1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Ландшафт әсер етуші факторларға байланысты өзгеруі, біркелкі болмауының негізгі себебі неде



бет23/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)

43 Ландшафт әсер етуші факторларға байланысты өзгеруі, біркелкі болмауының негізгі себебі неде. Ландшафт түзуші факторлар - ландшафтының ең маңызды қасиеттерін калыптастыратын факторлар. Ландшафт түзуші факторларды сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы факторларына ғарыштық, геодинамикалық факторлар жатады, ішкі факторлары ландшафтыға енетін жеке құрамбөліктері мен төменгі таксондық дәрежедегі табиғат кешендерінің өзара әрекеттері процестерінде байқалады. Барлық ландшафт түзуші факторларды зоналық (климат, топырақ, өсімдік және т.б.) және бейзоналық (бедер, геологиялык кұрылысы) факторлар деп бөледі.
Ландшафтың түзілуі әр уақытта геологиялық – геоморфологиялық факторларджың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық – геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады. Су және климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жер асты суы, күн энергиясы мен жауын – шашын жатады. Алғашқы екеуі азоналы, соңғылары зоналы жүйедегі ландшафтысын қалыптастырады. Теңіз ағыстары – жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор. Жер беті мен жер асты суы жаратылысына қарай зоналы фактордың – жауын – шашынның туындысы болып сманалады. Бірақ олар ландшафтының түзілуінде интразоналы фактордың рөлін атқарады. өзен, көл маңы және жер асты суының жер бетіне шыққан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болғандықтан, шөл, шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы қалыптасады. Оазистер саялы көк – жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады Антропогендік ландшафт - адамның мақсатты қарекеті салдарынан, сондай – ақ табиғи ландшафтыны әдейілемей өзгертуі барысында пайда болған географиялық ландшафт.
Антропогенді фактордың әрекет ету көлемі, қарқыны халықтардың орналасу тығыздығына, өндіріс құралдары мен өндіріс қатынастарына , т.б. әлеутеттік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Жер шары ландшафтысын адам әрекетінің әсеріне қарай төртке бөлуге болады:
1.Адам аяғы баспаған табиғи ландшафты. Мұндай ландшафтыға Арктика, Антарктика және таулы белдеудегі адам қоныстандаған жерлер жатады. Бұл жерлердегі ландшафтының құрамдас бөлігі де, морфологиялық түзіліс құрылымы да тьабиғи фактордың әрекетіне ғана байланысты дамиды.
3.Адам әрекетінен бұзылған ландшафты. Ландшафтының құрамдас бөліктер байланыстары жан – жақты зерттелмей табиғат байлықтары сарқа пайдаланылған жағдайда аңызақ, сел, індет сияқты дүлей құбылыстардын жер жыраланып, топырақ тұзданады, шабындықты арамшөп басады, жолдар мен жер азады.
4.Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафты. Ландшафтының құрамдас бөлікм арқылы немесе құрылымдық түзілу байланыстары жан – жаөты зерттеліп, табиғат байлықтары толығымен халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдаланылған жерлерде адам әрекеті ғылыми негізде жоспарланады да, ландшафтыны түлетіп, биологиялық зат айналымын, түсімділігін арттыруға, жылу, су, минералды заттар баланысын тепе – теңестіруге, жерді аздыратын жел, су эрозиясы сияқты дүлей құбылыстарлды болдырмауға бағытталады, басқаша айтқанда, жоғары өнімді мәдени ландшафттар түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет