42 Рептилийлердің дамуы. Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар (лат. Reptilia) – жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлдеқайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
Әйткенмен рептилиялар жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14—32° градустың арасында болады.
Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.
Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған.
43 Зиготаның майдалануы және гаструляция. Жұмыртқада сарыуыз әр түрлі мөлшерде болады.Осыған сәйкес жұмыртқаның көлеміде әр түрлі болады.Амфибидің,құстардың ж\е рептилилердің жұмыртқа клеткалары өте ірі,сары уызы өте көп болып келсе,керісінше сүтқоректілердің жұмыртқасында сарыуызы аз не жоқ болатындықтан жұмыртқасы майда болып келеді.Бірақ қанша кішкене болғанымен сол жануардың сперматозойдынан ірі болады.Құрамындағы сарыуыздың мөлшеріне ж\е цитоплазмада орналасуына байланысты жұмыртқа төрт типке бөлінеді.
1)Алециталды-сарыуызы жоқ жұмыртқа,көптеген сүтқоректілердің жұмыртқасы.
2)Гомолециталды-сарыуызы аз,протоплазмада біркелкі орналасқан жұмыртқалар ланцетниктерндің жұмыртқасы.
3)Телоциталды-сары уңызы орташа орналасқан (амфибилердің)немесе сары уңызы көп протоплазмада полярлы орналасқан (құстардың рептплилердің ) жұмыртқалары.
4)Цетролециталды-сары уызы көп жеріне орналасқан жұмыртқалар,насекомдардың жұмыртқалары.
Толық біркелкі емес майдалану-Бұдан амфибиді мысалға алып қарастырамыз.АМфибидің жұмыртқасы сары уыз ы орташа,көбінесе вегетатив полусіне ығысып орналасқан телеоциталды типке жатады.Сондықтан амфибидің жұмыртқасы толық бір келкі емес майдаланады.
Толық емес майдалану-Мұндай майдалану кезінде жұмыртқаның тек сары уызы жоқ бөлімі ғана майдаланып,сары уызды бөлімі майдаланбайды. Бұл типке сүт қоректі балықтардың, құстардың, рептилидің (телолетиталды) жұмыртқасымен насекомдардың (центролециталды) жұмыртқасы жатады. Бұл жұмыртқаларда құрылыс ерекшеліктеріне қарай дискойдальді және беткейлі майдалануда болады.
Дискойдалды жолмен сүйекті балықтардың, құстардың және рептилидің жұмыртқасы майдаланады. Ол жануарлардың жұмыртқасы сары уызға бай, сондықтан олардың көлемі де үлкен.Ал, сары уызы жоқ цитоплазмалы бөлігі жұмыртқаның жоғарғы жағында жатып, ұрық дискісі деп аталады.Тек сол жері ғана бөлінетіндіктен дискалы майдалану деп аталады. Ұрық дискісінің қабаты өте жұқа, сары уызы үстінед орналасып, оның басым бөлімі жұмыртқа бетіне көлденең жатады. Сондықтан майдылыну ұршығы біріншіден төртінші майдалану кезіне дейін сол бағытта жататындықтан майдалану сызбасы тік түседі.
Бірінші майдаланудан кейін клеткалар ұзарады да, ұршықтары тік орналасады. Ал сызбасы жұмыртқа бетіне көлденең жазықта жатады. Осы байланысты ұрық дискісінде беткей жататын клеткалар сары уызда жататын клеткалардан бөһлінеді. Кейінгі майдаланулар әртүрлі бағытта өтіп, ұрық дискісің бірнеше қабат клеткалардан тұратын плистинкаға айналады. Дискі мен сары уыздлың арасында бластацельге тән саңылау пайда болады.
Беткейлік майдалану. Беткелік жолмен центролециталды жұмыртқалар майдаланады. Бұл сары уызы көп, ядросы ортасында орналасқан жұмыртқалар жатады. Майдалану ядродан басталып, шетіне ығысады. Ядросы беткелікке жеткенде протолазма да бөлініп, ядроның санына қарай бластомерлалар пайда болады. Мұның нәтижесінде бірінғай бластомер түзіледі. Бұл буын аяқтылардың жұмыртқасына ғана тән майдалану.
Майдалануды сипаттауда сары уызбен қатар бластомерлардың өзара орналасуының да ү.лкен маңызы бар. Бластомераның орналасуны байланысты майдаланудың радиалды, сперальді, билатералды болып бөлінетіні белгілі.
Радиалды майдалану. әрбір жоғарғы бластомері төменгі бластомераның дәл үстіне орналасқан. Соның нәтижесінде шардың радиустарына сәйкес қатарлар пайда ьолады. Бластомералардаң осындай орналасуы майдалану ұрығының кезегі көлденең немесе тік бағытта бөлінуіне байланысты. Осыған сәйкес бластомералар төмен, жоғары не оңды-солды болып бөлініп отырады. Радиалдыв майдалану ішек қуыстарда, тікенек тілдерде және көптеген хордалыларды болады.
Спиральді майдалану. Майдаланудың бұл түрі көптеген малюскалар мен құрттарда кездеседі.Бластомералардың анимальды бөлігіндегі протаплазма әр-бір майдаланудың алдында сыртқа шығады.Соған сәйкес майдалану ұршығы тікутіктен 45 градусқа дейін енкейеді.Бөлінетін жоғарғы блостомералар радиалды майдаланудағыдай төменгідегінің үстінде жатпай,арасына орналасады.Барлық анймалды бластомералардың плпзмасы бір майдалануда оңға,кейінгі майдалануда солға ауысады.Майдалану ұршығының орн,авласу сызбасы спираль тәрізді болады.
Билатеральды майдалану.Майдаланатын зиготаның үстінен екі жағына бір-біріне ұқсас екі бластомера орналасатын бір жазық өтуге болады. Майдаланудың бұл типі астидимен жұмыр құрттардың жұмыртқаларында кездеседі.
Бластула және морула.Барлық жануарлардың зиготасы майдаланғанда бластула пайда бола бермейді,кейде морула түзіледі.Сол саңыцлау майдалануға барған сайын сұйық заттарға толып,бластоцелге айналады.Бластула мен морула П.П.Ивановтың пікірі бойынша протоплазма қасиетінің әр түрлілігіне байланысты кезеңдер.Майдаланудың кезеңіне байланысты бластулалардың құрылысы әр түрлі болады.
Ұрықтану және майдалану. Ланцетниктің эмбриологиясын толық зерттеген орыстың ұлы ғалымы А.О.Кавалевский болды. Ланцетниктерде ұрықтану сыртқы ортада өтеді. Сперматазоид жұмыртқаға пісу дәуіріндегі бірінші бөлінудің соңында енеді. Жұмыртқаның екінші бөлінуі сперматозоидтың ядросыф жұмыртқаның протоплазмасында орнын ауыстырған кезінде өтеді. Ұрықтың толық және біркелкі майдалану қуысы ортасына орналасқан қабырғасы ьір қабатты, биіктігі бірдей пластинкалардан тұратын целлобастула түзілуімен аяқталады.
Сегізінші бөлінуге өтерде (128 бластомералы кезеңнен соң) майдалану толық емес тұрге ауысады. Соның нәтижесінде мөлшері біркелкі емес клеткалар түзіледі. Сонымен қатар вегетативтік жартылай шеңбер қабырғасын, шар тәрізді бластула күмбез түріне айналады. Ал бластуланың қақпағын келешекте эктодерма түзетін ұсақ клеткалар құрайды. Түбі мен қақпақшасының аралығында мезодермаға дамитын клеткалар жартылай шеңберлі орналасады.
Келешек мезодерманың клеткалары тез қарқынмен бөлініп, өзінің майда мөлшерімен, қасындағы майдаланудың баяулығын сақтаушы энтодермалық ірі клекаларынан тез ерекшеленеді. Бластуланың қалған басым көпшілігін жануарлардың келешек жамылғысын дамытатын клеткалар құрайды. Бластула кезеңінде-ақ клеткалар бір-бірінен осылай ерекшелене бастайды.
Гаструляция. Ланцепниктің гаструляциясы ішке қарай ұзарып өсу әдісі арқылы өтеді. Бластуланың вегетативтік бөлігі бластоцельге активті түрде ауысып, ланцетниктің екі қабаты ұрығы гластулаға айналады.
Гласмтуланың вегетативтік бөліміндегі клеткалардың ауысуы бластоцельді біртіндеп ығыстырады. Бластоцель сыртқы жапырақшаның иіліп, ішке өткен жерінде саңылау түрінде ғана қалады.
Осы кезде ұрықтың екі қабаты болады, олар энто және эктодерма. Алғашқы шектің қабырғасы ішкі ұрық жапырақшасы – энтодермадан түзілген. Бірақ бұл энтодерма өзінің нағыз энтодерма деп аталатын түзілістері және шек материалы сияқты біртекті емес, онда хорда және мезодерма материалдары да болады. Ланцетниктердің хордасы гаструляцияның басында энтодерма мен біртұтас болады. Хорда материалдары мұнда кейінірек бөлініп, өз алдына қалыптаса бастайды. Сонымен ұрықтың ішінде хорданың, мезодерманың және энтодерманың біртұтас бастамасы түзіледі.
Ол клеткалар ұрықтың бластула күйінде арқалықтың сыртында қала отырып, нерв пластинкасын түзеді. Эктодерманың қалған бөлігі майда клеткалардан тұрады, жануар жамылғысының бастамасы болады. Нерв пластинкасының астындағы ұрықтың жапырақшасында хорда орналасады. Ұрықтың құрсақ бөлімінде алғашқы шектің негізін түзетін энтодерма орналасады.Сонымен келешек ішкі органдар түзетін материалдар бластула кезінде сыртта жатып гаструла кезеңіне ұрықтың ішіне ауысып, органдарды түзетін орындарына орналасады. Ал ұрықтың сыртқы бетінде тек нерв жүйесін түзетін бастамалар уақытша қалады. Олар гаструладан кейінгі кезеңнен соң ұрықтың ішіне ауысады.