71.Май клеткалары, немесе липоциттер
Май жасушасы — организмдегі қорланған май ұлпасын түзетін жасушалар. Май жасушасын — адипоцит немесе липоцит деп те атайды. Пішіні дөңгелек келген липоцит цитоплазмасында липидтер түзіледі және қорланады. Липоцит цитоплазмасындағы май тамшысының қүрамына, негізінен үшглицерид (триглицерид) және бүдан басқа, фосфолипид, холестерин, бос май қышқылдары кіреді. Липидтер судан— III бояуымен ашық сары, ал осмий қышқылымен кара түске жақсы боялады. Липоциттер негізінен қан тамырлары маңында топтасып жиналады да, май ұлпасын қүрайды. Эмбрионда май жасушасы мезенхимадан дамып жетіледі. Эмбриондық кезеңнен кейін май жасушасы қан тамырлары маңындағы адвентициальды жасушадан жетіледі. Жануарлар организмдерінде май жасушасы ақ және қоңыр май үлпаларын түзеді. Май тамшьшары — қуат (энергия) көзі.
72.Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты
Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп, жасушалары тығыз орналасқан. Қантамырларын, жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.
Дәнекер ұлпасының бұл түрі адаммен сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер ұлпа терінің астында жатады. Органдардың, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан, коллагендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары : фибробластлар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пигменттік клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткаларыда кезедеседі – лимфоциттер, плазмоциттер, және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты заттан тұрады.
Талшықтар ұлпаға мықтылық пен серпімділікті қамтамасыз ететін қасиет береді. Талшықтарын үш түрін ажыратады: коллагендік, эластиндік және ретикулалық. Коллагендік талшық берік келеді және тармақталмайды. Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан кейін еріп, желімге айналады. Осы қасиетіне қарай коллагендік деп атаған. Эластинді талшықтар эластин белогінен түзілген, физикалық қасиетіне қарай бұларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды. Серпінді талшықтардың қасиеттері коллагендік талшықтарға қарама – қарсы. Олар өте созылмалы және оңай үзіледі.
Фибробластлар борпылдақ, қалыптаспаған дәнекер ұлпасының негізгі жасушалары. Фибробластлар мезенхимадан немесе перициттерден пайда болады. Бұлар – ірі жалпайған көп өсінділі жасушалар. Фибробластлар жасушааралық заттың түрлі компоненттерін синтездейді, бірақ бұлар коллагендік, эластиндік талшықтар мен аморфтық жасушааралық затты түзуші бір ғана жасушалар емес. Жіктеле келе фибробластлар бірте – бірте қартайып, көбею қабілетінен айрылып, фиброцитке айналады. Бұлар даму кезеңі аяқталған фибробластлар. Фиброциттер бөлінбеген мен, жасушааралық заттың белгілі мөлшерін бөлу қабілетін сақтайды. Гистиоциттердің борпылдақ дәнекер ұлпасындағы саны шамамен фибробластлардай болады. Функциясы жағынан фибробластлардан өзге, дәнекер ұлпасының жасушааралық затын құрамайды, трофикалық және қорғаныш рөлін атқарады.
Борпылдақ дәнекер ұлпада гистиоциттер ұсақ қан тамырлары мен май клеткаларының жиылған жерінде байқалады. Қабыну процестері кезінде гистиоциттер қабыну ошағына жиналып, бөгде денелер мен белоктарды фагоцитоздап, лизосомалардың гидролиздеуші ферменттерінің көмегімен оларды қорытады.
73.Жүйке ұлпасы, функциясы.
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке жасушасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді.Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі , одан денесі арқылы аксонға өтеді . Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер ->дене ->аксон . Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады , оны ( нейроглия ) , дейді . Нейроглия нейронды қоршап , қоректік , қорғаныштық , тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады . Кейде нейроглияны нейроның "серік жасушалары " деп те атайды .
74.Ретикулалық ұлпа.
Ретикулалы дəнекер ұлпасы ретикулоциттерден жəне ретикулин талшықтарынан тұрады. Бұл ұлпанын аты латынның "ретикулум" (тор) деген сөзінен шыққан. Құрылысы жағынан мезенхимаға ұқсас. Жасушалары тармақтарымен байланысып тор құрайды. Тордың қуысында ұлпалық сұйық зат болады. Сонымен бірге көп мөлшерде қан жасушалары да кездеседі. Ретикулалық ұлпаның мезенхимадан айырмасы жасушалардың бетінде орналасқан коллаген белогінің фибриллалары мен фибриллаларды байланыстыратын аморфтық жасуша аралық заттың ішінде ретикулалық талшықтар болады.Ретикуло-эндотелиалдық жүйе организмде қорғаныш қызметін атқарады. Ретикулалық ұлпа организмнің көптеген жерінде, əсіресе сүйек майында, көк бауырда, лимфа бездерінде, ішектің кілегейлі кабықшасында, мойынның баданша бездерінде көп болады. Осы ұлпаның қуыстарында гемоцитобласттар жиі кездеседі.
75.Сүйек ұлпасы, түрлері, құрылысы мен қызметі
Сүйек ұлпасы сүйек жасушалары — остеоциттерден және жасушааралық зат — сүйек тақташаларынан тұрады. Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат) 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.
Сүйек ұлпасын түзетін жас жасушаларды остеобласттар деп атайды. Сүйек ұлпасы қаңқа сүйектерін құрайды. Сүйектер сыртынан сүйекқаппен (периост) қапталған. Сүйектер организмде тіректік, механикалық, қорғаныс қызметтерін атқарады және минералдық тұздар мен май алмасуына қатысады.
Дөрекі талшықты (ретикулофиброзды) сүйек ұлпасы - матрикстегі коллаген талшықтарының ретсіз орналасуымен сипатталады. Ол салыстырмалы түрде төмен механикалық беріктігімен сипатталады және әдетте остеобласттар жоғары жылдамдықпен остеоид түзген кезде пайда болады. Әдетте, бұл ұрықтың сүйек тінінің қалыптасуы кезінде, патологиялық жағдайларда - сүйек сынығын емдеу кезінде немесе Пагет ауруы кезінде пайда болады. Остеоциттер денелері бар лакуналардың тұрақты бағыты болмайды. Дөрекі талшықты сүйек тінінде остеоциттердің мөлшері пластикалыға қарағанда жоғары, ал оның матрицасында негізгі зат көп және минералды компоненттер аз болады. Сүйек тінінің қалыпты дамуы мен регенерациясы кезінде дөрекі талшықты сүйек тіндері біртіндеп пластикалыға сүйек ұлпасымен ауыстырылады. Ересек адамда тек бас сүйегінің өскен тігістерінде және кейбір сіңірлердің сүйекке бекінген жерлерінде ғана сақталады.
Пластинкалы сүйек ұлпасы - ересек адамда бүкіл сүйек қаңқасын құрайды. Оның минералданған жасушааралық заты қалыңдығы 3-10 мкм арнайы сүйек пластинкаларынан тұрады, олардың әрқайсысында параллельді жіңішке коллаген талшықтары бар.
76.Ұрықтану. Партеногенез.
Ұрықтану — аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан зиготаның пайда болуы. Ал бұл жаңа организмнің бастамасы болып табылады. Ұрықтану негізіне жынысты көбею және ата-анасынан ұрпағына тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады. Ұрықтану көптеген өсімдіктерге де тән. Оның іске асуына ең алдымен гаметалар дамитын жыныс органдарының түзілуі (гаметангий) әсер етеді. Кейде бұл процесті жыныс процесі деп біріктіріп қарайды. Ұрықтану бактерияларда, көк жасыл балдырларда және саңырауқұлақтарда болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныс процесі әр алуан.
Табиғатта кеңінен таралған жынысты көбеюдің ерекше түр өзгерісі болып табылады. Партеногенез (грекше "партенес"-қыз, "генезис"-туу). Оның мәні ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан жаңа аналық ағзаның дамуы. Бұл әрекет табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі.
Мысалы, дафния және бітеде (көктем,жаз, күздің басында) ұрықтанбаған жұмыртқа жасушаларында партеногенетикалық аналықтар дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар қыстап шығып, көктемде партогенез жолымен көбейе алатын аналықтар қайтадан дамиды. Аталықтар күзде пайда болады. Бұл құбылыс баларада, жабайы арада, өсімдіктерде- "бақбақта", т.б. кездеседі.
Баларада партеногенез басқаша жүреді, ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аталықтар (трутендер), ал ұрықтанғандарынан аналықтар (аналық ара) мен жетілмеген аналықтар (жұмысшы аралар) дамиды. Жоғары және төменгі температурамен әсер ету арқылы жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушалардан жаңа ағзалар дамитыны дәлелденді, бірақ өте сирек кездеседі. Мысалы, бақаның ұрықтанбаған жұмыртқасын 6 градус температурада қыздыра отырып, инемен шұқығанда, сол жұмыртқа жасушадан аналық қасиеттері бар ересек бақа дамыған.
Атақты орыс генетигі Б.Л.Астауров жасанды партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жібек құртын алды.
77.Плацента және оның құрылысына байланысты типтері
Плацента — жоғары сатыдағы сүтқоректі жануарлардың аналық ағзасында ұрықтың даму кезінде пайда болып, жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын арнайы мүше. Плацентаның түзілуі ұрықтың имплантациясы деп аталады. Плацента арқылы ұрық аналық ағзаның қанынан оттек пен қоректік затты алып, оған ыдырау өнімдері мен көмір қышқыл газын бөледі. Плацента ұрыққа қажетті заттардың түсуін белсенді түрде реттеп, дәнекерлік қызмет те атқарады. Плацентадан аналық ағзаға әсер ететін гормондар (гонадотропин, соматомаммотропин, т.б.),ацетилхолин, т.б. заттар түзіледі. Оның бірнеше түрлері (диффузиялы Плацента, дискоидальды Плацента, табақшалы Плацента, бөлініп түсетін Плацента және бөлініп түспейтін Плацента) бар. Ұрықтың дамуының бастапқы кезеңінде хорион қабығының барлық бетінен бірінші реттік, ал кейінгі даму кезеңінде екінші реттік бүрлер түзіледі де, жатырдың кілегейлі қабығына кіріге өседі. Екінші реттік бүрлер ұрық қапшығымен немесе аллантоис қабығындағы қантамырлармен байланысады. Осыған орай Плацента сарыуызды және аллантоисты деп те бөлінеді. Біріншісі кейбір акулаларға, қосмекенділерге, ал екіншісі бауырымен жорғалаушыларға тән. Гүлді өсімдіктерде тұқымбүршіктің жатырға бекитін жерін де Плацента деп атайды.
78.Гаметогенез процесінің ерекшелігі.
Гаметогенез— жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі даму процесі.
Аталық жыныс жасушалары — сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары — овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.
Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.
Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.
Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік сперматоциттерге айналады.
Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.
Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.
Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.
Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезендерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезендерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жүмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.
79.Ұлпалар классификациясы, қызметі.
Ұлпа — өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі. Ұлпалар туралы ғылымды гистология деп атайды. Ұлпа туралы ғылымның негізін салған италия ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н. Грю болған.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер ұлпалары 5 түрге бөлінеді:
Меристемалық. Меристема ұлпасы тығыз орналасқан тірі жасушалардың тобынан тұрады.
қорғаныш. Қорғаныш (жамылғы) ұлпалары өсімдіктің ішкі ұлпаларын сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды.
Механикалық. Механикалық Ұлпалар тіректік қызмет атқарып, жел, жаңбырға төтеп беріп, органдардағы жасушалар мен ұлпаларды, орган бөліктерін біріктіреді. Жасуша қабығының қалыңдап қатаюы, сүректенуі механикалық Ұлпаның анатомиялық ерекшелігінің бірі болып саналады.
Өткізгіш. Өткізгіш Ұлпалар өсімдік денесінде суды, минералдық, органикалық заттарды тасымалдау және органдарды біртұтас жүйеге біріктіру қызметін атқарып, өсімдіктерде түтікті талшықты шоқтарға жинақталады
Паренхималық. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада қызметтер атқарады.
Ұлпалар 4 топқа бөлінеді: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары. Эпителий ұлпасы жабын (тері жабыны) ұлпа мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді (асқазан, ішектер, несепағар, мұрын қуысы, ішкі секреция бездері және т. б.) астарлап жатады. Жасушалары бір-бірімен өте тығыз жанасқан мұндай орналасудың қорғаныштық қызмет атқаруда мәні зор. Жасушаларының пішіндері – жалпақ, төрт бұрышты, цилиндр және т. б.
Шеміршекті дәнекерұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бір-бірімен байланысқан жері, көмекей қақпақшасы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзіледі. Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты болғанымен серпінділік қасиеті бар.
Сүйекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бір-бірімен байланысқан сүйек тақташаларынан (пластинка) түзілген. Сүйекті дәнекер ұлпасының жасушалары тірі, қантамырлар мен жүйкелер торлап жатады. Қаңқа сүйектері түгелдей осы ұлпадан тұрады. Құрамындағы кальций тұзы сүйекке мықтылық қасиет беретіндіктен ағзада сүйектер тірек қызметін атқарады.
Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының (рыхлая) талшықтары бір-бірімен өріліп, жасушалары тығыз орналасқан. Қантамырларын, жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.
Қан – сұйық дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан қанды дәнекер ұлпасына жатқызады.
Қызметі: а) ұлпаларға мықтылық қасиет береді (тығыз талшықты ұлпа);
ә) сіңірлер мен терінің негізін түзеді (тығыз талшықты ұлпа);
б) тірек қызметін атқарады (шеміршекті және сүйекті ұлпа);
в) оттек, қоректік заттармен қамтамасыз етеді (қан ұлпасы).
80.Эмбриондық даму немесе эмбриогенез.
Эмбрион (грек, embryon — ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану — жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда — сулы ортада жүреді.К. Бэр – эмбриологияның негізін қалаушы. Эмбриондық даму кезеңін эмбриология ғылымы зерттейді.
Эмбриогинездің негізгі 4 даму сатылары бар.Бірінші саты бөлшектену, екінші саты гаструляция, үшінші саты нейруляция, төртінші саты органогенез деп аталады. Бөлшектену кезеңі Бөлшектену (лат. flssio — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың (қуысы сұйыққа толған көпжасушалы ұрықтың) түзілуімен аяқталады.Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол: сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула), Құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула, қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады. Гаструляция кезеңі Гаструляция-бұл эмбриональді жасушалардың қозғалу процесі, нәтижесінде ұрықтың 2 немесе 3 қабаты пайда болады.Екі қабатты гаструла сыртқы жапырақ- эктодермадан және ішкі қабат – энтодермадан тұрады. Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында мезодерма дамып жетіледі. Алғашқы мүшелердің қалыптасуы(органогенез) Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды.
81.Қан, лимфа ұлпалары, құрылысы, қызметі.
Қан — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан — ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Қан қан жасушаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.
Қан келесі қызмет атқарады:
асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Лейкоциттер - ядросы бар қан жасушалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан жасушаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан.
Эритроциттер – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер омыртқасыз жануарлардың қанында да болады. Адам Э-інің пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7 – 8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Эритроциттер болады.
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады. Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді.
Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Лимфа — кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкірек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналы- мына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады.
Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |