1. Ланцетниктің даму ерекшелігі



бет2/21
Дата18.05.2023
өлшемі366,47 Kb.
#94329
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Прометафаза І. Бөліну ұрығы қалыптасады.
Метафаза І.Биваленттер экватор аймағында жиналып экваторлық пластинканы құрайды.
Анафаза І.Гомологиялық хромосомалар мен хроматидтер ажырап қарсы полюстерге кетеді.
Телофаза І‐ өте қысқа уақытқа созылады, үнемі цитокинез басталмайды. Бұл жағдайда екі гаплоидты ядро бір клетканың ішінде болады.
Интеркинез‐ екі бөлінудің аралығы. Интерфазадан айырмашылығы хромосомдар екі есе көбеймейді, ДНҚ‐ның репликациясы болмайды.
Мейоздың екінші бөлінуі: профаза ІІ, метафаза ІІ, анафаза ІІ, телофаза ІІ‐ден тұрады.
Мейоздың екі бөлінуі нəтижесінде 1 диплоидты клеткадан 4 гаплоидты генетикалық жағынан төрт түрлі клеткалар пайда болады.
Сперматогенез және оның кезеңдері.Сперматозоидтардың дамуын сперматогенездеп атайды. Сперматогенез төрт кезеңге бөлінеді:
1) көбею 2) өсу 3) жетілу 4) қалыптасу (спермиогенез)
Сперматогенездің алғашқы жыныс клеткалары сперматогониялар деп аталады. Олар иректелген түтікшенің ең шетінде жатады. Сперматогониялар өзінің көбею кезеңінде митозбен бөлінеді, мұның өзі олардың санын айтарлықтай көбейтуге əкеліп соқтырады. Сперматогониялардың бірнеше типі анықталған: А‐1 (күңгірт), А‐2 (ақшыл) жəне В‐типі. А‐1 бағаналы (стволовые) клеткалар, А‐2 жартылай бағаналы. А‐1 клеткалар өте сирек бөлінеді де А‐2 клеткаларға айналады. А‐2 клеткалардың бірнеше рет бөлінуі соңында В клеткалар пайда болады. Бөлінетін В‐клеткалар клон құрайды, оның клеткалары əдетте сперматид сатысына дейін цитоплазмалық дəнекерліктермен өзара байланысқан күйінде қалады. Синцитиалдық байланыс бір жағынан клон клеткаларының синхронды дамуын, екінші жағынан олардың гетерогенділігі мен полиморфизмін қамтамасыз етеді, осыдан олардың өмірге қабілеттілігін арттырады. 2. Өсу кезеңінде жыныстық клеткалар бөлінбейді, өсуін күшейтеді, сперматогониялар бірінші реттік сперматоциттерге айналады. Өсу кезеңінде олардың ядроларында күрделі өзгерістер болады, ол мейозды дайындауға əсер етеді. 3. Жетілу кезеңінде клеткалар мейоз жолымен бөлінеді. Мейоздың бірінші бөлінуі екінші реттік сперматоцитті құрады. Екінші бөлінуінен кейін сперматидтер құрылады. Мейоз бөлінуі нəтижесінде хромосомдардың саны екі есе азаяды. Сондықтан сперматидтің ядросы гаплоидты болады.
4. Қалыптасу немесе спермиогенез кезеңінде сперматидтер сперматозоидтарға айналады. Клеткалардың ядролары тығыздалады да, олар клеткалардың бір шетіне орналасады. Оған қарама‐қарсы болып центриольдер шығады. Бірінші проксималды центриоль сперматозоидтың мойнында қалады. Дисталдық центриольдан құйрықтың жіпшесі өсе бастайды. Гольджи аппараты клетканың үш жағынан акросоманы құруға қатысады. Сперматозоид құйрығының аралық бөліміне митохондриялар жиналып, митохондриялық спиральді құрайды. Осы өзгерістердің нəтижесінде сперматидтен ерекше клетка сперматозоид қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет