Жас айырмасына қарай антропогендік ландшафт үш топқа жіктеледі: 1 Ұзақ сақталып, өзін - өзі реттеуші ландшафты. Бұлар халық шаруашылығы айналымына қатысы жоқ әрекеттерге байланысты түзіледі. Мысалы: еліміздің әр жерінде жеке, дара немесе топ – тобымен тізбектеліп жататын қорған төбелерді атауға болады. Олар жүздеген, мыңдаған жылдар бойы жергілікті жер жағдайларымен үйлесім тапқан құрамдас бөлік аралық тепе – теңдігін сақтап келеді. Олардың түзілу жолдары адам әрекетіне байланысты болғанымен, қалыптасқаннан кейін даму эволюциясы табиғат заңдылықтарына сәйкес келеді.
2 Көпжылдық, жартылай реттелуші ландшафты. Ландшафтының бұл тобына екпе орман алқабын, канал, бөген сияқты жасанды су жүйелерін, жол тораптарын, шабындық пен жайылымдық жерлерді жатқызуға болады. Оларды халық шаруашылығы айналымынан шығарып алмау үшін мезгіл – мезгіл жаңғырту керек.
3 Қысқа мерзімді, ұдайы реттеп отыруды қажет ететін ландшафт. Бұларға егінжай, елді қоныс, кен орыны жатады. Олардың шығу тегі мыңдаған жылдармен есептеледі, бірақ қай – қайсысы болсын жыл сайын өңдеп күтуді қажет етеді. Мысалы: егістік жер жыл сайын агротехникалық өңдеуден ғана тұрақты өнім бере алады.
44 Орманды дала шөлейт шөл зоналары ландшафттары.Орманды дала зонасында орманның да, даланың да аңдары кездеседі. Жалпы алғанда орманды дала мен дала ландшафттарының жануарлар дүниесінде табиғи шекара әлсіз болып келеді. Көбінесе орман фаунасы басым. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көп кездеседі. Орманды дала Қазақстандағы бұлан мекендейтін бірден-бір орын болып табылады. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ, қарға құстары тіршілік етеді. Орманды даладағы көп ұсақ көлдерде үйрек, шағала, т. б. жыл құстары ұя салады. Өзен бойындағы ну қамыстарда жабайы шошқа да мекендейді.
Дала зонасының ландшафттары.Қазақстан аумағында дала зонасы республиканың 30%-дай жерін алып жатыр (77 млн га). Ол Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Жалпы Сыртта, Орал тау алды үстіртінде, Торғай үстіртінде, Сарыарқаның көп бөлігі мен Теңіз, Қорғалжын көлдерінің маңында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай мөлшермен алғанда 2200 км-ге созылып жатыр. Дала ландшафттары орналасқан жерлердің тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы әртүрлі болып келеді. Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелі платформаның плиталық жазығынан тұрады. Дала ландшафтысы бұл аумақтарда теңіз табанды саз балшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Бұл жерлердің шөгінді жыныстары теңіз басуы мен құрлық көтерілуінің нәтижесінде қабаттаса орналасқан лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтар мен сазды жыныстардан түзілген. Жер бедері ойпатты, қыратты, үстіртті болып келеді. Сарыарқада ежелгі калеодондық тау жүйелерінің аласа жұрнақтары кездеседі.
Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.
Шөлейт зонасының ландшафттары:Бұл зона Каспии маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км-ге созылған, жалпы 44млн.га немесе республика территориясының 16.5%-і негізінен Каспии маңы ойпатының солтүстігінде, Орал адды үстіртінің, Торғай төрткүлді жазығының және Сарыарқаның оңтүстігінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Жезқазған, Қостанай, Қарағанды, Семей облыстарының территориясында тараған. Климаты құрғақ континентті жағдайда қалыптасқан. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 230-180мм, ауа темперетурасының 100С-тан жоғарғы жылдық қосындысы. Жазы ыстық, шілдедегі орташа температурасы 20.4-20.50С. Қысы суық, қаңтардағы орташа ауа температурасы -13.4-16.90С. қар жамылғысы жұқа.
Шөлейтті ландшафты геологиялық-геоморфологиялық негізі, климат және табиғат жағдайларының айырмашылығына қарай Шығыс Еуропа, Торғай және Орталық Қазақстан ландшафтылы аймақтарына бөлінеді.
Ландшафтысы бор дәуірінде түзілген бор және мергель жыныстарынан тұратын Орал алды Үстіртінде, төрттік дәуіріндегі саз балшықты теңізтабанды тұратын Каспии маңы ойпатында орналасқан. Мұнда теңізтабанды сазбалшықтан түзілген ойпатты жазықтағы қызыл күрең, ашыұ түсті сортаңды күрең топырақта өскен бозды-бедегелі, бозды-бедегелі жусанды шөлейт өсімдіктері тараған.
Саздақты өзен жайылмасы мен қара сулы көлтабанда батпақталынған шалғынды және қызыл күрең далалы топырақпен шалғынды топырақты құрамда өсетін қамысты, қоғалы қамыст, әртүрлі шөптесінді галофиттер тараған. Жалпы Шығыс Еуропа шөлейт ландшафтысы мал жайлымы үшін пайдалы.
Орманды дала зонасының басты ерекшелігі – орман және дала өсімдіктерінің үйлесімді бірлігі болып табылады. Бұл ландшафттық зонаның климаты қоңыржай континенттік болып келеді.
Қазақстанның орманды даласы тегіс жазық болып келеді (Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі). Жер бедерінде көптеген ұсақ көлдермен толған, жағалаулары жайпақ болып келетін қазаншұңқырлар кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңіс, осы бағытта абсолют биіктігі 180 м-ден 120-ға дейін азаяды. Жер бедеріне солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған жалдар тән. Олардың ұзындығы 20-25 м-ге дейін жетеді. Жер бедерінің жалпы ойпатты сипатын қазіргі өзен аңғарлары бұзады. Ең ірі өзен – Есіл өзені.
Батыс Сібір ойпатының негізін палеозойлық және басқа да ежелгі жыныстар құрайды. Фундамент бетіндегі 700 м-ге дейін жететін шөгінді қабат кезектесіп келетін сазды және құмды жыныстардан құралған.
Петропавл қаласынан солтүстікке қарай оңтүстік орманды дала зоналығы орналасқан. Мұнда орманды далаға тән ылғалды қоңыржай климат қалыптасқан. Бұл аумақ жер беті және жер асты суларымен жақсы қамтамасыз етілген. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Саздақты жерлер мен өзен беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі қара топырақты аумақтарда астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен қатар батпақтанған шымтезекті топырақта өлең шөпті қамыс өседі.
Орманды дала зонасында орманның да, даланың да аңдары кездеседі. Жалпы алғанда орманды дала мен дала ландшафттарының жануарлар дүниесінде табиғи шекара әлсіз болып келеді. Көбінесе орман фаунасы басым. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көп кездеседі. Орманды дала Қазақстандағы бұлан мекендейтін бірден-бір орын болып табылады. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ, қарға құстары тіршілік етеді. Орманды даладағы көп ұсақ көлдерде үйрек, шағала, т. б. жыл құстары ұя салады. Өзен бойындағы ну қамыстарда жабайы шошқа да мекендейді.
Шөлейт зона дала мен шөл зонасының аралығындағы өтпелі зона болып табылады. Шөлейт зона ландшафттары: қызғылт қоңыр сортаңды және карбонатты топырақтағы жусанды-бетегелі, жусанды-көделі – еркекшөпті шөлейттер. Құмды массивтері бар жазық жерлер, ашық қызғылт қоңыр топырақтағы жусанды-бетегелі-бозды шөлейттер, жер бедері толқынды-аңғарлы саздақты қабаттық жазықтар, төбешікті-қырқалы, эолды жазықтардағы құмды топырақтардағы жусанды-көделі еркекшөпті шөлейттер болып табылады. Мұнда ландшафттардың Шығыс Еуропалық, Торғайлық, Орталық Қазақстандық және аңғарлық орманды-шалғынды типтерін бөлуге болады.
Шығыс Еуропалық тұрпаттағы ландшафттар Каспий бойы ойпатының сазды жайпақ жазықтары мен Орал тау алды үстіртінің мергельді, жонды жазықтарында қалыптасқан. Ландшафттың Торғайлық тұрпаты көлді-қолатты және сор, сортаң кешендерге тән болып келеді.
Шөл зонасындағы ландшафт түрлері әр алуан. Оларға қоңыр топырағында қара жусан, бұйырғын, изен, астық тұқымдастар, жонды-белесті акумулятивті жазықтар, сұр-қоңыр топырақтағы сортаңды – жусанды шөлдер, шөлді адырлар, тақырлар, сусымалы құмдар, тұзды көлдер жатады.
Шөл ландшафттары негізінен жайылым ретінде пайдаланылады. Қолдан суарылатын аумақтарда бау-бақша, күріш өсіріледі.