1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


-Лекция. Математиканы оқытуды даралау



бет18/19
Дата27.02.2022
өлшемі157 Kb.
#26485
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дәріс материалдары

14-Лекция. Математиканы оқытуды даралау
Даралау қағидасы (индивидуации (лат. principium individuationis)) – томизм қабылдаған Аристотель философиясының ұғымы; кеңістіктің негізі ретіндегі «алғашқы материя», заттардың жиындылығының бөлу уақыты. К. Г. Юнгтың «аналитикалық психологиясында» бұл – жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі, оның қалыптасуы, өзіндік және ұжымдық санадан тыс мазмұнын сананың ассимиляцилауының қорытындысында пісіп-жетілуі. Даралық (Индивидуальность) – қандай да бір құбылыстың, жеке тірі нәрсенің , адамның қайталанбас өзіндік ерекшелігі; жалпыға ортақтылыққа, біртиптілікке, әлеуметтік психологияда – ұжымдылыққа (топталғанға) қарама-қарсы пікір. Фәлсафалық ұғым ретінде атом, монада жөніндегі оқуларда қолданылған. Бірінші кезеңде даралау – математиканы тиімді оқытудың негізгі құралы екендігі жөніндегі әдебиеттерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Екінші кезеңде қазіргі уақытта оқу материалын даралап оқытудың ерекшеліктері қарастырылды. Үшінші кезеңде математика пәнін даралап оқыту мен дәстүрлі оқытудың нәтижелерін салыстырып, өзіндік ұсыныс (оқыту әдісі) жасалады, қорытынды шығарылады. Шығармашылық жұмысының орындалу нәтижесінде мүмкін болатын ғылыми жаңалықтары төмендегідей: математиканы тиімді оқытудың құралы негізінде оқытуды даралау мен саралау әдістері айқындалады; математика материалын даралап оқытудың белгілі қағидалары іске асырылады. Даралау – математиканы тиімді оқытудың негізгі құралы ретінде Қазіргі кезде мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру – білім мазмұнын және білім берудің Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңына сәйкес қайта қарауды талап етеді. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Математиканы даралап оқытуда әрдір оқушының білім деңгейі, біліктігін және дағдысын уақтылы тексеріп отырудың маңызы үлкен. Дұрыс ұйымдастырылған тексеру жұмыстары тек оқушылардың білім деңгейін білу мен бағалау үшін емес, ол мұғалімнің өз еңбегінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін байқап отыруына да жәрдемдеседі. Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі керек. Даралап оқыту тек жаңа тақырыпты даралау бабымен түсіндіру ғана емес, ол әр оқушының атқарған қызметінің барлық түрлері мен нәтижелері дараланған түрде екенін қатаң есепке алу болып табылады. Осы қағида әр мұғалім тәжірибесінде орныққаны дұрыс. Оқу материалын қорытындылап, деңгейлеп жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін, күрделілігі әртүрлі тапсырмалар беріледі. Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін үйге берілетін тапсырмаларды даралаудың ролі зор. Үй тапсырмаларын даралау күрделілігі жағынан да әр алуан. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай үй тапсырмаларын даралағанда тапсырмалардың: көлемі, әр түрлі әдістерді пайдалану, тапсырманың толықтық және тереңдік дәрежесі, орындау мерзімі ескерілуі міндетті. Жоғары сыныптарда математиканы даралап оқытуда төмендегі шарттарды ескеру қажет. Мұғалім: әр оқушының мінездемесін анық білуі тиіс; әр оқушыға қандай жалпы оқу мазмұны мен қандай білік пен дағдыны игертуі керек екендігін толық түсінуі тиіс; дараланған тапсырмаларды ойластыра және құрастыра білуі тиіс; әр сабақты ұйымдастыру мен оқыту әдістерінің тиімді түйісулерін таба білуі тиіс. Даралау мен ұжымдық оқытуды органикалық ұйымдастыра білу – оқыту мен тәрбиелеудегі басты талаптардың бірі екендігін, әр мұғалім жадында ұстауы тиіс. Математика пәнінің оқу материалын даралап оқыту Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім ең алдымен олардың ықыласы мен жігерін, темпераментін, есте сақтау қабілетін, ойлау ерекшеліктерін, ынтасын зерттеуі қажет. Оқушылардың бұл ерекшеліктерін сабақта немесе сабақтан тыс уақытта оқушылармен, ата-аналармен басқа пән мұғалімдерімен әңгімелесе отырып, бақылау жасау арқылы зерттейді. Кейбір жағдайда, шағын психологиялық тәжірибе жасап, анкеталар толтыруды жүзеге асырады. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу нәтижесін анықтаған соң, мұғалім олармен жеке жұмыс жүргізу шараларын белгілейді. Бұл оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру мен үлгерімі төмен оқушыларға көмектесу жүйесін жасауды және олардың білім, білік және дағдыларын талаптарға сай көтеруді көздейді. Мұнда оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі, басқа пәндерден үлгерімі зерттеліп, кездескен олқылықтарды шұғыл жою жолдары қарастырылады. Үлгерімі төмен оқушылардың білімін талапқа сай көтеру үшін, игерілген білімдегі кездесетін олқылықтардың сипатын, қандай тақырып жеткіліксіз меңгерілгенін, есептердің қандай типтері қиындық туғызатынын, қандай біліктіліктер мен дағдылар кем соғып жатқанын анықтау қажет. Бейінді оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері Бейінді білім беру – бұл жоғары сынып оқушыларының арнайы дайындық жүйесі, ол білім алушылардың жалпы білім беретін орта мектептің соңғы сатысындағы оқу үрдісін: нақты талаптар мен қабілеттіліктерге сәйкес келетіндей, оқушылар өздерін саналы түрде жасаған таңдауын өздерінің кәсіптік мамандықтары ететіндей барынша даралауға бағытталған. Бейіндік оқыту – оқытуды саралау мен даралаудың құралы болғандықтан бұл жаңа педагогикалық технология деңгейлік саралауға сүйене отырып, бұл жұмысты дәстүрлік құрамдағы кәдімгі сыныптарда да қолдануға мүмкіндік береді. Бұл технологияны пайдалану балалардың оқуға деген жағымды мотивациясын арттырады, олардың мектептегі уақытын ыңғайлы, тиімді етеді, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы конфликттерді барынша азайтады, олардың арақатынасына сенімділік, құрметпен қараушылық әкеледі. Бейіндік оқыту әдістерін ендіру үшін төмендегілерді қолданады: - диагностикалық тест қорытындыларын, - диагностикалық тарату құралдары, - әдістемелік көмекші құралдар мен нұсқаулар. Факультативтік сабақтар Қызығушылықтар мен бейінділіктер. Жұмсақ (элективтік-таңдамалы) саралау. Бейіндік сыныптар. Жоспарланған мамандыққа қызығушылықтар мен бейінділік. Қатты (селективтік) және деңгейлік саралау. Пәнді тереңдетіп оқытатын сыныптар. Жоспарланған мамандыққа қызығушылықтар мен бейінділік және оқудағы жетістіктер Қатты (селективтік) және деңгейлік саралау. 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытудың үлгісін құрастыруда кейбір кері нәтижені, бір қатар проблемаларды көрсету маңызды: негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық жүйесінің жеткіліксіздігі; әлеуметтік-экономикалық қиындықтардың кездесуі, бейіндік оқытуды ұйымдастырудың барлық жағдайын толық орындауға жеткіліксіздіктің себеп болуы, оның ішінде шағын жинақталған мектептерде; білім беру мекемелерінің үлгісінде, білім беру мазмұнында, білім беру процестерінің деңгейінде білім берудің вариативтілік идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі; жоғарғы сыныптарда бейіндік оқытудың мазмұнын жүзеге асырушы мамандармен қамтамасыз ету; орта білім беру деңгейінің білім беру ұйымдары ретіндегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру. Сонымен, бейіндік оқыту – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі. Оқытуды бейіндік саралаудың негізі – тұлғаға бағдарланған оқытуға ерекше көңіл бөлінуі Инновациялық мектептердегі оқытуды бейіндік саралаудың жинақталған тәжірибесіне мемлекеттік деңгейде мән берілмеуі Оқытуды бейіндік саралаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасауға әрекет жасалуы Оқытуды бейіндік саралау нәтижелерінің мониторингісінің жүргізілмеуі Оқытуды бейіндік саралау негізінде білім беру мекемелерінің және олардың оқушылары мен түлектерінің түрлі моделдерінің жасалуы Дегенмен, инновациялық мектептердің оқытуды бейіндік саралау бойынша жинақталған тәжірибесінің оң, яғни позитивті тұстары басым болып келеді, олар өздеріне берілген артықшылықтарды тиімді пайдалану арқылы бейіндер құруда, олардың мазмұнын іріктеуде және қосымша білім беру бағдарламаларын жасап, жүргізуде бірқатар жақсы жетістіктерге жетті. Бұл осы тәжірибені алдағы уақытта тиімді пайдалануға, сол арқылы оң нәтижелерге жетуге болатынын айғақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет