1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық қҧрылыс (Т.Мор



Pdf көрінісі
бет16/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126
5. Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық қҧрылыс (Т.Мор, 
Т.Кампанелла). 
І.
Томас Мор
(1478-1535 жж.) кӛрнекті ойшыл, Англия канцлері болған. «Утопия» атты 
еңбегіндегі негізгі идеялары: 
1. Англияның қоғамдық және саяси қҧрылысын сынады. Халық ауырпалығын жҥйелі 
баяндады. Жеке меншікті сынады. Жеке меншікті толығымен жою керек деп есептеді.
2. Кітабында «Утопия» аралын суреттеді, онда жеке меншік жоқ, халық жағдайы тең, 
мемлекеттің лауазымды адамдарын халық сайлайды, халыққа есеп береді, маңызды істі бҥкіл 
халық талдайды, мемлекет басында халық сайлаған князь тҧрады. Жаппай еңбек ету. 
ІІ. Томмазо Кампанелла
(1568-1639 жж.). «Кҥн қала» атты еңбегінде жаппай теңдікке 
негізделген мемлекетті суреттеді. Мемлекеттік билік демократиялық принциптерге негізделген. 
Мемлекет басшысы осы қаланың ең ақылды, білімді азаматы атқарады. Қоғамдық ӛмір 
коммунистік принцип бойынша ҧйымдастыру керек. Қоғамдық меншік керек деп есептеді.
 
6. Табиғи қҧқық пен қоғамдық келісім теориялары Ағарту дәуірінің негізгі саяси 
доктриналары ретінде. Ж.Ж.Руссоның радикалды демократизмі. И.Кант пен Г.Гегельдің 
концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары.
Ш.Л. Монтескье
(1689-1679жж.) француз ағартушысы, заңгер, саяси ойшыл. Оның 
«Парсы жазбалары» (1721ж.), «Римдiктердiң қуаттылығы мен қҧлауының себептерi туралы 
пiкiрлер» (1734ж.), «Заңдар рухы туралы» еңбектерi бар. Оның негiзгi идеялары: 

саяси бостандық, оны қамтамасыз етудiң шарты ретiнде әдiл заң мен мемлекеттiк 
қҧрылыстың тиiмдi жҧмыс iстеуiн ҧсынды; 

заң шығуына байланысты әр халықта ӛзiндiк сипаттардың барлығын тҥсiндiруi; 

билiктi бӛлу идеясын дамытты, оны бӛлудегi мақсат билiктi терiс пайдалануға жол 
бермеу деп санады; 

бостандық – заң мен ерiк берiлген нәрсенiң барлығын iстеу қҧқығы. 
Ж.Ж. Руссо
(1712-1778жж.) саяси iлiмдер тарихындағы жарық жҧлдыздардың бiрi. 
«Адамдар арасында теңсiздiктiң пайда болуы мен негiздемесi туралы ойлар», «Саяси экономия 


10 
туралы», «Мәңгi әлем туралы ойлар», «Қоғамдық келiсiм немесе саяси қҧқық принциптерi 
туралы» еңбектерi бар.
Ол табиғи жағдайда жеке меншiк болмайды, барлық адам еркiн және тең деп санады. 
Жеке меншiк пен әлеуметтiк теңсiздiктiң пайда болуынан табиғи теңдiк бҧзылды, байлар мен 
кедейлер арасында кҥрес басталды деп жазды. Ж.Ж. Руссо халықтар мен билеушiлер 
арасындағы нағыз келiсiм, саяси организм қҧру концепциясын ҧсынды. Бҧл концепция 
бойынша әркiм ӛзiнiң жеке мҥддесi мен тҧлғасын, ӛзiнiң барлық кҥшiн жалпы игiлiкке бере 
отырып, тҧтастың бӛлiнбес бӛлiгiне айналады. Ж.Ж. Руссо қоғамдық шарт концепциясында 
теңдiк пен меншiк мәселелерiндегi қайшылықтарды шешудiң жолдарын iздестiредi. 
Атқарушы билiктi кiмнiң атқаруына қарай Ж.Ж. Руссо басқарудың демократиялық, 
аристократиялық, монархиялық тҥрлерiн ҧсынады. Барлығында егемендiк пен заң шығару 
халықтың қолында болады. Ж.Ж. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер ҥшiн, 
аристократиялық басқару орта мемлекет ҥшiн, монархия iрi мемлекеттер ҥшiн тиiмдi басқару 
формасы деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет