керек.
29. Киім жанғанда жалынды көрпеше немесе пальтоға орап өшіру керек. Жүгіруге
болмайды.
30. Егер электр сымы жанса, дереу ажыратқышты өшіріп, өртті қолда бар заттармен
сөндіру керек (құм, су, талшықтас көрпешесі, от сөндіргіш).
31. Лабораторияда тіпті өздеріңе белгілі заттардың да дәмін татып көрмеңдер (соның
ішінде ас тұзын, қантты). Техникалық мақсатқа арналған бұл заттардың құрамында адамға
улы қоспалар болуы мүмкін.
32. Егер сендер шыны ыдыста бір нәрсені қыздарған болсаңдар, аспап дайындау үшін
түтікті майыстырсаңдар, жалаң қолмен шыныны ұстауға асықпаңдар:
ыстық шыны
сыртқы түріне қарағанда суық шыныдан еш айырмашылығы жоқ.
33. Лабораториядан шыққанда, әрдайым газды, жарықты, суды өшіруді ұмытпаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: