1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


-Лекция. Математиканы оқытуды саралау



бет17/19
Дата27.02.2022
өлшемі157 Kb.
#26485
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дәріс материалдары

13-Лекция. Математиканы оқытуды саралау
Оқытудағы даралау мен саралаудың негіздері. Білім беруді саралау (білім берудің дифференциациясы) – әртүрлі бейімділіктері бар білім алушыларды бір текті топтарға ұйымдастыру арқылы білім алуға жағдай жасау (технологиясы). Білім берудің индивидуализациясы – білім алушылардың әртүрлі өзіндік ерекшеліктерін, бейімділіктерін ескеру арқылы жүргізілетін мұғалімнің оқушылардың тобымен қарым-қатынасы. Саралаудың пайдалы жақтары: барлық балаларға біркелкі бағалау мен орта деңгейде ғана оқытуды болдырмау; оқуға мүмкіндіктері жоғары оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеру; білім алуды оңайлату үшін және оқу материалын жақсы игеру үшін қабілеттеріне қарай оқушыларды топтарға біріктіру; үлгерімі төмен оқушыларға тиімді жағдай жасау. Оқытудығы кері байланыс: - cыртқы: оқушы – мұғалім оқушы; мұғалім – оқушы; - ішкі: оқушы – оқушы. Қағидалары: кері байланыс қағидасы; таңдау еркіндігінің қағидасы; ашық болу қағидасы; іс-әрекет қағидасы; идеалдылық қағидасы; дамыған кері байланыс әдістері арқылы оқу үрдісін әрдайым бақылап отыру. Саралау (дифференциал (лат. differentia – айырма, айырмашылық)). Саралап іске асыру (дифференциация – франц. differentiation, лат. differentia – айырма, айырмашылық) бүтін нәрсені әртүрлі бөліктерге, формалар мен басқыштарға (деңгейлерге) бөлу. Бұрын «саралап оқыту» деп орта мектептің жоғарғы сыныптарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бөліп, айырып жазу деген түсінік болған; бұның нәтижесінде орта мектеп өзінше белгілі бір бағыттарға (өндірістік, физика-математикалық, биологиялық, гуманитарлық т. б.) бағытталуы іске асып отырған. Осы бағыттардың әрбіреуінің өзіндік ерекшеліктері, өзінің пәндері бейіндейтін өзіндік циклы болды. Сол кезде саралауға келесі анықтама берілген еді: Оқытуды саралау – оқушылардың ынталары мен қабілеттіліктерін ескеру арқылы орта мектептің жоғарғы сыныптарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бөліп, айырып жазу. Кеңес үкіметі кезінде жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, факультативтік сабақтар, талантты балалар, арналған арнайы мектептер (музыкалық, сурет, хореографиялық, спорттық) арқылы іске асырылап отырған [29]. Оқытудың ерекше формасы саралап оқытумен қоса оқыту үрдісінде оқушыларға «сарау тұрғысы» деген ұғым пайда болды, бұл мұғалімнің оқыту жұмысы мен оқушының жұмысының арасындағы қатынасты анықтайды, Бұдан басқа, педагогика мен психологияның қазіргі заманғы жетістіктері мен математиканың заманауи әдістемесі көп көңіл бөліп отырған оқушылардың оқу жұмыстарына өзіндік қатынасы оқушы мен мұғалім жұмыстарының бірлігі мәслелесінегі үлкен көкейкесті мәселелерді анықтап отыр және ұжымдық қатынас жағдайында оқытуды түгелдей толық саралау мүмкіндігін де қарастырып отыр. Осыған орай, қазіргі заман дидактикасында оқытуды саралау ұғымы мен оқытуды даралау ұғымының арасына нақты шекара жүргізілмегенін айта кетпекпіз. Оқытуды тиімді даралау мәселесі арнайы әдіс – оқытуды программалау әдісінің пайда болуына ықпалын тигізді. Сондықтан оқытуды даралау мәселесі ең алдымен программалап оқытумен айналысатан адамдардың көңіл аударып отырған мәселесіне айналған. Алғашында оқытуды даралау деп оқушылардың оқу жұмысын олардың әрқилы қабілеттеріне қарай әртүрлі темппен ұйымдастыруды қамтамасыз ету деп қана түсіну болған. Мұнда, оқытуды даралауда үлгерімі жоғары оқушыға аздау ал, үлгірімі төмен оқушыға көбірек жаттығу керек деп атап көрсетілген еді. Бірақ, кейінгі кезде оқытуды даралау мәселесі программалық оқыту зерттеулерінің аясынан шығып, өздігінше дамуды бастаған, жалпы оқытуды тиімді етумен байланысты маңызды мәселе ретінде қалыптаса бастады. Оқушылардың оқу жұмысын даралаудың жеткіліксіздігі олардың қабілеттерінің барынша дамуына кедергі жасайтыны, білім деңгейінің төмендеуіне әкелетіні дәлелденді. Бұл мәселенiнің математиканы тиiмдi оқытуды жүзеге асыруда ерекше орны бар екені түсінікті. Бұл оқушылар алдында оны оқып-үйренудегі туындалатын қиындықтардың себебінен де; орта білім беру жүйесінде математикалық білім берудің білімдік жағының артуына да байланысты. Математиканы оқытудағы даралау оны оқытуды міндетті түрде саралауды қажет етеді, бұны барлық оқушылар, сондай-ақ жек бір оқушы үшін оқытудың барлық кезеңдерінде жан-жақты түсініктілік және оң қорытындысының болуы деп түсіну керек. Математикадан оқытуды даралау оқу үрдісінде ұжымдық жұмыстан бас тарту дегенді білдірмейтінін, ол оқушылардың дара және ұжымдық жұмысытарының ұйымдасқан бірлігін көрсететінін айта кету керек. Кез келген оқу пәніндегі, сонымен бірге математикадағы оқытуды саралаудың негізгі мақсаттары ретінде келесі тұжырымдарды санау қажет: 1) оқушының жеке өзіндік қабілеттерін дамыту және оқытуда пайдалану; 2) әрбір оқушының танымдық қызығушылығын дамыту және оқытуда пайдалану; 3) ) әрбір оқушының интеллектуалдық қабілеттері мен дарынын дамыту және оқытуда пайдалану; 4) әрбір оқушының оқуға қабілеттілігін барынша дамыту; 5) саналы түрде мамандық таңдауға дайындау; 6)әрбір оқушының оқуға деген өзіндік жұмыс істеу дағдысын дамыту. Осыған байланысты математика пәнінің мұғаліміне өзінің оқушыларының білімділік деңгейі, оқуға қабілеті, қызығушылықтары мен қабілеттері тұрғысынан жан-жақты, жақсы зерттеуі қажет. Осыны жақсы іске асыру үшін, тесттік жаттығулардың белгілі бір жүйесін пайдалану тиімді. Бұның мақсаты келесі нәрселерді тексеру болып табылады: 1) оқытуды қабылдау деңгейі; 2)өздігінше жұмыс істеу білуі; 3) оқу текстін түсініп, белгілі жылдамдықпен оқи алуы; 4) тапқырлық қабілеті; 5) математикалық ойлаудың қандай да бір құраушысының даму деңгейі; 6) танымдық қызығушылығы т. б. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру Ынтымақтастық педагогикасы – екі тараптардың ісі, балалардың да, үлкендердің де белсенділігін талап етеді. Бірақ, оның орындалуы мен орнығуы үлкендердің үлесінде. Жеке тұлғаға бағытталудың – басты мақсаты: нақтылық төңірегіне бағытталудың педагогикалық әрекеттері синтезінің қағидасы ретінде қарастырылады. Педагогикалық үрдісте болып жатқан әрекеттерінің бәрі тек осы мақсатқа жетуде қаншалықты педагогикалық деңгейде істелгенімен анықталады. Жек тұлғаға бағытталу – бұл педагогикалық үрдісте жеке тұлғалық жаңа бейнелердің механизмін ашып көрсететін түсіндіру қағидасы. Бұл қағиданың мәні жеке тұлғаның өзіндік ашылуындағы адамның өзінің орны мен ролін түсінбейінше оның өміріндегі ешбір өзгерістерді түсіндіру мүмкін еместігін көрсетуінде. Жеке тұлғаға бағытталу – білім беру үрдісінде жеке адамның еркіндік қағидасы ретінде: оның мақсаттарды, білім алу «жолдарын» таңдауы, оқылатын мазмұнды (жеке тәжірибесін) өзіндік, жеке тұлғалық қабылдауын қалыптастыруы мағынасында анықталады. Жеке тұлғаға бағытталуды – педагогикалық үрдістің бүтіндігі жөніндегі көрініспен байланыстырады. Жеке тұлғаға бағыт ұстау – білім беру жүйесін құруда қосындылауды (саяси немесе басқа мақсаттарды), функционализмді болдырмауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағытталу – индивидтің (жеке адамның) өзіндік жеке қаситеттерін дамытуға және өзіндік дамуға бағытталған педагогикалық үрдістің ерекше түрі ретінде де қарастырыла алады. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру адамның өзіндік өмір сүруінің механизмдерін – рефлексиясын, мағыналық шығармашылығын, тапқырлығын, жауаптылығын, жан-жақтылығын т.б. дамытуды білім берудің мазмұндары мен әрекеттік қосымшалары жұмытарын бағыттаған өзінділік мақсаты ретінде қарастырады. Әлеметтік тұрғыдан саралаудың мақсаты қоғамның әрбір мүшесінің, социуммен қарым қатынасында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында қоғамның шығармашылық, интеллектуалдық, кәсіптік потенциалын қалыптастыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет