1. Ланцетниктің даму ерекшелігі



бет7/21
Дата18.05.2023
өлшемі366,47 Kb.
#94329
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Сүйек ұлпасы тірек функциясын атқарады, минералдық алмасуға қатысады, ал сүйектің қызыл майы қанның пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйектердің тамыры мен майында макрофагтарға айнала алатын клеткалар болады. Осыған байланысты олар қорғаныш қызметін де атқарады. Сүйек – клеткалар мен қатты негізгі заттан тұратын известелген дәнекер ұлпасы. Негізгі затының 30% жуығы коллаген талшықтар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал қалған 70% бейорганикалық заттардан түзілген. Сүйектің негізгі бейорганикалық компоненті гидроксиаппатит, сонымен бірге түрлі мөлшерде натрий, магний, калий, хлор, фтор, карбонаттар, мен ниттраттар. Сүйекте минералдық тұздардың көп болуы оның оның мықтылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге қан мен басқа органдардағы кальциймен фосфордың қалыпты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек ұлпасында организмде болатын барлық кальцийдің 97%дерлігі жинақталған. Кальций инертті материал емес. Сүйекте үнемі күрделі өзгерістер жүріп жатады. Кальций жетіспеген жағдайда қаңқаның дамуында елеулі бұзылыстар байқалады. Сүйектің құрамында көп мөлшерде су мен липидтер болады. Сүйек ұлпасының клеткалары остеобластлар, остиоциттер және остеокластлар. Остеоциттер жұлдыз пішінді көп өсінділі клеткалар. Қалыптасқан ұлпада остеоциттер бөліну қабілетінен айрылған, жоғары дәрежеде мамандалған клеткалар. Негізгі затының тығыз болуына байланысты клеткалары ерекше қуыстарда орналасады. Қуыстардан каналшықтар тарайды. Көршілес клеткалардың каналшықтары бір – біріне ұласып, жалғасып жатады. Сүйек каналшықтары мен сүйек қуыстары арқылы ұлпаның метаболизмын қамтамасыз ететін ұлпалық сұйық ағып тұрады.
33.Лимфа.
Ұлпалық сұйық пен қан плазмасының арасында үнемі заттардың алмасуы жүріп отырады.Омыртқалылардың организмде қан тамырлар жүйесінен басқа лимфалық жүйе болады.Лимфалық жүйенің тамырлары лимфалық капиллярлармен дәнекер ұлпасымен тұйықталып аяқталады. Лимфа тамырлары тіндерден түтікшелерде немесе капиллярларда соқыр ұшымен және бір жасушалық қабатпен пайда болады.
Бұл капиллярлар лимфа тамырлары, жинайтын магистральдар және лимфа жолдары арқылы ағып кететін торды құрайды. Олар қан капиллярларына қарағанда көлемдірек болады және проксимальды түрде созылған сайын олардың диаметрі біртіндеп артады.
Осы капиляярлардың жұқа қабырғасы арқылы ұлпалардан ұлпалық сұйықтық өтеді.Лимфалық плазма күйінде лимфалық тамырлармен ағып ең ақырында веналық жүйемен қосылады.Лимфалық жол жөнекей лимфалық түйіндер арқылы өтіп лимфациттер мен моноциттерге байыды.Лимфаның құрамында дәнді лейкоциттер мен аздаған мөлшерде эритроциттер де кездеседі.Сонымен лимфа құрамында түйіршіксіз лейкоциттер бар ұлпалық сұйық болып есептеледі.Химиялық құрамы жағынан қаннның плазмалық жақын,бірақ белоктар аз болады.Глобулиннен альбумин көп:диастаза липаза ферментімен гидролиздеуші ферментте болады.Лимфа плазмасының құрамында нейтральды майлар ,жабайы қанттар мен минералдық тұздар бар.
34.Адам ұрығының дамуы

Адам ұрығының дамуы.

Средний

№2

28-қар-15 08:57:43







35

Ішкі орта ұлпалары. 

Средний

№2

28-қар-15 08:58:14

36

Нейрулану.

Средний

№2

28-қар-15 08:58:33

37

Құстардың дамуы.

Средний

№2

28-қар-15 08:59:14

38

Сүтқоректілерде плацентаның түзілуі.

Средний

№2

28-қар-15 09:00:09

39

Білікті органдардың дамуы.
























