1. Ланцетниктің даму ерекшелігі



бет1/21
Дата18.05.2023
өлшемі366,47 Kb.
#94329
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
90 гистология удачи


1.Ланцетниктің даму ерекшелігі 
Ланцетниктің дамуын тұңғыш рет зерттеп жазған орыс эмбриологы А.О.Ковалевский. Өзінің магистрлік «Аmрһіохus lanсеоlаtus» тақырыбы бойынша диссертациясында (1885) Ковалевский ланцетниктің барлық даму кезеңін толық баяндаған. Ланцетник теңіздің тайыз бөлігіндегі кұм арасында тіршілік етеді, үлкендігі 3-5 см, кішкене ғана теңіз жануары. Ол хордалы жануарлардың барлық негізгі белгілеріне ие, атап айтқанда түтік тәрізді арқа жотасында орналасқан нерв жүйесі мен хорда, сегменттелген тұлға мускулатурасы. Ланцетник жұмыртқасын суға салады, ұрықтануы суда жүреді, 4-5 күннен кейін личинка пайда болады. Жұмыртқасы изолецитальды, сары уызы өте аз, цитоплазмада біркелкі таралған. Жұмыртқаның вегетативтік полюсіне бір ғана сперматозоид енеді (моноспермия). Одан кейін жұмыртқаға сперматозоидтардың артық санының енуіне бөгет болатын сары уыз қабықшасы пайда болады. Бөлшектенуі толық, біркелкі бөлшектену. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы (зигота) 2, 4, 8, 16, 32 т. б. болып геометриялық прогрессиямен көбейетін эмбриондық клеткалар — бластомерлерге (грекше blaste - ұрық, mеrоs - бөлік), толықтай бөлшектенеді. Бластомерлердің үлкендігі бірдей болады, соның өзінде вегетативтік жағындағы клеткалары анимальді жағына қарағанда ірірек келеді. Зиготаны екі бластомерге бөлетін бірінші бөлшектену жылғасы меридиандық бағытта өтсе, екіншісі де сол бағытта жүреді, бірақ біріншіге перпендикуляр болады. Үшінші жылға экваторлық жазықтықта өтеді де, бластомерлерді көлденең бөледі. Үшінші бөлшектену жылғасынан кейін жұмыртқаны 16 бластомерлерге бөлетін төртінші бөліну жүріп, екінші меридиандық жылға пайда болады. Бесінші бөлінудің екі жылғасы тағы да экваторлық, жұмыртқаны 32 бластомерлерге бөледі.
Ланцетникте ұрықтану сыртқы ортада өтеді. Жұмыртқасы гомолецитальды типке жатады. Ұрықтанған зигота толық біркелкі болып майдалану нәтижесінде бір қабатты клеткалы ортасында қуысы бластоцелі бар целлобластула түзіледі. Бластула майдаланған клеткалар – бластодермадан тұрады. Төменгі жағындағы клеткалар ірілеу, ал жоғарғы жағындағы клеткалары ұсақтау болып келеді. Төменгі клеткалардан болашақ энтодерма, жоғарғы клеткалардан эктодерма дамиды. Екеуінің аралығында мезодермаға дамитын клеткалар жартылай шеңберлі орналасады. Майдалану 1000 астам бластомераға жеткенде аяқталады. Гаструляция инвагинация жолымен жүреді. Келешек ішкі органдар түзетін материалдар бластула кезінде сыртта жатып гаструла кезеңінде ұрықтың ішіне ауысып, органдарды түзетін орындарына орналасады. Ал ұрықтың сыртқы бетінде тек нерв жүйесін түзетін бастамалар уақытша қалады. Олар гаструладан кейінгі кезеңнен соң ұрықтың ішіне ауысады. Гаструляция аяқталған соң ұрық жапырақшаларының дифференцировкасы ерекшеленуі жүріп мүшелер қалыптаса бастайды. Хордалы жануарлардың денесі ұзынша екі жақты симметриялы болады. Денесінің құрсақ бөлімінің алдыңғы жағында ауыз, артқы жағында аналь тесігі орналасады. Ұрықтың арқалық жағында нерв түтігі, ал оның астыңғы жағында білікті хорда-қаңқа орналасады, Хорда мен нерв түтігінің бүйірлерінде бұлшық еттер жатады. Осы органдардың астында ішек, тыныс,және басқа ішкі органдар орналасатын денен қуысы түзіледі. Арқалық органдардың комплексін білікті органдар деп атайды. Білікті органдар қалыптасатын кезеңді нейрула деп атайды. Ланцетникте нерв пластинкаларының жиектерінде эктодерма өсе бастайды. Хорданың түзілуімен қатар мезодерманың бөлектенуі де ішкі жапырақшаның екі жағындағы шағын қалта тәрізді өсінділерден пайда болуынан басталады. Ланцетниктерде тарпалардың барлығы сомиттерге толық бөлінеді де олардың арқалық бөлігі іле-шала миотомға және құрсақ бөлігі спланхнотомға ажырайды. Миотомдар бір-бірінен бөлектенсе,сплахнотомдар бір-бірімен қосылып, оң және сол жақта қуыс түзеді. Ол қуыстар шек трубкасының астында бірігіп, дененің екінші жалпы қуысын құрайды. Ұрық өсе бастайды, құйрықтың түзілуінен нервшектік канал дегерерацияға ұшырайды. Шек түтігінің бас бөлімінде ауыз тесігі, артқа бөлімінде құйрық астында аналь тесігі пайда болады. Ұрық еркін жүзе алатын личинка стадиясына ауысады, осы кезең үш айға жуық мерзімге созылады. Осы уақыттың ішінде ұлпалардың ерекшеленуі және органдардың дамуы аяқталады.
2.Гистология ғылымының даму тарихы
Гистология (грекше histos - ұлпа, logos - ілім, ғылым) мүшелердің, ұлпалардың, клеткалардың дамуын, микроскопиялық және ультрамикроскопиялық кұрылысын, тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар Аристотель, Гален, Авицена, Везалий, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Гистология саласының дамуы микроскоптың шығуына байланысты. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар, алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскопты құрастырған екен деген мәлімет те бар. Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі кұрастырған микроскоппен тоз ағашының және басқа да көптеген өсімдіктердің құрылысын зерттеп «ұяшықтардан» тұратынын байкап «клетка» деп атаған (гректің «китос» — қуыс деген сөзі). Гук, Мальпиги, Грюдің зерттеулерінен кейін өсімдіктер ұлпалары клеткадан тұратыны анықталған. Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең ХVIII соңы, XIX ғасырдың басы микроскоптың жаксартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты болған. Осы кезеңде практикаға микроскоптың көрсету қабілетін арттыратын окулярлар мен иммерсиялық объективтер енген. Сонымен бірге белгілі фиксациялаушы сұйықтармен (спирт, мышьяк ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин, осмий мен хром қышқылдары ұсынылған. Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне енуі микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына жағдай жасады. Ұлпалар туралы ілімнің негізін салған франциялық анатом Франсуа-Ксавье Биша деп есептеледі. Биша органдар түрлі ұлпалардан тұрады деп санап органдар құрылысының теориясын қалыптастырған. Биша адам организмі 21 ұлпадан тұрады деп санаған; олардың әрқайсысының құрылыс ерекшеліктерін баяндап жазған. Ұлпалар санының мұншама көп болуы Бишаның зерттеуді мацерация әдісімен жүргізуінің нәтижесі. Кейін ұлпалар санының анағұрлым аз екені анықталды. XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму кезеңі басталған. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогенезі зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликер (1852) мен Лейдигтің (1857) алғашқы гистология оқулықтары жарық көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамның ұлпаларын төрт типке бөлген; дәнекерлеуші заттардың ұлпалары (дәнекер ұлпасы, шеміршек пен сүйек), «клеткалық» ұлпа (эпителий мен бездік эпителий), бұлшық ет пен нерв ұлпалары. Ресейде XIX гасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томск (1883) университеттерінде гистология кафедралары ашылды. Гистология құрылысын, Н. Г. Хлопин ғылымының негізін салушылардың бірі - орталық нерв жүйесінің нәзік құрылысын зерттеумен есімі танылған Н. М. Якубович (1817-1879). Б.И. Лаврентьев пен А.А. Заварзин нерв жүйесінің салыстырмалы морфологиясын, А.В.Немилов пен А.В. Румянцев ішкі секреция мүшелерінің ұлпалардың құрылысы мең дамуын, Г.Н. Хрущев лейкоциттер жүйелерінің салыстырмалы гистологиясын зерттеуде үлкен табыстарға жетті. А.А.Заварзин ұлпалар эволюциясының негізгі заңдылықтарын анықтаған, бұл заң параллель қатарлар заңы деп аталады. Эволюциялық гистологияның дамуына үлкен үлес қосқан Н. Г. Хлопин. Өзінің зерттеулерімен ол тарихи және жеке даму процесінде ұлпалар дамуы дивергентті (белгілердің ажырауы) жүретінін көрсетті. Қазақстан ғалымдары да: академиктер Б.А.Домбровский, Ф. Мұхамедғалиев, Т. Масенов, А. Мурзамедиев, профессорлар И. Чагиров, Ф. Халилов, М. X. Нұрышев т. б. гистология мен цитологияның дамуына белгілі дәрежеде өздерінің үлестерін қосты. Неміс ғалымдары М.Шлейден (ботаник), Г.Шванн (зоолог) клетка теориясының 1838-1839 жылдары негізін қалады. 1939ж. Г.Шванның «Өсімдіктермен жануарлардың дамуы және олардың құрылысының ұқсастығы туралы микроскоптық зерттеулер» деген еңбегі жарық көреді. Осылайша, биологияда маңызы өте зор, клетка теориясы қалыптасты. Жануарлар мен өсімдік организмдерінің клеткадан тұратындығы, олардың біртұтастығын және тіршілік процессінде үздіксіз өзгеріп отыратын құрылым екендігін көрсетеді. Бұл құрылымдарға: организм -(организм жүйесі) - органдар (мүшелер) тканьдер (ұлпалар) ұлпаның клеткалық және клеткасыз элементтері жатады. Организмдер өздерін қоршаған ортамен үздіксіз тығыз байланыста, яғни зат алмасу процесі арқылы қарым-қатынаста. Денеге қоректік заттар сіңіріліп одан клетка құралады. Қабылданған заттар сіңіріліп, өзгерістерге ұшырап бұзылып отырады. Осы процесс арқылы күрделі органикалық қосылыстар жай заттарға дейін ыдырайды. Бір жағынан заттардың бұзылуы – диссимиляция болса, екіншіден олардың жаңадан түзілуі – ассимиляция процестері деп аталады. Ассимиляция және диссимиляция зат алмасу процесінің екі жағы. Организмнің тұрақты өгерістеріне ассимиляция және диссимиляция процестері үздіксіз себепші болып, организмнің негізгі құрылысын және тіршілік әрекетін сақтайды. Бұл екі процесс бірбірінсіз болмайды. Сондықтан организмдердің тіршілігі зат алмасу, тыныс алу, ашу, т.б. процестер арқылы орындалады. Организмнің ең кіші бөлігі – клетка, осы клеткалар топтасып атқаратын қызметі әр түрлі ұлпаларды, ал ұлпалар мүшелерді құрайды. Гистология жалпы гистология және арнайы гистологияға жіктелінеді. Гистологияның зерттеу әдісі микроскопиялық ізденістерге байланысты. Көбінесе өлі объектілермен микроскоп арқылы орындалады. Сондықтан бұл саланы зерттеу алдын-ала объектілермен препараттардың дайындалуын талап етеді.
3. Дәнекер ұлпасының түрлері, құрылысы, қызметі
Дәнекер ұлпалы түзілістер жоғары сатыдағы жануарлардың организімінде көп кездеседі. Олар эпителийдің астын төсейді, органдардың қабығын түзіп, органдағы ұлпалардың аралық қабаттарын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары дәнекер ұлпа арқылы қоректенеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуды жүзеге асыратын орын болып табылады. Ол қанмен бірге трофикалық және қорғаныштық маңызы бар біртұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ұлпа механикалық қызметті атқарады. Дәнекер ұлпасының гистологиялық құрылымы және атқаратын қызметіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.  клеткасы көп ретикулярлы ұлпа  клеткалық элементтерімен механикалық түзілістері бірдей дамыған болбыр дәнекер ұлпасы (қалыптаспаған)  механикалық түзілістен тұратын (қалыптасқан) тығыз дәнекер ұлпасы Дәнекер ұлпалардың беріктігін жүзеге асыратын көп түрлі механикалық элементтер тек аралық затта ғана дамиды. Аралық заттар көптеген әртүрлі талшықтар мен аморфты заттардан тұрады. Сыртқы түріне, физикалық-химиялық қасиетіне, физиологиялық маңызына қарай талшықтар коллагенді, эластикалық, ретикулярлы болып үш түрге бөлінеді. Болбыр дәнекер ұлпа тәртіпсіз орналасқан эластикалы және коллаген талшықтардан тұрады. Талшықтар мен аморфты заттың пластинкалары арасында көп түрлі дәнекер ұлпалы клеткалар – фиброластар, гистиоциттер, камбиалды клеткалар, май клеткалары, пигментті және плазматикалық клеткалар мен әртүрлі лейкоциттер орналасады.
Фибробласт - дәнекер ұлпасының көптеген түрінде кездесетін негізгі клеткалық форма, ұзын тармақтары бар, протоплазмасы мен ядросы айқындалмаған созылыңқы клетка. Гистиоцит – дәнекер ұлпаларының екінші бір тұрақты клеткалық формасы, оның негізгі сипаты формасының өзгергіштігі. Гистиоциттердің маңызды қасиеттерінің бірі қоршаған ортаға түскен бөгде заттарды жою қабілеті, ішкі зат алмасуда да маңызы бар. Олар ретикулярлы ұлпалардан және қаннан шығатын лимфоциттер мен моноциттерден дамиды. Камбиалды клеткалар әр түрлі бағытта дамитын клеткалар, созылғыш жіңішке тармақтары бар, ядросы күшті боялатын клетка. Ретикулярлы элемент ядросының жан-жағында клетка орталығы, хондриосомдар, ішкі торлы аппарат анық көрінеді, ретикулярлы ұлпа деп сол торларға байланысты ғана айтылған. Ретикулярлы ұлпа бүйрек, тері ұлпаларының және шырышты қабықтардың құрамына кіреді. Қан жасайтын органдарда, сүйектің қызыл миында, лимфа бездерінде өте көп кездеседі. Дәнекер ұлпаларындағы ретикулярлы-эндотелиалды жүйе организмде қорғаныштық қызмет атқарады. Қан мен болбыр дәнекер ұлпасының тұтастығы талаурау процестерінде, яғни ұлпаға бөгде заттың түсуі немесе оның бұзылуы өлі участок некроз ордасын түзген кезде айқын көрінеді. Талаурау аймағын бактериялардан нейтрофильдер, ал өлі ұлпалардан макрофагтар тазартады. Қалыптасқан дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар, басым бөлігі – талшықтар, клеткалары өте аз болады.Тығыз дәнекер ұлпа тарамыстарды, сіңірлерді құрайды. Тарамыстар – организмде етті сүйекке байланыстырып тұрады. Олар көбінесе коллаген талшықтарынан, аз мөлшерде эластикалық талшықтардан тұрады. Колаген талшықтары созылу бағытына қарай көлденеңінен ретпен орналасып, шоғырлар түзеді. Тарамыстың өзі дәнекер ұлпалы қабықпен қоршалады. Талшықтардың шоғырларын бөліп тұратын дәнекер ұлпалары қан тамырларына бай болып, тарамысты қоректендіріп тұрады. Онда көптеген камбиалды элементтер орналасып, тарамыс бұзылғанда оны қалпына келтіріп отырады. Серпімді сіңірлер – серпімді талшықтардан тұрады, олар ұзына бойына орналасқан, бірақ шоғырлар түзбейді. Талшықтар арасындағы болбыр дәнекер ұлпа сіңірлерді біртұтас ұлпаларды біріктіріп тұрады. Сіңірлердің серпімділігі күшті, олар организмде тек жиырылуға ұшырайтын органдарда кездеседі. Серпімді талшықтардың түсі сары болғандықтан сары сіңірлер деп атайды.
Шеміршек ұлпасы қаңқа ұлпалар құрамына кіріп, организмге механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің құрамындағы негізгі заты тығыз болып, ол беріктілікті қамтамасыз етеді, серпімділікті сақтайды. Сүйектердің бір-бірімен тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Шеміршектер төменгі сатыдағы омыртқалылар мен жоғары сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін құрайды. Ересек адамдар организмінде шеміршектер сүйек буындарының үстін қабаттап, қабырғалардың ұштарын, кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронханың және құлақтың қалқанын құрайды. Шеміршек ұлпасының аралық заттары тығыз болғандықтан нерв, қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды. Аралық заттың құрылысына байланысты шеміршектер гиалинді, серпімді және талшықты болып үшке бөлінеді. Гиалинді шеміршек ұлпаның ең көп тараған түрі. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді, түсі мөлдір болады. Шеміршектің клеткалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады, дөңгелек болып келеді. Шеміршектің клеткалары бір ядролы кейде екі ядролы болады, жіп тәрізді айқын көрінетін митохондриялары, клетка орталығы және ішкі торлы аппарат жақсы байқалады. Шеміршектің аралық заты біркелкі болмайды, арнаулы өңдеуден өткізгенде ғана фибрилдерді көруге болады. Шеміршектің аморфты заттары протеиндерден, хондриотинокүкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Есейген шеміршекте әк тұздары көп жиналып, кәрі шеміршек омырылғыш келеді. Серпімді шеміршек негізінен гиалинді шеміршекке ұқсас келеді. Клеткалары капсуламен қоршалып, изогенді топтар түзеді. Серпімді шеміршекте серпімді талшықтар негізгі заттың базофильді бөлімдерінен таралып, соларды торлап жатады. Серпімді шеміршектердің түсі солғын сары болады, құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады. Талшықты шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығы олардың негізгі затының коллагенді талшықтары шоғырларға жинақталған. Талшықты шеміршек гиалинді шеміршекке немесе қалыптасқан дәнекер ұлпасына ауысып отырады. Талшықты шеміршектерден омыртқа аралық дискілер тұрады, шеміршек ұлпасының сыртқы қабатын құрайды. Клеткалары митоздық бөліну қабілетін сақтайды, соның ерекшелену есебінен шеміршектің өсуі мен зақымданғанда қалпына келуі жүзеге асырылады. Гиалинді шеміршек басқа дәнекер ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Даму синцитиалды мезенхима участоктерінің тығыздануынан басталады. Клеткалар жымдасқан сайын оларды жуып тұратын ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді, онда шеміршектің аралық затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан коллаген талшықтары дамиды және шеміршектің екі негізгі бөлімі – аралық заты, клеткасы айқындалады. Қалыптасқан шеміршектің бұдан кейінгі өсуі және артуы оны қоршаған мезенхима ұлпасының есебінен орындалады. Мезенхиманың клеткалары бөлініп,саны артып,біртіндеп негізгі заты ерекшеленетін тығыздалған бөлімдер түзеді, ал клеткалары шеміршек клеткасына ауысады. Қалыптасушы ұлпаның үстіне жас ұлпаның жаңа қабаттары салыну жолымен шеміршек өсіп, оның көлемі ұлғаяды.
Сүйек ұлпасы денедегі ең тығыз ұлпалардың бірі. Сүйек пен шеміршек организмнің денесінің скелетін және формасын белгілейді. Сүйектің аралық заты аморфты заттан және коллаген талшықтарынан тұрады. Осы заттардың орналасуына байланысты – торлы талшықты және пластикалы құрылысты сүйектерге ажыратылады. Жуандығы әр түрлі, негізгі заты тәртіпсіз, бір-бірін қиып өтіп орналасса, ондай сүйекті – торлы талшықты деп, ал өте жұқа және күрделі құрылысты болып келсе, онда оны – пластикалы сүйектер деп атайды. Пластикалы сүйек дұрыс орналасқан тығыз коллаген талшықтары шоғырланған сүйек пластинкаларынан тұрады. Пластикалы сүйектің пластинка аралық фибрилдері әр бағытта болып, бір-біріне кесе көлденең орналасады, осындай күрделі құрылым сүйектің беріктігін сақтайды. Сүйектің 67% анорганикалық заттар мен судан, 33% - органикалық заттардан тұрады. Сүйектің талшық түзілістері қайнатқанда желім беретін оссеин деп аталатын органикалық заттан тұрады. Сүйекті күйдіргенде оның органикалық заттары күйіп, тек формасын сақтайтын анорганикалық заттары қалады. Егер анограникалық қышқылдардан өткізсе, онда кальций тұздары еріп, органикалық заттары қалады. Жас ұлғайған сайын анорганикалық тұздардың мөлшері көбейіп, кәрі адамның сүйегі морт сынғыш келеді. Сүйек ұлпасының аралық затында - остеоциттер деп аталатын сүйек клеткалары орналасады, олар жұлдызша тәрізді, сәл созылыңқы және жазықтау болып келеді. Жай көзбен қарағанда сүйек заты кейде болбыр,кейде тығыз болып көрінеді, соған байланысты сүйек заты тығыз және кемікті болып келеді. Екеуінің де құрылысы пластинкалы, айырмашылығы пластинкаларының аз не көп болуында. Сүйектердің барлығы, буындасатын жерден басқасы, сүйек қабығы немесе периос деп аталатын дәнекер ұлпалы қабықпен қапталады. Ол ішкі және сыртқы қабаттардан тұрады. Ұрықтың барлық сүйектерінің қуыстары қан жасайтын орган сүйектің қызыл миына толы болады. Ол ретикулярлы ұлпадан тұрады. Сүйек екі жолмен дамиды. Жақ және бас сүйектері ұрықтық дәнекер ұлпасынан тікелей дамиды. Омыртқа, аяқ,қол сүйектері, бастың қарақұсы және басқа бөлімдері 20 алғашында шеміршек болып қалыптасып, біртіндеп сүйекке айналады. Екеуінің де даму процесі бір, ал сүйек түзілуінің көзі- мезенхима болады.
4.Қосмекенділердің даму ерекшелігі
Ұрықтану қосмекенділерде уылдықтарын су ішіне шашу арқылы жүреді. Қосмекенділердің майдалану нәтижесінде амфибластула түзіледі. Майдалану ланцетниктердікіндей бір қалыпты болмайды. Бластоцелі сары уыздың мөлшеріне байланысты бір полюсіне ығысқан. Қосмекенділердің гаструляциясы голобластикалық типте жүреді. Бластомералардың түзілуі барысында орақ тәрізді сызаптар пайда болады. Гаструла кезінде тек хорда ғана өзгермейді. Мезодерма мұнда энтодерманың арасынан, алдыңғы жағымен хордамен қосылады. Мезодерманың ерекшеленуімен қатар ішек қалыптаса бастайды. Нерв жағалары біріккенге дейін ұрықтың формасы дөңгелек болып тұрады. Дененің артқы жағында құйрық қалыптасады. Құйрықтың тез өсуі дененің ұзаруына алып келеді. Ауыз пайда болған соң, өз бетінше қоректеніп, жүзе алады. Әрі даму барысында алдымен артқы, содан соң алдыңғы аяқтары пайда болып, құйрық жойылып кетеді. Амфибийлердің дамуында бақа мен тритонды қарастырамыз. Бақалар уылдырықтарын суға шашады. Тритон жұмыртқасын су өсімдіктерінің жапырақшаларына салады. Майдалануы жұмыртқасындағы сары уызы көп және вегетативті орналасқандықтан толық біркелкі емес болып бөлінеді. Амфибийлердің майдалануында амфибластула түзіледі, анималь полюсіне тән төбесі және вегетативтік полюсіне тән түбі болады. Гаструляция голобластикалық типпен, инвагинация әдісі арқылы өтеді. Бластула материалы ішке тартылған сайын шек қуысы кеңіп, бластоцель тартылады. Гаструла кезінде хорда ғана өзгермейді. Гаструляцияның аяқталғын кезінде нерв жүйесінің материалы нерв пластинка түрінде ұрықтың аралық бөліміне орналасады. Нерв түтігінің түзілуімен қатар ұрықтың ішкі бөлімдері де өзгереді. Хорданың екі жақ қабырғасында ұзына бойына орналасқан мезодермалық бастама арқалыө және құрсақтық бөлімдерге бөлінеді және сомиттер деп аталады. Шек мезодерманың ерекшеленуімен бір кезде қалыптасады. Дененің алдыңғы бөлігіндегң шектің бас жағы ашылатын жерде ауыз түзіледі, ал бластопор аналь тесігіне айналады.

5.Жыныс клеткаларының бөлінуі. Биологиялық маңызы


Мейоз (грекше “мейозис” – азаю, редукция латынша “редуцерес” – кішірею, азаю) – жыныс клеткалардың редукциялық бөліну тəсілі. Клеткадағы хромосомдардың саны екі есе азайып диплоидты клеткадан екі рет бөліну нəтижесінде төрт гаплоидты клетка пайда болады. Ұрықтанғаннан кейін хромосомдардың саны қайтадан қалпына келеді. Мейоз организмде кариотиптің тұрақтылығын сақтайды жəне гендер мен хромосомдардың кездейсоқ, тəуелсіз рекомбинациясын қамтамасыз етеді.
Мейоз кезінде клетка екі рет бөлінеді, ал ДНК саны бір‐ақ рет екі есе көбейеді. Мейоздың екі бөліну арасындағы кезеңді интеркинездеп атайды. Мейоздың екі бөлінуінің нəтижесінде хромосомның саны екі есе азаяды. Кейде биваленттерде бірінші бөлінуде гомологиялық хромосомдар ажырасады да, екінші бөліну нəтижесінде хроматидтер бір‐бірінен ажырасады. Басқа жағдайда бірінші бөліну нəтижесінде хроматидтер ажырасып, екінші бөлінуде гомологиялық хромосомдар ажырасады.
Сондықтан, қазіргі кейбір ғалымдар бірінші бөлінуді редукциялық, ал екіншісін эквациялық деп айтқан дұрыс емес дейді. Мейоз циклі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші бөлінудің кезеңдері римше I деп, ал екінші бөлінуге тəн кезеңдері II деп белгіленеді.
Бірінші бөлінудің ерекшелігі өте ұзақ жəне күрделі профаза болады. Онда 5 сатыны бөледі. 1. Лептотена‐ жіңішке жіпшелер сатысы. Интерфазалық ядроның торлы құрылымы жойылады да, жіңішке жеке жіпшелер көріне бастайды, олар хромосомдар болып табылады. Жарық микроскоппен көрінетін жіпшелердің саны диплоидты болады.
2. Зиготена ‐гомологиялық хромосомдар ұқсас учаскелері арқылы біріне‐бірі қосыла бастайды. Олардың жұптасып қосылуы көбінесе екі шетінен басталады. Соның нəтижесінде барлық гомологтар биваленттерді құрады. 3. Пахитена ‐жуан жіпшелер сатысы. Бұл сатыда кроссинговерқұбылысы болады. Хромосомдар жұбындағы екі сіңлілі емес хромосомдар өзара учаскелерімен алмасады. 4. Диплотена ‐жұптанған жіпшелер сатысы. Биваленттегі гомологиялық хромосомдардың бір‐бірінен ажырасуы жəне босауы басталады. Биваленттегі сіңлілі емес хроматидтер бір‐бірімен бірнеше нүктеде қосылып тұрады да хиазмадеген қиылыстарды жасайды. Хиазмалар кроссинговер нəтижесінде пайда болады. Диплотенада хромосомдар спиральданып, ядрошықтар саны азаяды. Тек қана сарыуызды көп мөлшерде жинайтын жануарлар ооциттерінде хромосомдар босап «шам щеткасы» тəріздес пішінге айналып, РНҚ, белок синтезін күшейтеді. Бұл профазаның ең ұзақ сатысы. Мысалы «шам щеткасы» тəріздес хромосомдар насекомдарда бір жылға дейін, ал адамда 12‐50 жылға дейін сақталады.
5. Диакенез‐ хромосомдар ең күшті спиральдануға байланысты қатты қысқарып жуандайды. Биваленттер оқшауланады. Клеткада оларды санауға болады. Олардың саны гаплоидты болады. Ядрошықтар мен ядро қабығы жойылады. Осымен І профаза аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет