Функциялық классификация
Жануарлардың көпшілігінде эпителийдің мына 4 типтерін ажыратуға болады.
Жабынды тері эпителийі;
Кілегей кабықшаларының эпителийі;
Дененің екінші куысын астарлап тұратын серозалық кабықшаларының эпителийі (плевралық, перикардиалық және күрсақ куысының);
Ішкі органдардың перинхимасының эпителийлі (альвеолалық, бүйрек эпителийі, гонадалар мен бездердің эпителийі т.б.).
17. Зиготаның майдалануы
Зигота - (грекше "zygotos" – бірге қосылған) – ұрықтанған жұмыртқа клетка; әртүрлі жынысты ағзалардың гаметаларының қосылуынан түзілетін диплоидты клетка (жұмыртқа жасуша ядросы мен сперматозоид ядросының қосылуы). Екі гаплоидты гаметалардың қосылуынан зигота процесінде (зиготалануда) сол түрге тән диплоидты хромосома жиынтығы бар ағза пайда болады. Әдетте, зигота бірден дами бастайды, кейде ол қатты қабықпен қоршалады және өсуге қолайлы жағдай туғанда зигоспораға (мысалы, кейбір саңырауқұлақтар мен балдырлар) айналады. Жыныссыз көбею кезінде пайда болатын споралардан зигоспораның айырмашылығы – ол таралуға емес, “сақталуға” бейімделген. Өйткені, онда қоректік заттардың қоры және қалың қорғаныш қабаты болады. Зиготаның таралуы зигоспораның өсуінен кейін жүреді де, спорангии түзіліп, жыныссыз көбею басталады (қара Жыныссыз көбею). Бір жасушалы зиготадан көп жасушалы ағзаның эмбрионалдық даму кезеңі өтеді, одан кейін дернәсілдік кезең және метаморфоз кезеңі өтеді, соңынан жетілген дарабас пайда болады.
Эмбрионалдық даму кезеңінде зигота:
көптеген жасушалар түзе отырып, бірнеше рет бөлінеді;
бұл жасушалар дифференцияланады (бір-біріне ұқсамайтын болады), яғни ересек организмге тән эпителиалды, бауыр, сүйек, т.б. жасушаларға айналады,
ұрық жасушалары жеке тіндерге, органдарға және ағзаларға тән пішінмен сипатталатын әр түрлі құрылымға ауысады.
Аталық сперматозоидпен аналық жұмыртқа клеткалары ұрықтанып зигота түзілген
соң, ұрық бірнеше реттен ұсақталып бөлшектенеді. Осының нәтижесінде көпклеткалы
ұрық бластула түзіледі. Майдалану бірден екіге, төртке, сегізге, он алтыға, отыз екіге т.б.
өсіп-өрбуге келместен жылдам бөлшектенген клеткаларға алып келеді. Зигота
майдаланған сайын оның клеткалары ұсақталады, ал жалпы көлемі өзгермейді. Пайда
болған ұрық бір қабатты, ортасында қуысы – бластоцелі болса, онда оны бластула деп
атайды. Майдалану кезінде пайда болатын сызаптарды майдалану сызаптары дейді. Олар тангенциалды, меридианды және экваториалды болып бөлінеді.
18. Нерв клеткасының құрылысы, қызметі.
Жүйке жүйесі, нерв клеткасы — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология (гр. neurologia; neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі — нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар-глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағүрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді. Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы — денесінің көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибрилдері бар. Нейронның ала түсті заттарының құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК) болады; Оның мөлшері жыныстық жетілуге дейін көбейіп, кейіннен тұрақталады. Қауіпті жағдайларда РНК-ның мөлшері азаяды да ала түсті заттары ыдырап, жоғалып кетеді. Мүндайда нейронның тірлігі жойылады. Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегенде олар жойылыпта кетуі мүмкін. Әрбір нерв клеткаларында коптеген тежеуші жөне қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв өрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
19. Жүрек еті.
Жүрек – көлденең жолақты еттен тұратын төрт қуысты мүше. Жүрек екі жүрекше мен екі қарыншадан түзілген. Жүрекшелерді – atrium, қарыншаларды – ventriculus дейді. Жүрек қабырғасы қабықтары – эпикард, миокард, эндокард. Жүректің қабы – перикард. Жүректің төрт қақпақшасы бар – екі жақтаулы(митральды), үш жақтаулы, жарты ай тәрізді қолқа және өкпе сабауы қақпақшалары. Жүрек қақпақшалары қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.
Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.
Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі миокард талшықтары, ал екіншісі - жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өткізгіш ет талшықтары.
Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына ұқсас. Оның саркоплазмасында актин және миозин протофибрилдерінен құралған миофибриллалар болады. Жүрек еті талшықтарында саркоплазмалық тор (ретикулум) сиректеу. Бұл екі түрлі ет талшықтарында да жиырылу процесі кезінде саркоплазмалық тордан кальций иондары саркоплазмаға шығады. Миокардта бұл иондар саркоплазмадан кері бағытта да өте алады. Саркоплазмадағы кальций ионы жүрек еті талшықтарының жиырылу күшін арттырады. Жүрек етінде қаңқа етімен салыстырғанда аэробты процестер басымырақ болады және ол шабандау жиырылады.
Миокард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ендірме табақша - нексус арқылы қосылады да, біртутас тор, немесе синцитий, құрайды. Бұл ендірме табақшалардың электрлік кедергісі өте төмен, сондықтан бір жасушада пайда болған қозу көрші жатқан жасушаға оңай беріледі. Осының арқасында миокард әрекетінде біртұтастық қасиет пайда болады.
20. Эмбриологияның даму тарихы
Эмбриология, дербес даму биологиясының негізгі бола тұрып, биология ғылымдарының ішіндегі ең көнесі. Өсімдіктер, жануарлар мен адамның пайда болу мәселелері әр қашанда кімнің де болса назарын аударған. Бәлкім, биологияның басқа саласында дәл эмбриология саласындағыдай мистицизім, жұмбақтық, жорамалдау мен алыпсатарлық болмаған шығар.
Жануарлардың ұрықтық дамуы туралы алғашқы деректер ертедегі өркениет орталықтар Көне Мысыр, Вавилон, Ассирия, Греция, Үнді мен Қытай елдерінің тарихы құжаттарында кездеседі. Эмбриология тарихында маңызды із қалдырған В. Гарвейдің “жануарлардың пайда болуы жөнінде” (1651) деген кітабы болды. Бұл кітабында ол ұрық даму процесінде мүшелердің жаңадан пайда болуы туралы және эмбриогенез жөніндегі кейбір ескі көз қарастарды сынаған (сондай-ақ, ұрық аталық ұрықтан және аналық қаннан пайда болады, деген пікір). Гарвей “тірі жанның бәрі жұмыртқадан дамиды” деген атакты афоризмнің иесі. Ол кездегі тірі емес затың өзінен өзі тіріге айналып өсіп- өнуі мүмкін деген көзқарастың басымдығын ескерсек, бұл афоризмнің батыл да, мағынасының терең екеніне көз жеткіземіз. Италия емшісі және табиғат зертеушісі Ф.Реди 1668 жылы шыбын құрттарының бұзылған еттен емес, сол етке салынған жұмыртқадан шығатынын, тәжірибе жасап көрсетті. Я.Сваммердамның (1637-1680) бақылауынан, тірі емес заттың өзінен өзі өсіп-өну пікірін теріске шығаратын көп мәліметтер алынды. Тоқсаныншы жылдардағы эмбриолоогиялық зерттеулер өте кең мәселелер шеңберін қамтиды, олардың ішінде мыналарда белгілеуге болады: молекулалы- биологиялық, биохимиялық және жалпы даму мен қайтара реттеуінің генетикалық механизімдері, клеткалық диференцировка жеке айтқанда, пролиферация мен морфогенез даму процесінде имунитеттің қалыптасуы гаметогенез зерттеу ерекше бағалы үй малы мен жабайы жануарлардың сирек түрлерінің гаметалары мен ерте тұқымдарын култеватцияллау мен концервациялау прблемеалары трансген жануарларын алу әр түрлі жағдайлардағы орган мен ұлпалар регенерациясын зерттеуге т.б.
Эмбриология (ұрық және грек. logos – ілім) – жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін биологиялық ғылым саласы.
Эмбриология (embryologia, грек, embryon — ұрық, logos — ілім) — ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды аналық организмнен тыс пробиркада жүргізіп, ұрықтарды мұздату әдістері, клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция және ұрықтарды басқа организмдерге көшіру және т.б. өдістер..
21.Қан, лимфа ұлпалары, құрылысы, қызметі.
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады.Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % нәруыздар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.Қан қан жасушаларынан және сұйық плазмадан тұрады.
Эритроциттер - Олар 20 миллионға жуық. Олардың әрқайсында оттегіні оңай біріктіріп, тасымалдайтын гемоглобин деп аталатын зат бар. Негізінен, қызыл қан денешіктері үш айдай өмір сүріп, жаңарып отырады.
Ақ қан денешіктері – лейкоциттер. Олардың көптеген түрлері болады. Көпшілігі микробтармен, аурулармен күреседі. Денеде қанмен бірге лимфа сұйықтығы да жүріп, зат алмасу қалдықтарын әкетеді, зиянды заттар мен микробтарды жоятын ақ қан денешіктерді таратады. Қаннан айырмашылығы, тек бір бағытта ғана қозғалуы. Ақ қан денешіктерінің кейбірі бірнеше күн, ал кейбіреулері бірнеше жыл өмір сүреді.
Қан пластинкалары немесе тромбоциттер. Олар бір-екі миллионға жуық, қанды ұйыту қызметін атқарады. Қанның ұюы деп – қан тамыры жарақаттанғанда ағзаның қансырауды болдырмайтын биологиялық қасиеті.
Лимфа (лат. lympha) — жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады.Лимфа — кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкірек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналымына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады.Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2%нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.
22. Бластула түрлері, гаструляция типтері.
Бластуланың 5 негізгі түрі бар:
• целобластула;
• бластоциста;
• амфибластула;
• дискобластула;
• перибластула.
Целобластула (грек тілінен аударғанда koilos – бос) эхинодермалар мен ланцетнмктерге тән. Бластуланың бұл түрі жануарлар мен вегетативті полюстердегі бластомерлердің өлшемдері бойынша бірдей болуымен ерекшеленеді, жасушалардың бір қабаты жұқа бластодерма түзеді . Ішіндегі қуыс бластокоэль болып табылады .
Бластоцист сүтқоректілерге тән. Морула сатысынан өткеннен кейін қалыптасады. Ол көпіршік түрінде берілген. Оның үстіне бұл көпіршік екі бөліктен тұрады. Қабырғасын жасушалардың бір қабатын трофобласт құрайды . Бұл жасушалар өте ашық болады. Ал екінші бөлігі күңгірт түсті эмбриобласт жасушалары . Трофобласт қоректік заттарды қамтамасыз етеді, ал эмбриобласт эмбрионның денесін құруғайды.
Амфибластула қосмекенділер мен әкті губкаларға тән. Целобластуладан айырмашылығы амфибластуладағы бластоцель вегетативтік полюсте сарыуыздың көп болуына байланысты жануар полюсіне ығысады. Жануарлар полюсінде кішірек жасушалар - микромерлер орналасқан . Макромерлер вегетативті полюс аймағында орналасқан . Целобластуладағы сияқты амфибластуланың төбесі, түбі және аралық (шекті) аймағы болады.
Дискобластула сүйекті балықтарға, бауырымен жорғалаушыларға және құстарға тән. Дискоидты ұсақтау нәтижесінде бір қабатты бластодерма (бластодиск) түзіліп, одан кейін 3 немесе 4 жасушалы қабат пайда болады. Дискобластула бластодерма сарыуыздан сәл жоғары қисайып, олардың арасында ұрық асты қуысы пайда болады . Бұл кезеңде бластодисктің екі аймағы айқын көрінеді:
• жарық өрісі - оның қуысының үстінде орналасқан бөлігіне сәйкес келеді,
• қараңғы өріс (area opaca) – бластодисктің шетінде орналасқан және сарыуызға іргелес жатқан жасушалардан тұрады.
Жұмыртқа түзу кезінде бластодерма жасушаларының бір бөлігі ұрық асты қуысына шығарылады, онда олар екінші қабат түзеді . Осылайша, бұл кезеңде эмбрион эпибласттан (жасушалардың сыртқы қабаты) және оның астында жатқан гипобласттан тұрады. Олардың арасында бластокоэль орналасқан.
Перибластула жәндіктерге тән және бетті ұсақтаудың соңғы кезеңін білдіреді. Энергидтер жұмыртқаның бетіне қоныс аударады, олар жаңа плазмалық мембраналармен қоршалған. Жұмыртқаның артқы полюсіне қоныс аударатын ядролар бірінші болып өзгерістерге ұшырап, эмбрионның полярлық жасушаларын құрайды, олардан ересек организмнің жыныс жасушалары пайда болады.
Гаструляцияның 4 түрлі типі бар: Инвагинация - Бластуланың вегетативті жағы ішке қарай ойысып тереңдеп эктодерма қабатын түзеді, сыртқы қабаты эктодерма болып қалады. Эктодерма мен энтодерма да бір біріне тығыз жанасып бластоцель қуысы жойылады, шар тәрізді ұрықтан, екі қабаттан тұратын ұрық пайда болады, ал ондағы қуыс гастроцель немесе бірінші реттік ішек деп аталады. Ішек басталатын жерді бірінші реттік ауыз немесе бластопор деп атайды. Оның шеттері бір біріне жақындап үстіңгі және астыңғы еріндері түзейді. Құрттарда, молюскаларда, буынаяқтыларда күрделеніп ол ауыз қуысына айналады. Инвагинация изолецитальді жұмыртқасы бар ағзаларға тән
Иммиграция бұл процесс ішек қуыстыларға тән. Бластодермадан кей жасушалар ішке қарай ығысып шығып, бөліну жолымен көбейіп, бір бірімен байланысып тұтасу нәтижесінде ішкі энтодерма қабатын түзеді, ал сыртында қалған қабат эктодерманы құрайды
Деляминация кезінде ұрық жасушалары параллелді бағытта көлденеңінен бөлініп екі қабат түзеді. Бқл центролецитальді жұмыртқасы бар ағзаларға тән болып келеді.
Эпиболия жұмыртқаның анималді полюсіндегі жасушалар тез көбейіп, вегетативті полюсті жауып, эктодерма қабатын құрайды, ал ішкі қабатынан энтодерма түзіледі. Бұл телоцитальді жұмыртқасы бар ағзаларға тән.
23. Жыныс клеткалары, құрылысы, қызметі, дамуы.
Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos- жыныс, жыныс клеткасы; genesis - шығу тегі) - жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі даму процесі.Аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары - овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.
Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады. Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Бірінші рет бөлінгеннен кейін өсу дәуірі басталады. Өсу дәуіріндегі аталық жыныс клеткалары алғашқы сперматоциттер немесе І ретті сперматоциттер деп аталады. Өсу дәуірінде сперматогонийлер өсіп, үлкендігі орташа есеппен төрт есе үлкейеді. Пісіп – жетілу дәуірін жыныс клеткаларының диплоидтық күйінен гаплоидтық күйіне ауысу деп қарастыру орынды. Пісіп – же тілу дәуірінен кейін дамудың соңғы кезеңі қалыптасу дәуірі (спермиогенез) басталады, осы кезде сперматидалар сперматозоидтарға айналады.
Жұмыртқа клеткасының дамуын овогенез дейді. Аналық клткалардың даму аналық жыныс бездерінде жүреді. Аналық жыныс клеткаларының даму үш дәуірге бөлінеді: 1) көбею, 2) өсу, 3) пісіп же тілу.
Көбею дәуірінде оогонийлер митоздық жолмен бөлінеді, осының нәтижесінде клеткалардың саны көбейеді. Оогонийлер сперматогоний сияқты қоректік заттарды жеңіл сіңіреді. Адамның аналық жыныс клеталарның көбею дәәуірі эмбриогенез кезінде жүреді. Эмбриогенездің соңғы кезінде алғашқы фолликулалардың пайда болуы мен оогонийлердің көбеюі аяқталады, осыдан кейін олар І ретті ооциттерге немесе алғашқы ооциттерге айналады. Өсу дәуірінде бірен – саран алғашқы фолликулдар ғана өседі. Олар үлейіп Грааф көпіршігіне айналады. Фолликулдың өсуі мен бірге І ретті ооциттің көлеміде бірнешеесе өседі, центросомасы жойылады, ядросы хроматинінен ажырайды, цитоплазмада сарыуыз жиналады, ооцит қабықшамен қапталады. І ретті ооцитті сыртқы жағынан фолликулдық клеткалардың қабаты қаптайды. Сары уыздың жиналуына байланысты аналық жыныс клеткасының өсу дәуірі аталық жыныс клеткасына қарағанда ұзаққа созылады. Пісіп жетлу дәуірінде І ретті ооцит екі рет бөлінеді: редукциялық және эквациялық. Осы бөлінулердің нәтижесінде бірғана жыныс клеткасы пайда болады. Бірнші бөлуінде бір клеткаға Цитоплазманың аздаған бөлігі, ал екіншісіндебарлығына дерлік келеді.Аналық жыныс клеткасының дамуында қалыптасу дәуірі болмайды
Ұрықтану дегеніміз - гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық пен аталық ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны зигота дейді. Ұрықтанудың барысында әр түрге тән хромосомалардың диплоидті жиынтығы қалпына келеді.
Ұрықтанған екі жыныс жасушаларынан біржасушалы ұрық – зигота пайда болады. Зигота жатыр түтігі арқылы жатырға өтіп, бөліне бастайды. Жасушалардың хромосомаларында өзгерістер болады. Адамның дене жасушаларында хромосома саны тұрақты 46 болатыны мәлім. Жетілген жыныс жасушаларында – 23. Ұрықтанғаннан соң аталық және аналық жыныс жасушаларының хромосомалары жұптасып саны 46-ға жетеді.
24. Шеміршек ұлпасы.
Шеміршек ұлпасы (хрящевая ұлпа); (textus cartilagineus, лат. textus — ұлпа; лат. cartilago - шеміршек) — қаңқа дәнекер ұлпасы. Шеміршек ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттардан құралған.Жасушааралық заттың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ол: гиалинді, эластинді және талшықты шеміршек ұлпалары болып үш түрге бөлінеді. Гиалинді шеміршек ұлпасының жасушааралық заты мөлдір біркелкі болып келеді. Эластинді шеміршек ұлпасының жасушааралық затында эластин талшықтары, ал талшықты шеміршек ұлпасында коллаген талшықтарының будалары болады. Шеміршек ұлпасы сыртынан шеміршекқаппен (перихондрий) қапталған. Шеміршек ұлпасының жасушаларына прехондробласттар, хондробласттар, хондроциттер жатады. Жасушааралық зат — шеміршек ұлпасының негізін құрайды. Оның құрғақ салмағының 50-70% коллагеннен тұрады. Жасушааралық заттың құрамына хондрин талшықтары мен хондромуконд (мукополисахарид) кіреді. Шеміршек ұлпасы организмде тіректік, қорғаныс және механикалық қызметтер атқарады.Гиалинді шеміршек - ұлпаның ең көп тараған негізгі түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т.б. органдардың шеміршектерін құрайды.
Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің жасушалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады. Көбінесе олар 3-4 жасушалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір жасушаның бөлуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталадыСерпімді шеміршек негізінде гиалин шеміршегіне ұқсас, бұның да жасушалары капсуламен қоршалып изогенді топтар құрайды. Оның түсі сары болады. Серпімді шеміршектен құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.
Талшықты шеміршек мұның негізгі затында каллоген талшықтары жинақталған. Омыртқа аралығында кездеседі.
Шеміршектің дамуы-гиалинді шеміршек басқа дәнекер ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Дамуы мезенхиманың тығыздалуынан басталады. Қаңқалы бөлімдер пайда болады. Ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді. Онда шеміршектің затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан каллоген талшықтары дамиды. Шеміршектің осыдан бастап екі бөлімі, аралық заты және жасушасы айқындала басталады және жасушалары көбейе бастайды. Негізгі заттың базофильдігі артады. Ұрықтың шеміршектің айырмашылығы олар изогенді топ құрамай жасушалары бір-бірінен бөлек орналасады.
25.Амфибияның даму ерекшеліктері.
Амфибиялар немесе амфибиялар (амфибиялар) - ұрықтары эмбрионның айналасында қатты қорғаныш қабығы жоқ суық қанды төрт аяқты омыртқалы жануарлар. «Амфибия» термині грекше «амфи» сөзінен шыққан, «екі» және «биос» деген мағынаны білдіреді, яғни «өмір», демек, «қос тіршілік
Қосмекенділер,амфибилер — суда тіршілік ететін балықтар мен құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.Қосмекенділердің қазіргі кезде 4700-дей түрі белгілі. Қазақстанда 12 түрі таралған, оның 3түрі сирек кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген болатын. Қосмекенділер және жорғалаушыларды зерттейтін ғылым- герпотология деп аталады. Мекені: Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерінің су айдындарында, ылғалы мол жерлерде мекен етеді. Олар суда да,құрлықта да кездесетіндіктен қосмекенділер деп аталады.Олардың көбеюі мен дернәсілдерінің дамуы, сулы ортада жүруі және дернәсілдерінің дене құрылысы, тіршілік әрекеті балықтарға ұқсас. Амфибиялардың тіршілік жағдайлары алуан түрлі. Олардың кейбір түрлері өмір бойы тек қана суда тіршілік етіп келеді. Оларға құйрықты амфибилер, протейлер, сирендер және кейбір айфиумдар жатады.
Қорғану бейімділіктері. Қос мекенділердің көпшілігі дерліктей жауларынан активті түрде қорғана алмайды. Бұлардың жаулары өте көп. Қорғану бейімделушіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы секреті- улы болатын тері бездері болып есептеледі. Ол сілекейлі қабатқа түскенде оны ашытады, кейде улатып та жібереді. Бақа мен жерлянканы бір банкаға орналастырғанда бірнеше сағаттан соң, жерлянканың тері бездерінен бөлінген секретімен уланып, бақаның өліп қалғаны байқалған. Бұл секретті қан тамырына жіберсе одан да күшті әсер етеді. Мысалы итке жерлянка секретінің елеулі дозасын жібергенде, ол сағатқа жетпей өліп қалған. Әсіресе улы бездер құрбақада, жерлянкада, чесночницада және саламандрада күшті дамыған.
Қоректенуі. Бұлардың қоректері бір тектес болады. Жануар текті қоректерді пайдаланады, тек қана личинкалары өсімдіктермен қоректенеді. Құйрықсыздар мен құйрықтылардың көпшілігі негізінен омыртқасыздармен: жауын құрттарымен, моллюскалармен, сүліктермен және түрлі насекомдармен қоректенеді. Жасыл бақалар кейде құстардың балапандарына, ұсақ кеміргіштерге және балықтарға шабуыл жасайды. Өгіз бақа және мүйізді бақалар балапандарды, тышқандарды, кейде су жыландарын да ұстап қорек етеді. Алып салмандралар көбінесе балықпен және олардың уылдырықтарымен қоректенеді. Уылдырықты басқа құйрықтыларда пайдаланады. Аяқсыздар құрттармен, құмырсқалармен қоректенеді.
Көбеюі. Амфибилердің еркектері мен ұрғашыларының сырт белгілеріне қарап байқау қиын. Кейбіреулерінің (әсіресе құйрықсыздардың) еркектері ұрғашыларынан әлде қайда кіші болады.
Амфибилердің көбеюіндегі ерекшелік — олардың көбею кезінде суға келіп, жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы. Кейінгі кезде амфибилердің бірсыпыра түрлерінде судан тыс ортада көбеюге бейімделушілік қалыптасты. Дегенмен бұл бейімделушілік екінші сипатта болатын қос мекенділердің азғана түріне тән ерекшелік болып келеді.
Құйрықсыздардың көпшілігінде ұрықтану сыртта болады .Еркегі ұрғашысының үстіне шығып, алдыңғы екі аяғымен арқасына мықтап жабысып алып, ұрғашысының жұмыртқасын қысып шығарады. Бұл процесс ұзақ уақытқа, кейде бірнеше күнге созылады. Бұл кезде олар су ішінде процесстерін атқарады.
Құйрықтылардың көпшілігінде және аяқсыздарда ұрықтану іште өтеді. Аяқсыздар ғана кәдімгідей шағылысады және олардың еркектерінің шағылысу органы болады. Тритондардың еркектері ұзақ уақыт ұрғашыларының артынан еріп жүріп, оларды күтеді.
Ұрықтанған жұмыртқаларын амфибилер көпшілігінде суға салады да оның келешектегі дамуына қамқорлык жасамайды. Сонымен қатар жұмыртқалардың басқаша жағдайларда дамитыны туралы көптеген деректер кездеседі.
Аяқсыздар жұмыртқаларын көпшілік жағдайда індерге, тастардың және түбірлердің астына салады. 20 шақты жұмыртқа салып, олардан личинкалар шыққанша, денесімен орап жатады. Личинкаларын жұмыртқадан шыға салысымен суға көшіреді де, суда метаморфозы аяқтала сала ,ересек формаға айналады.
26.Қанның жасалуы.
Қанның дамуын гемопоэз (haima – қан, poesis – жасалу) дейді. Гемопоэздің екі түрін ажыратады эмбриондық және постэмбриондық.
Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбриондық кезеңіндегі түзілуі, ал постэмбриондық гемопоэз қанның физиологиялық регенерациясы. Эритроциттердің түзілуін эритропоэз, гранулоциттердің жетілуін гранулопоэз, тромбоциттердің дамуын тромбоцитозпоэз, моноциттердің түзілуін моноцитозпоэз, лимфоциттердің жасалуын лимфоцитопоэз деп атайды.
Эмбриондық кезеңдегі қанның жасалуы.
Эмбриондарды қан бастапқы кезде сарыуыз қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйек майында және лимфа түзуші органдарда жасалады. Эмбриондық қан жасалу кезінде қанның түзілуі мен бірге тамырлар жүйесінің қалыптасуы жүреді. Бұл процес жүретін жерде мезенхиманы клеткалары топтанып пішінін өзгертіп жұмырланып қан аралшықтарына, қан тамырының бастамасына айналады. Аралшықтардың саны тез өседі, қысқа түтікшелерге айналады, олар кейін қосылып жалпы тамырлар жүйесін құрайды. Гемоцитобластылар шала жіктелген жасушалар, сондықтан олар даму процесі кезінде қанның кез келген жасушасына айнала алады. Эмбриондық қан жасалу кезінде қанның пішінді элементтерінің дамуы сарыуыз қапшығы қабырғасының тамырларында жүретін эритроциттердің түзілуінен басталады. Лейкоциттердің дамуы кейін жүреді, қан жасалу қызметі бауырға ауысқан кезде.
Эритроциттердің түзілуі гемоцитобластларда гемоглобиннің жиналуынан басталады. Гемоглобин жиналуының салдарынан цитоплазма базофильдігін жойып бірте – бірте қышқыл бояғыштармен боялатын, яғни оксофильді болады. Мұндай жасушаны алғашқы эритробласт деп атайды. Бөліну қабілетінен ажырамай көбейе береді. Цитоплазмасында гемоглобин мөлшері артып. Ядросы жойылып эритробласт алғашқы эритроцитке айналады. Бастапқы кезде қан жасушалары бауырда пайда болады. Бауыр тамырының эндотелийі біраз уақыт жаңа қан жасушаларын түзе алады, кейін тоқталады, оның рөлін тамырдан тыс қалыптасатын шала жіктелген мезенхималық элементтер гемоцитобластлар атқарады. Бауырда эпителиалдық бездік жасушалар дами бастаған кезде, ол асқорыту органына айналадыда, қанның жасалуы тоқталады. Осы кезден бастап қанның жасалуы сүйектің қызыл кемік майында, көк бауырда, лимфалық бездерде және басқа кейбір ретикулалық ұлпаның жиынтығында жүреді.
27.Эпителий ұлпасының функциялық классификациясы.
Эпителий (лат.epithelium, грек.ἐπι- — «жоғары-» иθηλή – емшек үрпі) — жануар денесіндегі төрт ұлппаның бірі, қалған үшеуі Дәнекер ұлпасы, Бұлшықет ұлпасы және нерв ұлпасы. Эпителий ұлпалары ағзалар мен бүкіл денедегі қан тамырлардың сыртқы беттерінде тізіледі, сондай-ақ көптеген ішкі ағзалардағы қуыстардың ішкі беттерінде тізіледі. Бір мысал эпидермис - ол терінің ең сыртқы қабаты.
Эпителий жасушасының үш негізгі формасы бар: Қабыршақты (squamous), бағаналы (columnar) және төртбұрышты (cuboidal).
Эпителиальды қабаттарда қан тамырлар болмайды, сондықтан олар негізінен терең қабаттағы дәнекер ұлпасынан заттардың кеңеюі арқылы, сондай-ақ негізгі мембрана арқылы азықтанады. жасушалар түйісімі эпителий ұлпаларында жақсы жұмыс істейді.
тінінің әрбір түрі тән ерекшеліктерін көптеген элементтері бар. Олар, құрылымын сипаттамалары функционалдық жиынтығы, шығу тегі, жаңарту тетігі сипатын өтірік. Осы тіндерге сипаттайтын бірнеше критерийлер, бірақ тиесілігі morfofunktcionalnaja Ең көп таралған актілеріне болуы мүмкін. тінінің Мұндай жіктеу ең жан-жақты және әр түрін сипаттайтын тиісті мүмкіндік береді. морфологиялық және функционалдық мүмкіндіктеріне байланысты мынадай ажырата эпителий: ұлпасының түрлері (жабу), тірек-қимыл және жүйке трофикалық бұлшық.
Эпителий тіндерінің тән ортақ морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерін тізімі:
1. эпителиалдық жасушалар деп аталатын ұяшықтардан тұрады. Олардың арасында ешқандай жіңішке Мембранааралық алшақтық бар жасушааралық зат. Бұл, өз кезегінде, nadmembranny кешенді (гликокаликс) бар. Бұл оның жасушалары зат енгізу арқылы, сондай-ақ оған арқылы бір ұяшықта алынған.
2. эпителий жасушалары тіндердің қабаттарының қалыптасуына әкеледі, өте тығыз болып табылады. Бұл олардың қатысуын тіндердің өз функцияларын орындауға мүмкіндік береді табылады. бір-біріне жасушалар жолдары әр түрлі болуы мүмкін: desmosomes, саңылау немесе жақын байланыстар арқылы.
3. Ілінісу және басқа үстінде орналасқан бір эпителиалды тіндер, ақуыздар мен көмірсулар тұратын базальды мембранасы бөледі. 1 мкм - Оның қалыңдығы 100 нм. эпителийдің ішінде ешқандай қан тамырлары, сондықтан олардың диффузиялық жертөле мембрана арқылы қуат.
морфофункционалдық Поляр сипатталады эпителиоциттердің 4.. Олар базальды және верхушечном полюсі болып табылады. эпителий базально жақын орналасқан ұяшықтар және барлық дерлік цитоплазмасында ядросы апикальных тұр. Cilia және микробүрлер кластерлер болуы мүмкін.
5. Эпителиалдық тіндер жаңартатын, сондай-ақ анықталған қабілеті әр түрлі. Олар сабақтарының қатысуымен, және сараланған клеткалар камбия сипатталады.
28.Нерв ұлпасы, құрылысы, қызметі.
Нерв ұлпасы нерв жүйке жүйесінің құрылымдық қызметі.Эктодермадан дамиды.Нерв ұлпасы нерв клеткаларыннан немесе нейрондардан және глиалық клеткалардан немесе глиоциттерден тұрады.Нерв ұлпасының құрамында рецепторлық клеткалар да болады. Импульстарды орталық нерв жүйесіне беретін нейрондарды афференттік немесе сенсорлық нейрондар дейді, ал эфференттік қозғаушы, нейрондар импульстарды орталық нерв жүйесінен эффекторларға (үлпаларға немесе тітіркенішке жауап беретін органдарға, мысалы — бүлшық еттерге немесе бездерге) береді. Кейде афференттік ней-рондар аралық немесе ассоциативтік нейрондар аркылы эффекторлық нейрондармен жалғасады. Сезімдік, аралық және қозғаушы нейрондар қосылып, рефлекторлық доғаны құрайды. Нейрондардың өзара жанасқан жерін синапстар дейді. Синапстар қоздырушы және бөгеуші болып бөлінеді. Нейронның денесін (перикарион) және одан тарайтын цитоплазмалық өсінділерді ажыратады, осы өсінділердің саны мен орналасуына қарап нейрондарды униполярлы және мультиполярлы деп бөледі Импульстарды клетканың денесіне өткізетін өсінділерді дендриттер деп атайды. Импульстарды клетканың денесінен басқа клеткаларға немесе шеткі органдарға өткізетін өсінділер аксондар немесе нейрит деп аталады. Бұлар дендриттерге қарағанда жіңішке және олардың ұзындығы бірнеше метрге жетуі мүмкін. Аксонның дисталдық учаскесінің нейросекрециялық қабілеті бар, ол түйме сияқты ұшпен аяқталатын көптеген жіңішке бұтақшаларға тармақталады. Түйме тәрізді ұштарында ерекше зат нейромедиаторға (ацетилхолин) толы ұсақ көпіршіктер мен көптеген митохондриялар болады.
Нейроглияның түрлері:
1) плазмалык астроциттер, 2) талшықты астроциттер, 3) олигодендроцитгер, 4) микроглияның клеткалары ірі нейрондардың арасындағы.
Ми мен жұлынның ақ затында фибриллалық немесе талшықты астроциттер болады. Өсінділері ұзын және көп тармақталмайды, талшықтардың шоғырын құрайды. Астроциттердің бұл түрінің өсінділері нерв клеткаларының өсінділері мен денелерінің арасындағы кеңістіктің бәрін толтырып тұрады және нейрондар жататын тор құрайды. Талшықты астроциттердің өсінділері нейрондарды қоректендіретін шекаралық глиалдық периваскулярлык мембраналар құрайды. Астроциттердің екі типі бір-бірімен өзара байланысты және нейрондар орналасатын үш өлшемді шырматылып жататын тор құрайды. Астроциттердің бөлінуі жиі байқалады, орталық нерв жүйесі зақымдалған жағдайда тыртық ұлпа қүрайды.
29.Қосмекенділердің гаструляциясы
Афибилер (Қос мекенділер) — суда тіршілік ететін балықтар мен құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.
Даму кезеңдеріне сәйкес олар суда да, қүрлықта да тіршілік ете алады. Тіршілік барысында метаморфозға үшырайды, яғни таза су личинкасынан көбінесе су орталығынан тыс тіршілік ететін ересек формаға айналады. Жұмыртқа клеткасына бір ғана сперматозоид енеді.Содан кейін ұрықтанған жұмыртқа клеткасына сперматозоидтардың артық санының енуінен бөгет болатын сарыуыз қабықшасы ұрықтану қабықшасы пайда болады.Жұмыртқа клеткасы және онан дамитын ұрық суда ісінетін іркілдек қабықшамен қапталады. Бұл зигота түзу үшін ата-аналық екі гаметаның - жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтардың қосылуын білдіреді. Сперматозоидтар жұмыртқаға ұрықтанғаннан кейін, зигота эмбрионға айналу үшін жасушалардың бөліну процесін бастайды. Қосмекенділерде ұрықтандыру сыртқы немесе ішкі жолмен жүруі мүмкін. Сыртқы ұрықтандыруда еркек сперматозоидтарды суға жібереді, ал әйелдер ұрық жұмыртқасын шығарады. Жұмыртқаларды қабықшасы болмағандықтан суға ұрықтандыру керек. осмекенділердегі сегментация бүкіл жұмыртқаға әсер етіп, екі мөлшерде бластомера жасайды (ұрықтанған ұрық жұмыртқасының бөлінуі нәтижесінде пайда болатын әрбір жасуша). Сондықтан қосмекенділер жалпы және біркелкі емес сегментация ұсынады.Сегменттеудің алдында бластомерлер дамиды. Бластомерлер - дифференциалданбаған жасушалар, олар біріктіріліп, моруланың ортасында қуыс түзеді немесе эмбрионның алғашқы сатысында. Бұл қуысты бластоцеле деп атайды.
Бластула гаструляция кезінде толық инвагинацияның алдын алатын екі жасушалық қабатты құрайды, бұл сатыс бластуляциядан кейін пайда болады.
Қосмекенділер жағдайында 16-дан 64-ке дейін бластомерлері бар эмбриондар морула деп саналады.
Гаструляция қосмекенділерде бірнеше функцияны орындайды. Ол эмбрионды эндодермиялық мүшелерді құруға арналған жерлерге қоныс аударудан басталады, эмбрион айналасында эктодерма түзуге мүмкіндік береді және мезодермалық жасушаларды дұрыс орналастырады. Қосмекенділерде эпиболия арқылы гаструляция болады, мұнда жануарлар полюсінің жасушалары вегетативті полюстің жасушаларын жапқанға дейін көбейеді. Бастапқы невруляция эктодермадағы морфогенетикалық өзгерістерден басталады. Невруляция кезінде жүйке түтігі дамып, кейінірек орталық жүйке жүйесіне айналады. Сомиттер мен нотохордтар да дамиды.
Қазір эмбрион нейрула деп аталады және тырнақ тәрізді. Нейрулада омыртқалы эмбрионның негізгі сипаттамалары анықталады.
30. Жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың дамуы.
Құстар шағылысқаннан кейінгі ұрықтанған жұмыртқаның дамуы ана құстың ішінде басталып, сыртқа шыққаннан кейін де дами береді. Барлық құстар жұмыртқа басады, демек денесінің жылуымен оларды жылытады. Әдетте жұмыртқаны ұрғашы басады, кейде екеуі де (еркегі және ұрғашысы) немесе еркегі ғана басады. Эмбриондардың даму ұзақтығы әр құстың түрінде түрліше. Мысалы, тауықта – 21 күн, құстың үлкені түйеқұста – 55-60 күн, ал ең кішкентай құс колибриде – 10-12 күн. Ұсақ торғай тәрізді құстардың жұмыртқаларының даму мерзімі – 9-14 күн, қарғалардікі – 17-20 күнде, бүркіттігі – 44 күнде, кекіліктер – 21 күнде, қырғауыл – 21-25 күнде, жабайы үйректер – 24-28 күнде балапан шығарады.
Құстар қағанақтыларға (амниота) жатады, сондықтан ұрықтың қабығы болады, демек, амнион сироз және аллантоис. Ұрықта өкпе пайда болған кезде аллантоис керек болмай кеуіп қалады. Дамып жетілгшен балапан ерекше тұмсығындағы өскін жұмыртқа тіспен жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шығады. Жұмыртқадан шыққан балапандардың ширақтық дәрежесі әр түрлі болады. Осыған сәйкес үлпілдек жүнді, ширақ балапан шығарушылар және әлсіз, қызылшақа балапан шығаратындар болып екіге бөлінеді. Ширақ балапандар жұмыртқадан шыққанда көзі ашық, денесі мамықпен жабылған, өзі жүріп жемді тауып жей береді. Құстардың бұл түріне көбінесе жерде және суда мекендейтін тауық тәрізділер, дуадақтар, қаз тәрізділер жатады.
Әлсіз қызылшақа балапандар жұмыртқадан шыққанда жалаңаш, көзі жұмулы, әлсіз болады. Сондықтан біраз уақыт ата-аналары ғана қоректенеді. Балапандары әлсіз құстарға торғайтәрізділер, тоқылдақтар, сұрқарлығаштар, көгершщіндер, көкқарғалар жатады. Жапалақ және күндізгі жыртқыштар да әлсіз қызылшақа балапан шығарады. Бірақ ат бұларда біршама жетіліп, көзі ашық болып туады. Олар ұяларын ағаш басына, жерден биік жерлерге салады.
Сүтқоректілерде ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықт ы ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулері соқыр және жәрдемсіз болып туылады. Барлық жануарларда анасы сүтпен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда сан жағынан аз бала табады.
31.Ұлпалар туралы жалпы түсінік
Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) — өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.
Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Егер ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса, оны жай (колленхима), ал бірнеше жасушалардан тұрса — күрделі (эпидерма) деп жіктейді. Негізгі ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты ассимиляция, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш болып ажыратылады.
Ұлпалардың микроскопиялық құрылысын мен функциясын зерртеудің негізінде Франс Лейдег 1853жылы олардың бірінші классификациясын ұсынған болатын.Оның классификациясын Альберт Келликер 1855 жылы ұлпаларды төрт типке бөлгенн болатын:
Эпителий ұлпалары
Дәне кер ұлпалары
Бұлшықет ұлпалары
Нерв ұлпалары
Ұлпалардың осы төрт типін А.А. Заверзин екі топқа қарастырды.Ол біріншісі Жалпы маңызы бар ұлпалар оған Эпителий және дәнекер ұлпаларын жатқызған болатын.Екінші бізде Мамандалған ұлпалар оған Бұлшық ет ұлпасы мен бірге нерв ұлпасын біріктірген болатын.Эволюция процесінде алдымен жалпы маңызы бар ұлпалар пайда болған,маманданған ұлпалар филогенетикалаық дамудан кейін кезеңде пайда болған деген тұжырымдамалар кездеседі.Әрбір ұлпаның құрамында дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі клеткалық элементтер жоғарғы дәрежеде жіктелген мамандалған элементтер пайда болады.Шала жіктелген клеткаларды А.А.Заверзин камбиялық клеткалар деп атаған.Камбияялық элементтерден жоғары дәрежеде жіктелген маманданған элементтер пайда болады.Камбиялық клеткалар көбейе алатын болса маманданған клеткалар белгілі дәрежеде көбею және жіктелу қабілетінен айырылған.
32.Сүйек ұлпасы, құрылысы, қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |