№1 Лабораториялық жұмыс Қауіпсіздік техникасы. №1- жұмыс. Таразы және таразыға тарту. Мақсаты


АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата27.02.2023
өлшемі342,38 Kb.
#70167
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 Лабораториялық жұмыс

АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
1.Күйіп қалған жағдайда (жанарғы жалынымен немесе қыздырылған заттармен) 
күйген жерді калий перманганатының концентрлі ерітіндісімен сулап, тіпті сол жерге тері 
күрең болғанша калий перманганатының түйірлерін сеуіп қою керек. 
2.Қатты күйіп қалса, дәрігерге көріну керек.
3.Күкіртсутекпен, хлормен, бром буымен, көміртек (ІІ) оксидімен уланғанда зардап 
шеккен адамды таза ауаға шығарып, дереу дәрігер шақырту керек.
4.Егер теріге концентрлі қышқыл немесе сілті тисе, онда зақымдалған жерді дереу 
судың көп мөлшерімен жуып, қышқылмен күйген жағдайда 5% сода ерітіндісімен немесе 
аммиактың сұйытылған ерітіндісімен, ал сілтімен күйген жағдайда сұйытылған 2% сірке 
қышқылының ерітіндісімен жуып, одан соң терінің зақымдалған бөлігі сусымалы болып 
тұрғандығы кеткенше сумен шайқайды.
5.Абайлап және ұқыпты жұмыс істеу қолды шынымен кесіп алудан, ыстық 
заттармен және концентрлі қышқылдар мен сілтілермен күйіп қалудан сақтайды. 
Сынауықтарды және құтыларды қыздырғанда саңылауын өздеріңе немесе жандарыңда 
жұмыс істеп тұрған адамға қаратып ұстауға болмайды, реакция жүріп жатқан ыдыс 
саңылауының үстіне еңкейіп қарауға болмайды.
6.Ыстық қондырғыларға тиіп кетіп, күйіп қалған жағдайда, күйген жерді 2% калий 
перманганатының ерітіндісі немесе 3%-ті таннин ертіндісі сіңірілген дәкемен жабу керек. 
7.Қолды шынымен кесіп алған жағдайда ең бірінші сынықтарын алып тастап, қанды 
2% калий перманганатының ертіндісімен немесе спиртпен жуып, жараға иод тұнбасын 


жағып, дәкемен орап тастау керек. Керекті дәрігерлік заттар әрдайым лабораториядағы 
дәрі сақтайтын қобдишада болады. 
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БЕРІЛГЕНДЕРМЕН 
ЖҰМЫС ІСТЕУ 
1.2.1. Өлшеу нәтижелерін жазу 
Кез келген тәжірибе нәтижесінде сапалық және сандық белгілер алынады. 
Сапалық белгілерді қолдана отырып (түс өзгеруі, температура, тұнба түзілуі немесе еру 
және т.с.с.), бұрыннан белгілі ғылыми теорияларды растайтын қорытындыға келеді.
Сандық берілгендер кейбір факторлар өзгергенде қандай да болмасын қасиеттер 
қалай өзгеретінін көрсететін сан түрінде алынады: мысалы температураны көтергенде 
ерігішік қалай өзгереді, тұз концентрациясын жоғарлатқанда ерітіндінің рН қалай өзгереді 
және т.с.с.
Сандық тәжірибелердің белгілерін математикалық өңдеуден кейін график түрінде 
береді немесе жүйенің берілген параметрінде (мәннің кейбір аралығында) қасиеттерін дәл 
анықтауға мүмкіндік беретін (немесе оқылатын жүйенің кез-келген басқа параметрі) 
формулаларымен өрнектейді.
Жұмыстар мен тәжірибелерді қандай да бір сұраққа жауап беру үшін қояды. Осыған 
байланысты кез келген лабораториялық жұмысқа лекциялар мен оқулықтар бойынша 
алдын-ала жақсылап дайындалу керек. Жұмысты бастар алдында жұмыс журналында 
міндетті түрде тәжірибенің нақты жоспары болғаны дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет