1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



Pdf көрінісі
бет87/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   126
Либералды-демократиялық
модельдегi саяси мәдениет пiкiрлер алуан тҥрлiлiгiн жоққа 
шығармайды, есесiне қарама-қарсылық жақтың қарсы ҧстанымдарынан тиiмдi ортақ ойды 
iздейдi. Бҧл саяси шешiмдегi сыңаржақтылықтан қорғайды. Бiрақ, бҧл да идеологияның бiрi 
болғандықтан, оның кемшiлiктерi де бар. Мәселен, қоғамдағы барлық мәселелердi шешуге 
болады деген желеумен тарихи қалыптасқан дәстҥрлi қҧндылықтардың қҧнарлы жақтары да 
ҧмытылып кететiн кездерi де болады. Ӛйткенi, бҧндай саяси мәдениет әлемдiк кеңiстiктегi 
саяси тәжiрибенiң кейбiр ҥрдiстi тҧстарын механикалық тҥрде қабылдап, әлеуметтiк-тарихи 
ортада қалыптасқан ҧлттық және дiлдiк ерекшелiктердi ескермеуi де мҥмкiн. Бҧл нақты тарихи 
қарастыруды қажет ететiн жағдай. 
Саяси мәдениеттi кейбiр зерттеушiлер басқа тҥрде жiктеп, олармен қҧндылықтық
бағдарлардың байланысын анықтап жҥр. Мәселен, 
Габриэль Алмонд пен Сидней Верба
ӛздерiнiң 
«Азаматтық мәдениет» (
1963ж.) деген еңбектерiнде саяси мәдениеттiң 
типологиясын жасай отырып, оларды қоғамдағы негiзгi саяси қҧндылықтармен тығыз 
байланыста болатынын кӛрсетедi. Бҧл зерттеушiлер АҚШ, Англия, Германия, Мексика және 
Италия елдерiнде кең тараған саяси қҧндылықтарға компаративистiк талдау арқылы саяси 
мәдениеттiң ҥш типiн анықтайды. Бiрiншi типтi 
патриархалды
деп атайды. Бҧл тип қоғам 
мҥшелерiнiң саяси ӛмiрге қызығушылық танытпайтындығымен ерекшеленедi. Әсiресе, осындай 
жағдай Африканың тайпалық қауымдастықтарында, кейбiр елдердегi автономиялық елдi 
мекендерде жиi кездеседi. Олар негiзiнен ӛздерiнiң iшкi тайпалық дiндерiнiң қалыптарымен, 
әлеуметтiк шектеулерiмен ӛмiр сҥргендi қалайды. Саяси ӛмiрдiң мемлекеттiк деңгейi ӛкiлдерiн 
кӛп алаңдатпайды, кҥнделiктi тiршiлiктiң ауқымынан шыға алмайды. 
Екiншi типтi 
мақҧлдаушылар
деп атайды. Бҧл саяси мәдениеттiң қҧрылымына 
мемлекеттегi заңды мақҧлдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылын 
жатқызамыз. Олар қоғамның саяси ӛмiрiне аздап қатысады (сайлауға барады, ақпарат 
қҧралдарында айтылатын деректермен таныс). Бiрақ, бҧл азаматтар енжар тҥрде жоғарыдан 
айтылған нҧсқауларды орындауды ғана мақсат етiп, ӛзiнiң жеке басының саясатқа тiкелей 
араласуын қаламайды. Бҧл авторитарлы қоғамда кеңiнен тараған саяси мәдениеттiң формасы. 


55 
Ҥшiншi типке саяси мәдениеттi 
белсендi 
тҥрде дамытушылар жатады. Бҧл азаматтар 
саяси процестегi барлық ӛзгерiстерге қатысып отырады. Қоғамның әрбiр саяси қадамын 
қадағалап, ондағы саяси оқиғалар жайлы ӛз пiкiрлерiн тҥйiндейдi. Әрине, бҧл ҥш типтi де бiр 
қоғамнан кездестiруге болады және олар бiр-бiрiн толықтырып, бiр қоғамның тҧтас саяси 
мәдениетiн анықтайды. Тек даму деңгейi биiктеген сайын әрбiр мемлекетте ҥшiншi типке 
жататындардың саны кӛбейе тҥседi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет