Деляминация
Деляминация кезінде ұрық жасушалары параллелді бағытта көлденеңінен бөлініп екі қабат түзеді. Бқл центролецитальді жұмыртқасы бар ағзаларға тән болып келеді.
Эпиболия
Жұмыртқаның анималді ролюсіндегі жасушалар тез көбейіп, вегетативті полюсті жауып, эктодерма қабатын құрайды, ал ішкі қабатынан энтодерма түзіледі. Бұл телоцитальді жұмыртқасы бар ағзаларға тән.
15. Бездер. Безді эпителий
Без — адам мен жануарлар организмінде арнаулы заттар — секреттер бөліп шығаратын органдар. Без өзінің атқаратын қызметіне қарай: сыртқы секреция бездері (мысалы, бауыр, сілекей бездері) және ішкі секреция бездері (мысалы, қалқанша безі, гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті безі) болып бөлінеді.
Аралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқыбез бен жыныс бездері жатады.
Эпителий ұлпасы өзінің атауын гректің екі сөзінен «эпи»-үсті және «телий»-еміздікше деген ұғымдардан тұрады. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, Бұл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған.
Эпителий ұлпасың, дененің сыртқы бетін, куыс органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және ағзаның секрет бездерін алып жатады.
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.
Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер аткарады. Без эпителийі метаболизм процессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады.
Эпителий ағза бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық жасушалардың қызметі - ағза тіршілігіне қажет заттарды жасушаларда тұзіп, олардан бөліп шығару. Бездер ағзада секрет бөлу қызетіы атқарады. Олардың көпшілігі қалыптасқан жеке органдар. Басқалары органдардың бөлігі болып саналады. Бездер экзокридік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет тұзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік жасушалардан тұрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және калканша серік бездері, бүйрек үсті бездер, қы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бэрі ағзаның эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға, яғни эпителиймен астарланған органдардың куыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.
Бездердің қызмет ететін ұлпаларының ең негізгісі - эпителий ұлпасы. Бездер екіге бөлінеді: бір жасушалы және көп жасушалы. Бір жасушалы бездердің пішіні де, орналасады да әр түрлі болып келеді. Эпителиалдық жасушаның ішінде орналасса, онда эндоэпителиалдық бездер деп аталады. Дене сыртында орналасса, онда экзоэпителиальді бездер деп аталады. Өзінің секретін бөлуіне байланысты да ажыратылады: канға немесе бос кеңістікке (эндо- және экзокринді бездер). Сонымен қатар белоктың, мукополисахаридті (немесе мукопротеидті) және баска да секреттер бөліп шығаруына карай да бөлінеді. Бездердің көбісі эпителий ұлпасының құрамында болады. Тек бүйрек үсті безінің, гипофиздің паренхималары нейрогенді. Бездер қан тамырларымен, жүйкелермен және дәнекер ұлпаларымен жақсы қамтамасыз етілген.
Экзокриндік бездер экзоэпителиальдық және эндо эпителиальдық болып ажыратылады. Бездік жасушалардың тобы эпителийдің астындағы ұлпаға өтсе, ондай безді экзоэпителиальдық деп аталады.
16. Эпителий ұлпасының морфологиялық классификациясы.
Эпителийдің құрылыс ерекшелігіне негізделген бұл классификация бойынша эпителийлерді бір қабатты және көп қабатты деп бөледі. Бір қабатты эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді жасушаларының пішініне қарай жалпақ, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады. Онто және филогенетикалық классификация. Эпителийлер классификация-сының бұл түрін олардың белгілі бір ұрық жапырақшадан шығу тегін еске алып Н.Г. Хлопин үсынған. Ол эпителиийлердің төмендегі типтерін ажыратқан:
Эктодермадан пайда болатын эпидермалық эпителий (жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері);
Энтодермадан пайда болатын энтодермалық эпителий (ішектің, бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері);
Мезодермадан пайда болатын цело-нефродермалық эпителий (жыныс бездерінің, бүйректің, эпителий мен мезотелий);
Нерв түтігінің бастамасынан дамитын эпендимо-глиялық эпителий (эпендимо);
Мезенхимадан тұзілетін эндотелий. Эпителийдің соңғы екі түрінің зерттеушілердің көпшілігі эпителийлер қтарына жатқызбайды. Жүлын каналы мен ми карыншаларының астары-эпендиманы-жүйке ұлпасына, ал кан тамырларының астары-эндотелийді дәнекер ұлпасына жатқызуды орынды деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |