Математикалық сөйлемдерді дәлелдеу әдістері. Есептерді шығару мен дәлелдеуде келесі әдістер пайдаланылады: есептеуді пайдалану, координаталық жүйені пайдалану, математикалық индукция қағидасын пайдалану, кері жору, аддитивтік әдіс, дедукцияны пайдалану, салудың әдістері, стандарт әдіс, стандарт емес әдістер, логикалық ойлау т.б. Дирихле қағидасы. Лежен Дирихле (1805-1859 жж.) қағидасы бойынша: егер тор жәшікте қояндарды орналастырсақ, онда 2 қоян орналасқан бір тор жәшік табылады. Мысалы, кез келген 6 натурал санның ішінен айырмалары 5-ке бөлінетін 2 сан табылады. Дәлелдеуі: ; дәлелденді. Есептердің мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеру тесттері түріндегі формасы Қазірігі заманда қоғамның дамуы математикалық білімдердің жүйесіне нақты талаптар жүктейді, бұл білімдерді халықаралық бірлестіктер «адам капиталы» деп атайтын білім, білік дағдыларды қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Математикалық білімдердің белгілі бір көлемі, математикаға тән әдістерді игеру, оның арнайы тілімен таныс болу адам мәдениетінің ортақ элементтері болып табылады Осыған қоса математиканы оқытудың сапасын бағалау да үлкен көкейкесті мәселеге айналып отыр. Соңғы кезде білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер тестерді білімді сапасын бағалау үшін пайдаланудың жасалған теориясы және әдістемесі мен оларды математиканы оқыту практикасындағы тиімді қолданылуы арасында қайшылық туындап отыр. Мектеп оқушыларының білімін бақылау тестерінің жүйесі математиканы блоктық оқыту технологиясында қолдану математикалық білім беру тиімділігін арттыруға көмегін тигізе алады.