Әйелдердің жұмырқа клеткасында сарыуыз болмайды. Жұмырқалықтан (яичник) шығар кезінде жұмыртқа үш қабаттан, бірінші сары уыз қабаты – цитоплазманың үстіңгі қабаты, екінші жылтырауық қабаты (zona pellucida - фолликулярлы эпителий), үшінші клеткалық қабат (corona radiata - сәулелі шоғыр) фолликулярлы клеткалардан тұрады. Ұрықтануы жұмыртқа өзегінің жоғарғы бөліктерінде өтеді.
Адамның жұмыртқа клеткасы толық бөлшектенеді, бірақ бластомерлердің ірі күңгірт және ұсақ ақшыл бластомерлерге ерте бөлінуіне байланысты бөлшектену асихронды жүреді. Адам ұрығының дамуында ұрықтың қалыпсауынан бұрын амнион сауытының қабырғасын құрайтын эктодерма қатар орналасқан энтодермамен мезодерма материалының – ұрықтан тыс жапырақшалары болатыны белгілі.
12-ші, 15-ші күндердің аралығында білікті органдар қалыптаса бастайды. Бірінші айдың аяғында сары уыз қапшығы бөлініп сабақшаның түзілуі аяқталады. Ұрықтың денесі ұрықтан тыс бөлімдерден бөлінгенше аллантоис қалыптаса бастайды. Сары уыз қапшығы мен аллантоис жойылған соң кіндік арқаншасының құрамына тек қана ұрықтық кіндік артериясы мен вена ғана кіреді. Төртінші аптадан бастап екінші бүрлер пайда болады. Бүрлер жатынның қабырғасына еніп, аналықтың қанымен тікелей байланысады, ұрықтың денесі ерекшеленіп, жеке органдар түзіле бастайды. Екінші айдың соңында бет бөлімдері белгіленеді. Көз ойықтары кірпіктерімен еріндер бөліктенеді. Қол-аяқтар, саусақтар құралып, ішкі органдар дами бастайды. Адам ұрығына тән сыртқы пішін дамудың осы екінші айында пайда болады. Ары қарай ұрық қарқындап дамиды, бірақ оның пішіні баяу өзгереді.
35.Ішкі орта ұлпалары
Ішкі орта ұлпалары үлкен топ болғандықтан және атқаратын қызметтерінің әр түрлілігіне байланысты қан, лимфа, шеміршек, сүйек және дәнекер ұлпасы болып жіктелінеді. Сұйық қан мен қатты сүйек ұлпалары бола тұра, олардың бір-біріне ұқсас екендігі көрініп тұрады. Аталған ұлпалардың барлығы өздерінің бастамасын мезенхимадан алады, және бұл ұлпаларды аралық заттар көптеп орналасқан. Қызметтерінің әр түрлігіне – трофикалықтан басқа бұл ұлпалар тіректікте қызмет атқарады.
Трофикалық қызметке – қан, лимфа жатса, тіректік қызметке – сіңір, шеміршек және сүйек ұлпалары жатады. Ал нағыз дәнекер ұлпасының өзі атқаратын қызметіне, құрамына байланысты борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы болып бөлінеді.
Қан және лимфаның трофикалық маңызына байланысты ол сұйық аралық заттардан – плазмадан және ондағы форменді элементтер, қан түйіршіктері – эритроциттер, лейкоциттерден және қан пластинкаларынан тұрады. Қанның трофикалық қызметіне қоса қорғаныштық маңызы да бар. Қан организм денесіндегі барлық ұлпаларға зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Адамдардың 1 мм3 қанында 4,5 – 5 миллион эритроцит, 6 – 7 мың лейкоцит болады. Сондықтан адам денесіндегі 1 лейкоцитке – 600- 700 эритроцит тура келеді.
Эритроцит организмде тотығу процесіне қажетті оттегін таратып, көмір қышқылын организмнен шығару қызметін атқарады. Эритроцитті клетка деп санамай қанның қызыл түйіршіктері деп атайды, оның формасы өзгермелі келеді. Оттегінің таралуы эритроциттің негізін құрайтын тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы орындалады. Гемоглобин - өте күрделі, құрамына темір кіретін белокты түзіліс. Эритроциттің тіршілігі өте қысқа, орта есеппен адам эритроциті 130 күн тіршілік етеді.
Лейкоциттер амеба тәрізді қозғалысқа қабілетті ядросы бар клетка. Лейкоциттердің саны тағамның және жұмыс істеудің әсерінен көбейіп тұрады. Лейкоциттер санының көбеюін лейкоцитоз деп атайды. Лейкоциттер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар: гранулоциттер (түйіршікті лейкоциттер) – нейтрофильдерге, зозинфилдерге, базофилдерге бөлінеді, агранулоциттер (түйіршіксіз лейкоциттер) – лимфоцит және моноцит болып екіге бөлінеді.
Тромбоциттер – қан пластинкалары, бұлар бұрыс формалы майда денешіктер. 1 мм3 қанда 150-300 мыңға дейін тромбоциттер болады. Тромбоциттердің формасы тұрақсыз және санының құбылып тұруы орта жағдайының өзгерістеріне өте сезімтал болып келеді, қанның ұюын жылдамдатады.
Қанның жасалуы. Қан клеткаларының бір бөлігі өліп, жаңа клеткамен жаңартылып отырады. Адамның қан шеңберінде орта есеппен алғанда күніне барлық эритроциттердің 1130 бөлігі өліп, ол төрт айдың ішінде толық жаңартылады. Лейкоциттер үнемі өзгеріске ұшырап отырады, қан тамырынан дәнекер ұлпасына ауысып, әртүрлі жағдайларға байланысты белгілі бір уақыт тіршілік етуі мүмкін. Өлген эритроциттер мен лейкоциттердің жаңартылуы организмнің тіршілігінде болатын қан жасалу процесіне байланысты. Эмбриологиялық кезеңде қан ұлпа есебінде дамиды. Осыған байланысты ұрықтық кезеңдегі қан жасалу және ересек организмлегі қан жасалу болып екәге бөлінеді.
Плазманың 90 пайызы су, 7 пайызы белок, 3 пайызы органикалық және бейорганикалық қосылыстардан тұрады. Қанның ұю процесінде фибриноген деп аталатын белоктің айырықша маңызы бар. Фибриногеннің фибринге айналуы тромбоген тромбинге ауысқан жағдайда жүзеге асырылады, түзілген фибрин бұзылған қан тамырларын бекітіп қанның ағысын тоқтатады.
Лимфа құрамы жағынан қан сияқты сұйық плазма.Оның сұйығы үлкен және орта лимфоциттер мен моноциттер болады. Лимфа да қан сияқты түтіктер бойымен ағады, оның капиллярлы дәнекер ұлпасы тұйық бітетін лимфа жүйесін түзеді. Әр қан тамырларының бойында лимфа бездері топтасып орналасады. Лимфа сол бездерден шығатын лимфоциттер мен моноциттерге молығып отырады.
Дәнекер ұлпалы түзілістер жоғары сатыдағы жануарлардың организімінде көп кездеседі. Олар эпителийдің астын төсейді, органдардың қабығын түзіп, органдағы ұлпалардың аралық қабаттарын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары дәнекер ұлпа арқылы қоректенеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуды жүзеге асыратын орын болып табылады. Ол қанмен бірге трофикалық және қорғаныштық маңызы бар біртұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ұлпа механикалық қызметті атқарады. Дәнекер ұлпасының гистологиялық құрылымы және атқаратын қызметіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.
 клеткасы көп ретикулярлы ұлпа
 клеткалық элементтерімен механикалық түзілістері бірдей дамыған болбыр дәнекер
ұлпасы (қалыптаспаған)
 механикалық түзілістен тұратын (қалыптасқан) тығыз дәнекер ұлпасы
Дәнекер ұлпалардың беріктігін жүзеге асыратын көп түрлі
механикалық элементтер тек аралық затта ғана дамиды. Аралық заттар көптеген әртүрлі
талшықтар мен аморфты заттардан тұрады. Сыртқы түріне, физикалық-химиялық қасиетіне, физиологиялық маңызына қарай талшықтар коллагенді, эластикалық, ретикулярлы болып үш түрге бөлінеді.
Болбыр дәнекер ұлпа тәртіпсіз орналасқан эластикалы және коллаген талшықтардан тұрады. Талшықтар мен аморфты заттың пластинкалары арасында көп түрлі дәнекер ұлпалы клеткалар – фиброластар, гистиоциттер, камбиалды клеткалар, май клеткалары, пигментті және плазматикалық клеткалар мен әртүрлі лейкоциттер орналасады.
Фибробласт - дәнекер ұлпасының көптеген түрінде кездесетін негізгі клеткалық форма, ұзын тармақтары бар, протоплазмасы мен ядросы айқындалмаған созылыңқы клетка.
Гистиоцит – дәнекер ұлпаларының екінші бір тұрақты клеткалық формасы, оның негізгі сипаты формасының өзгергіштігі. Гистиоциттердің маңызды қасиеттерінің бірі қоршаған ортаға түскен бөгде заттарды жою қабілеті, ішкі зат алмасуда да маңызы бар. Олар ретикулярлы ұлпалардан және қаннан шығатын лимфоциттер мен моноциттерден дамиды.
Камбиалды клеткалар әр түрлі бағытта дамитын клеткалар, созылғыш жіңішке тармақтары бар, ядросы күшті боялатын клетка.
Ретикулярлы элемент ядросының жан-жағында клетка орталығы, хондриосомдар, ішкі торлы аппарат анық көрінеді, ретикулярлы ұлпа деп сол торларға байланысты ғана айтылған. Ретикулярлы ұлпа бүйрек, тері ұлпаларының және шырышты қабықтардың құрамына кіреді. Қан жасайтын органдарда, сүйектің қызыл миында, лимфа бездерінде өте көп кездеседі. Дәнекер ұлпаларындағы ретикулярлы-эндотелиалды жүйе организмде қорғаныштық қызмет атқарады.
Қан мен болбыр дәнекер ұлпасының тұтастығы талаурау процестерінде, яғни ұлпаға бөгде заттың түсуі немесе оның бұзылуы өлі участок некроз ордасын түзген кезде айқын көрінеді. Талаурау аймағын бактериялардан нейтрофильдер, ал өлі ұлпалардан макрофагтар тазартады.
Қалыптасқан дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар, басым бөлігі – талшықтар, клеткалары өте аз болады.Тығыз дәнекер ұлпа тарамыстарды, сіңірлерді құрайды.
Тарамыстар – организмде етті сүйекке байланыстырып тұрады. Олар көбінесе коллаген талшықтарынан, аз мөлшерде эластикалық талшықтардан тұрады. Колаген талшықтары созылу бағытына қарай көлденеңінен ретпен орналасып, шоғырлар түзеді. Тарамыстың өзі дәнекер ұлпалы қабықпен қоршалады. Талшықтардың шоғырларын бөліп тұратын дәнекер ұлпалары қан тамырларына бай болып, тарамысты қоректендіріп тұрады. Онда көптеген камбиалды элементтер орналасып, тарамыс бұзылғанда оны қалпына келтіріп отырады.
Серпімді сіңірлер – серпімді талшықтардан тұрады, олар ұзына бойына орналасқан, бірақ шоғырлар түзбейді. Талшықтар арасындағы болбыр дәнекер ұлпа сіңірлерді біртұтас ұлпаларды біріктіріп тұрады. Сіңірлердің серпімділігі күшті, олар организмде тек жиырылуға ұшырайтын органдарда кездеседі. Серпімді талшықтардың түсі сары болғандықтан сары сіңірлер деп атайды.
Шеміршек ұлпасы қаңқа ұлпалар құрамына кіріп, организмге механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің құрамындағы негізгі заты тығыз болып, ол беріктілікті қамтамасыз етеді, серпімділікті сақтайды. Сүйектердің бір-бірімен тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Шеміршектер төменгі сатыдағы омыртқалылар мен жоғары сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін құрайды. Ересек адамдар организмінде шеміршектер сүйек буындарының үстін қабаттап, қабырғалардың ұштарын, кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронханың және құлақтың қалқанын құрайды. Шеміршек ұлпасының аралық заттары тығыз болғандықтан нерв, қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды. Аралық заттың құрылысына байланысты шеміршектер гиалинді, серпімді және талшықты болып үшке бөлінеді.
Гиалинді шеміршек ұлпаның ең көп тараған түрі. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді, түсі мөлдір болады. Шеміршектің клеткалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады, дөңгелек болып келеді. Шеміршектің клеткалары бір ядролы кейде екі ядролы болады, жіп тәрізді айқын көрінетін митохондриялары, клетка орталығы және ішкі торлы аппарат жақсы байқалады. Шеміршектің аралық заты біркелкі болмайды, арнаулы өңдеуден өткізгенде ғана фибрилдерді көруге болады. Шеміршектің аморфты заттары протеиндерден, хондриотинокүкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Есейген шеміршекте әк тұздары көп жиналып, кәрі шеміршек омырылғыш келеді.
Серпімді шеміршек негізінен гиалинді шеміршекке ұқсас келеді. Клеткалары капсуламен қоршалып, изогенді топтар түзеді. Серпімді шеміршекте серпімді талшықтар негізгі заттың базофильді бөлімдерінен таралып, соларды торлап жатады. Серпімді шеміршектердің түсі солғын сары болады, құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.
Талшықты шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығы олардың негізгі затының коллагенді талшықтары шоғырларға жинақталған. Талшықты шеміршек гиалинді шеміршекке немесе қалыптасқан дәнекер ұлпасына ауысып отырады. Талшықты шеміршектерден омыртқа аралық дискілер тұрады, шеміршек ұлпасының сыртқы қабатын құрайды. Клеткалары митоздық бөліну қабілетін сақтайды, соның ерекшелену есебінен шеміршектің өсуі мен зақымданғанда қалпына келуі жүзеге асырылады.
Гиалинді шеміршек басқа дәнекер ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Даму синцитиалды мезенхима участоктерінің тығыздануынан басталады. Клеткалар жымдасқан сайын оларды жуып тұратын ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді, онда шеміршектің аралық затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан коллаген талшықтары дамиды және шеміршектің екі негізгі бөлімі – аралық заты, клеткасы айқындалады. Қалыптасқан шеміршектің бұдан кейінгі өсуі және артуы оны қоршаған мезенхима ұлпасының есебінен орындалады. Мезенхиманың клеткалары бөлініп,саны артып,біртіндеп негізгі заты ерекшеленетін тығыздалған бөлімдер түзеді, ал клеткалары шеміршек клеткасына ауысады. Қалыптасушы ұлпаның үстіне жас ұлпаның жаңа қабаттары салыну жолымен шеміршек өсіп, оның көлемі ұлғаяды.

Сүйек ұлпасы денедегі ең тығыз ұлпалардың бірі. Сүйек пен шеміршек организмнің денесінің скелетін және формасын белгілейді. Сүйектің аралық заты аморфты заттан және коллаген талшықтарынан тұрады. Осы заттардың орналасуына байланысты – торлы талшықты және пластикалы құрылысты сүйектерге ажыратылады. Жуандығы әр түрлі, негізгі заты тәртіпсіз, бір-бірін қиып өтіп орналасса, ондай сүйекті – торлы талшықты деп, ал өте жұқа және күрделі құрылысты болып келсе, онда оны – пластикалы сүйектер деп атайды. Пластикалы сүйек дұрыс орналасқан тығыз коллаген талшықтары шоғырланған сүйек пластинкаларынан тұрады. Пластикалы сүйектің пластинка аралық фибрилдері әр бағытта болып, бір-біріне кесе көлденең орналасады, осындай күрделі құрылым сүйектің беріктігін сақтайды.


Сүйектің 67% анорганикалық заттар мен судан, 33% - органикалық заттардан тұрады. Сүйектің талшық түзілістері қайнатқанда желім беретін оссеин деп аталатын органикалық заттан тұрады. Сүйекті күйдіргенде оның органикалық заттары күйіп, тек формасын сақтайтын анорганикалық заттары қалады. Егер анограникалық қышқылдардан өткізсе, онда кальций тұздары еріп, органикалық заттары қалады. Жас ұлғайған сайын анорганикалық тұздардың мөлшері көбейіп, кәрі адамның сүйегі морт сынғыш келеді.
Сүйек ұлпасының аралық затында - остеоциттер деп аталатын сүйек клеткалары орналасады, олар жұлдызша тәрізді, сәл созылыңқы және жазықтау болып келеді. Жай көзбен қарағанда сүйек заты кейде болбыр,кейде тығыз болып көрінеді, соған байланысты сүйек заты тығыз және кемікті болып келеді. Екеуінің де құрылысы пластинкалы, айырмашылығы пластинкаларының аз не көп болуында.
Сүйектердің барлығы, буындасатын жерден басқасы, сүйек қабығы немесе периос деп аталатын дәнекер ұлпалы қабықпен қапталады. Ол ішкі және сыртқы қабаттардан тұрады. Ұрықтың барлық сүйектерінің қуыстары қан жасайтын орган сүйектің қызыл миына толы болады. Ол ретикулярлы ұлпадан тұрады.
Сүйек екі жолмен дамиды. Жақ және бас сүйектері ұрықтық дәнекер ұлпасынан тікелей дамиды. Омыртқа, аяқ,қол сүйектері, бастың қарақұсы және басқа бөлімдері алғашында шеміршек болып қалыптасып, біртіндеп сүйекке айналады. Екеуінің де даму процесі бір, ал сүйек түзілуінің көзі- мезенхима болады.
36.Нейрулану
Адам мен хордалы жануарлар ұрықтарында нерв түтігінің түзілу процесін нейрулалану дейді. Дамудың бұл кезеңі нейрула деп атала- тын эмбриондық даму кезеңінде жүреді, гаструлалану процесі аяқтал- ғаннан кейін. Нейрулалану ұрықтың арқа бетінде эктодерманың қалындап нерв пластинкасының пайда болуынан басталады. Нерв плас- тинкасының жиегі түріліп науашық құрап кейін нерв түтігіне айнала- ды. Нерв түтігінің алдыңғы бөлігі миға, мойын мен тұлға аймағындағы бөлігі жұлынға жіктеледі. Нерв түтігінің каналы орталық жұлын ка- налына айналады. Нерв түтігі тері эпителийіне айналатын эктодерма- ның қалған бөлігінен бөлінеді де, тері эктодермасының астында қалады.
Нейрулалану кезінде біліктік органдардың - хорда мен соммит- тердің, пайда болуы және басқа эмбриондық бастамалардың оқшау- лана бастайтыны байқалады. Біліктік органдардың түзілуі хордалы- лардың бәріне тән. Нейрулалану барысында мезодерманың клеткала- ры клеткалардың төрт жиынтығын құрайды. Олар мына төмендегі бас- тамаларды береді: хорданы, сегменттелген мезодерманы, немесе сомиттерді, нефротомды және бүйір пластинкаларын, немесе сегмент- телмеген мезодерманы, я болмаса спланхнотомдарды. Спланхнотом клеткалардың екі қабатына немесе екі жапырақшаға ыдырайды - сырт- қы, немесе париетальдық және ішкі, немесе висцеральдық жапырақ- шаларға. Осы екі жапырақшаның арасындағы куыс дененің екінші қуысы, немесе целом. Хорданын екі жанында орналасқан мезодер- маның клеткаларының жиынтығы сегменттелген мезодерма, немесе сомиттер.
37.Құстардың дамуы
Құстардың ұрығының дамуы ланцетникпен қосмекендікілерден суда емес сыртта, жұмырқаның әк қабығының ішінде өтеді. Қабықтың ішінде ұрықтың дамуына қажетті қоректік заттар мен сыртқы ортадан бөліп тұратын қатты қабаты болады. Құстардың жұмыртқа клеткасы сары уызға бай болады. Жұмыртқа клеткасының сары уыздан бос – ұрықты бөлігіне және сары уызға бай – қоректік бөлігіне айқын бөлінуі майдалануды күрделендіреді. Жұмыртқаның мұқыл жағында жарғақ қабықтар бір-бірінен бөлініп, олардың арасы ауаға толады да, ауа камерасын түзеді. Ұрық ауа камерасы арқылы оттегін қабылдайды, көмір қышқыл газы сыртқа шығарылып отырады. Құстардың сары уызы мен белогы жұмыртқаның дамуының бастамасын береді. Майдалану жұмыртқа жолында өтеді.
Гаструляция сары уыздың мөлшері мол болғандықтан, сары уызды ұрықсыз және уызсыз ұрықты бөлімдерден тұрады. Гаструляция дисканың ішкі қабатының қабаттасуы арқылы түзіледі. Құстардың энтодермасының дамуы дискоидалды типті өтетіндіктен ұрықтың басқа клеткаларына ерте бөлініп кетеді. Сондықтан хорда мен мезодерманың қозғалуы энтодермаға байланыссыз жүреді. Құс жұмыртқасының дамуы жұмыртқа жолында басталады да, сыртқа шыққаннан кейін белгілі бір ылғалдылығы және температурада немесе тауықтың өзі басуы нәтижесінде дамиды. 12 сағаттан кейін ұрық дискасында өзгерістер байқалады, яғни ұрық дискасының ортасында ұрық дамитын ұрық қалқаншасы бөлінеді. 1 тәуліктен кейін клеткалық материалдар ұрық қалқаншасының айналасына жинақталып, ұрық қалқаншасында алғашқы жолақ және гензен түйіндісі түзіледі. Жолақ клеткаларының бір бөлімі ішіне ауысып, энтодерма мен эктодерманың аралығына орналасады. Мезодерманың орта бойымен ауысуына байланысты онда ойықтар пайда болады да, кейіннен алғашқы жұлынға айналады. Гензен түйінінде бас шұңқыры деп аталатын ойық пайда болады. Бұдан кейін ұрықтың дамуы гаструла дәуіріне ауысады. Эктодерманың астында алғашқы жұлға материалынан түзілген тығыз бас тармақ пайда болып одан хорда дамиды.
Алғашқы жұлғадан хорданың екі бүйіріне және ұрық денесінің алдыңғы бөліміне қарай мезодерманың бастамасын түзейтін екі қанат тәрізді клеткалық материалдар өседі.
Ұрықтың бұдан кейінгі дамуында жұмыртқа материалының ерекшеленуі және органдардың түзілуі жүреді.
Сары уыз қабығының қабырғасындағы қан тамырлары тек сары уыздың пайдалануын қамтамасыз етеді. Ұрық дамыған сайын сары уыз арқылы қоректеніп, біртіндеп сіңіреді, сары уыз қапшығы кішірейіп, қалдығы кіндік тесігі арқылы ұрық ішіне тартылып кетеді.
38.Сүтқоректілерде плацентаның түзілу
Жануарлардың судан құрғақтыққа шығуына байланысты оларды қоршаған орта жағдайы өзгеріп, ұрықтарының дамуы құстар мен рептилийдегі сияқты жұмыртқа ішінде немесе сүтқоректілердің көпшілігінде арнаулы орган –жатырда өтетін болған. Бірінші жағдайда дамуға қажеті қоректік заттарды жұмыртқадағы сарыуыз бен белоктан, ал екінші жағдайда ұрықтың қорегі ана организімінен алынады.. Сүтқоректіліердің көпшілігінің жұмыртқасы эволюция процесінің нәтижесінде сарыуызын жойғандықтан ланцетниктің жұмыртқа клеткасы сияқты өте кіші болады. Көпшілік сүтқоректілер мен адамдардың жұмыртқасы сары уызды жойғаннан соң, ұрыққа қажетті қоректік заттарды аналық организмнің өзі қамтамасыз етеді.
Майдалану толық, бірақ біркелкі болмайды, дамуы меробластикалық типпен жүреді.
Сүтқоректілер жануарлар дүниесінің кеңінен тараған тобы болғандықтан, олардың ұрықтарының (эмбрионның) дамуы да алуан түрлі. Қазіргі сүтқректілердің ең жабайысы ехидна мен үйрек тұмсық. Бұлар рептийлердің көпшілігіне тән көбею және даму тәсілін сақтаған. Бұлардың жұмыртқа клеткасы өте ірі болады (сарыуыз диаметрі 0,5 см дейін). Ехидна денесінің бауыр бетінде болатын қалтаға көбіне бір жұмыртқа салады. Үйрек тұмсықта қалта болмайды, інге салған бірнеше жұмыртқаларын басып жетілдіреді. Жұмыртқадан шыққан балалары анасының тері безінің сүтке ұқсас секретімен қоректенеді. Сүтқоректі жануарлар, ехидна мен үйрек тұмсықтылардан (жұмыртқалағыштар) басқалары тірі туады. Құрсақтық даму кезеңдері түрлі сүтқоректілерді түрліше және ұрықтың ана организімімен байланысының түрі де бірдей болмайды. Қалталылардың құрсақтық даму кезеңі өте қысқа және ұрықтың жатырыдың кілегей қабықшасымен байланысы жабайы. Қалталылардың кейбір түрінде (қалталы борсық немесе бандикут) төл қабығының қабырғасы жатырдың кілегей қабықшасының ойындысына кіріп тұратын өсінділер құрайды, сондықтан қалталылар балаларын шала туады. Кейбір қалталылар өз балаларын қалтасында жетілдіреді.
Жоғары сатыдағы сүтқректілердің жұмыртқасында сарыуыз кірінділері жоқ деуге болады, оларда дамудың бастапқы кезеңінде органикалық, бейорганикалық заттар болмайды да ұрық өзінің дамуына қажеттің бәрін ана организімінен алады.
Плацента адамдармен приматтарда ең жоғарғы дәрежеде дамиды. Ұрықпен аналық организм арасындағы қарым-қатынастың ең қарапайым түрі қалталы жануарларда кездеседі. Қалталыларда ұрықтың дамуына қажетті заттарды хорионның эпителийі ұрықтың денесіне қан тамырлары арқылы жеткізеді. Сондықтан, қалталыларды
аплацентарлы жануарлар деп атайды. Қалған сүтқоректілердің ұрығы анасымен тығыз байланысып плацента түзеді.
Плаценталылар – эпителиохориалды, десмохориалды, эндотелиалды және гемохориалды болып бөлінеді. Эпителиохориалды немесе жартылай плацента шошқа, жылқы, түйе, бандикут және кейбір сүтқоректілерде кездеседі. Байланыстың бұл түрінде хорионы жатырдың кілегей қабықшасының эпителийіне жанасып қана тұрады. Туу кезінде бүрлер жатырды бүлдірмей өз ойықтарынан шығады. Туу ауыртпалықсыз, қан кетусіз орындалады. Десмохориалды немесе дәнекер ұлпалы плацента (грекше desmos - байланыс, дәнекер ұлпасы) - күйістілерге тән. Энтотелиалды плацента – жыртқыштарда кездеседі. Гемохориалды (грекше haima -қан) плацента – кейбір насеком жеушілерге, жарқанаттарға, кемірушілерге және барлық приматтар мен адамдарда кездеседі. Планцетаның бұл типінде хорион жатыр кілегей қабықшасының эпителийі мен дәнекер ұлпасын ыдыратып қана қоймай, оның тамырын да зақымдайды, трофобласт ана қанына батып тұрады. Туу кезінде көп қан ағады, жатыр эпителийінің кілегей қабықшасы бөлініп түседі. Регенерация процесі ұзаққа созылады.
39.Білікті органдардың дамуы
Адам мен хордалы жануарлар ұрықтарында нерв түтігінің түзілу процесін нейрулалану дейді. Дамудың бұл кезеңі нейрула деп алатын эмбриондық даму кезеңінде жүреді, гаструлалану процесі аяқталғаннан кейін. Нейрулалану ұрықтың арқа бетінде эктодерманың қалыңдап, нерв пластинкасының пайда болуынан басталады. Нерв пластинкасының жиегі түріліп науашық құрап кейін нерв түтігіне айналады. Нерв түтігінің алдыңғы бөлігі миға, мойын мен тұлға аймағындағы бөлігі жұлынға жіктеледі. Нерв түтігінің каналы орталық жұлын каналына айналады. Нерв түтігі тері эпителийіне айналатын эктодерманың қалған бөлігінен бөлінеді де, тері эктодермасының астында қалады.
Нейрулалану кезінде біліктік органдардың – хорда мен сомиттердің пайда болуы және басқа эмбриондық бастамалардың оқшаулана бастайтыны байқалады. Біліктік органдардың түзілуі хордалылардың бәріне тән. Нейрулалану барысында мезодерманың клеткалары клеткалардың 4 жиынтығын құрайды. Олар мына төмендегі бастамаларды береді:
1. хорданы,
2. сегменттелген мезодерманы немесе сомиттерді,
3. невротомды
4. бүйір пластинкаларын немесе сегменттелмеген мезодерманы, я болмаса спланхнотомдарды.
Спланхнотом клеткалардың екі қабатына немесе екі жапырақшаға ыдырайды – сыртқы немесе париеталдық және ішкі немесе вицералдық жапырақшаларға. Осы екі жапырақшаның арасындағы қуыс-дененің екінші қуысы немесе целом. Хорданың екі жанында орналасқан мезодерманың клеткаларының жиынтығы сегменттелген мезодерма немесе сомиттер.
Хорда (гр. chorde — желі) — өте тығыз, бір-бірімен жанаса орналасқан көпіршікті клеткалардың жиынтығынан тұратын серпімді мүше. Ол хордалы жануарлардың арқа жағында ұзына бойы созылып жатады және ішкі қаңқаның қызметін атқарады. Хорда ұрық дамуының алғашқы кезеңінде ішектің артқы тұсынан, алдыңғы шеті тұйық өскін түрінде біртіндеп пайда болады. Ол эктодермалық ұрық жапырақшасынан түзіледі. Хордаға жан-жағынан өзара бір-біріне ұқсас бұлшықетбөліктері бекиді. Хорда мен бұлшықеттер бірігіп, тірек-қимыл аппаратын құрайды, соның нәтижесінде жануарлар қозғала алады. Хорданың пішіні цилиндрге ұқсас, оның үстіңгі жағында ұзына бойы жүйке түтігі орналасады. Хорда қандауырша тәрізділерде, дөңгелекауыздыларда және кейбір балықтарда (тұтасбастыларда, бекірелерде, қостыныстыларда) өмір бойы сақталып, ішкі қаңқаның қызметін атқарады. 
Хорда қабықтыларда және барлық омыртқалы жануарларда ұрық дамуының тек алғашқы кезеңінде ғана пайда болып, бірте-бірте оның орнына шеміршектерден немесе сүйектерден тұратын омыртқа жотасына айналады. Балықтар, кейбір қосмекенділер мен жорғалаушыларда Хорданың қалдығы омыртқалардың арасындағы ойыстарда және омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктерде сақталады. Кейбір жорғалаушыларда, сүтқоректілерде Хорданың қалдығы омыртқааралық шеміршектердің құрамына кіреді. Ал құстарда хорда болмайды. Хорда жануарлардың денесінің толқын тәрізді қозғалуы кезінде оған бекіген бұлшықеттердің жиырылып, босаңсуына тікелей байланыста болады да, тіректік қызмет атқарады. Хорда хордалы жануарлардың басты белгісінің бірі болып саналады.

Сомиттер (сомиты); (лат. soma — дене) — ортаңғы үрық жапырақшасы мезодерманың жоғарғы (дорсальдық) бөлігі.
Сомиттер ұрық денесінің сегменттеріне сәйкес сегменттеледі. Әр сомитте бірнеше рет 3 бөлікті бөлу мүмкін болады:дерматом (эктодермге жақын) -  дерма ұрығы (терінің ішкі қабаты), миотом (орташа бөлігі) - көлденең-жолақ бұлшық ет ұлпалары, склеротом (оған іргелес хорда) – ұрық қаңқа. 
Жүйке түтігі —хорда жатқан эктодерманың тоқырау нәтижесінде қалыптасады. Ол эктодерманың бүктелуі (немесе иілуі) алдымен нерв науасының және нерв білікшелерінің пайда болуына әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет