№1 Лекция тақырыбы: Кіріспе. Дефектология ғылымының құрылуы және объектісі, пәні, міндеттері. Лекция жоспары: Дефектологияның ғылым ретінде дамуы және пайда болу тарихы



Дата25.11.2023
өлшемі17,71 Kb.
#126987
түріЛекция
Байланысты:
1 Лекция тақырыбы (1)


№1 Лекция тақырыбы: Кіріспе. Дефектология ғылымының құрылуы және объектісі, пәні, міндеттері. Лекция жоспары:
1. Дефектологияның ғылым ретінде дамуы және пайда болу тарихы.
2. Дефектологияның негізгі міндеттері мен принциптері.
3. Дефектологияның негізгі түсініктері.
1. Дефектология өз алдына білім тармағы ретінде Кеңес одағында арнайы оқу жүйесі құрылып, кемтар балалар мәселелерімен - ақыл-ойлық және физикалық даму кемістіктерімен күрес және оларды қорғау жөнінде съезд пен конференция өткенен соң, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарыда қалана бастады. 1929жылы елімізде алғаш рет кемтар балаларды еңбекке дайындау, тәрбиелеп-оқыту мәселелерін зерттейтін экспериментальды дефектологиялық институт ғылыми орталығы ашылды. Оны атақты Кеңес ғалымдары Л.С.Выготский, Ш.И. Данюшевский, Д.И.Азбукиндер басқарды. 50-60 жылдары кеңес одағында кемтар балаларға арналған дифференциацияланған арнайы мектептер болды және ол 10 типтік оқу бөліміне есептелінген болатын. Бұлардан басқа күрделі кемістіктері бар балаларға арналған арнайы оқу бөлімдері және сыныптар ашылды. Мәселен, соқыр, мылқау, керең балаларға арналған мектеп-интернат. Мектептердегі оқытудың әрбір түрі педагогикалық және дефектологиялық ғылыми - зерттеу институттардың дефектология факультетінің кафедраларында құрылған арнайы бағдарламалар, әдістемелер және көрнекілік құралдар арқылы жүргізіледі. Дефектология (лат. defectus-кемістік, гр. logos-сөз, білім) педагогикалық ғылымға жатады. Дефектология ғылымы - кемтар балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін және оларды тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын зерттейді. Дефектологияның зерттеу пәні – физикалық, психикалық кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Педагогикалық ғылым ретінде дефектологияның да сүйенетін негізгі педагогикалық категориялары бар. Дефектологияның тармақтары: сурдопедагогика - есту кемістіктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зерттейді, тифлопедагогика - көру кемістіктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттейді, олигофренопедагогика - ақыл-есі кем балаларды тәрбиелеп-оқытады, логопедия - сөйлеу және тіл кемістіктерін түзету мәселесің қарастырады. Дефектологияға сонымен қатар, кемтар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психология да қосылады. 2. Дефектологияның негізгі міндеті әр түрлі кемістіктері бар балалардың физикалық және психикалық дамуының объективті заңдылықтарды мен ерекшеліктерін клинико-физиологиялық және психология-педагогикалық зерттеу болып табылады. Дефектология ғылымы кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың жалпы заңдылықтары негізінде оның жеке тармақтарының интеграциясы мен даму нәтижесі қалыптасады. Бұл заңдылықтар кемтар балаларды кешенді түрде жан-жақты зерттеу жұмысы әр түрлі мамандар арқылы жүзеге асады (педагогтар, дефектологтар, дәрігерлер, физиологтар, психологтар т.б.). Кемтар балаларды зерттеу мыналардан тұрады: кемістіктің құрылымын, мәнін анықтау және дамуында әр түрлі ауытқушылықтары бар балалардың түзету–компенсаторлық мүмкіндіктері; жеке оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру мақсатымен кемтар балаларды педагогикалық жіктеу мәселелерін шешу; кемтар балаларды есепке алу және айқындау. Оқыту мен тәрбиелеу бірлігі, кемтар балаларға адамгершілік көзқарас, олардың адамдық қасиеттерін сыйлау арнайы мектеп әрекетінің негізгі принциптерінің бірі. 3. Кемтар балаларды тәрбиелеу - балалардың жалпы дамуы олардың үлкендермен, қатарластарымен қарым-қатынасында және тұлғасының қалыптасуы үшін мәні зор. Кемтар балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеті жалпы педагогиканың принциптерімен анықталады, яғни белсенді қоғамдық өмірге дайындау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, бірақ олар кемістік құрылымы мен деңгейіне сәйкес әдіс-тәсілдермен жүзеге асады. Бұзылыстың сипатына және оның салдарын жеңуге де байланысты арнайы міндеттері бар. Кемтар баланы тәрбиелеу мектеп пен отбасының тығыз байланысы, өзара түсінушілік және қатаң режим мен дұрыс сұраныс кезінде жүзеге асады. Тәрбиелік жұмыстар–ұжымда жұмыс істеу мен өмір сүре білуге, еңбек пен мәдениетке, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыруға бағыттала отырып, жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп жүргізіледі. Кемтар балаларды дамыту және оқыту дегеніміз - бұл іс-әрекет дағдыларын және білімді меңгертуге мақсатты түрде бағытталған үдеріс және оларды еңбекке, өмірге дайындаудың негізгі құралы. Кемтар балаларды оқыту әдістерін және жүйесін таңдаған кезде мыналарды ескерген жөн: баланың жасы, кемістіктің пайда болған уақыты, кемістіктің сипаты мен күрделілігі. Кемтар балалардың дамуы қалыпты балаларға қарағанда көбінесе оқуға байланысты. Сондықтан, оларды оқытпаса немесе дер кезінде көмек берілмесе, кемтар баланың дамуына түзетуге келмейтін қауіп төнеді: олардың психикалық функциясы тоқталады, өз қатарластарына қарағанда артта қалушылық тереңдейді, күрделі кемістік кезінде ақыл–ойлық даму мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмай қалуы мүмкін. Коррекция (лат. correсtio-түзету) балалардың психофизикалық даму жетіспеушіліктерін әлсіретуге немесе түзетуге бағытталған жүйе. Онда жеке кемістіктерді түзету де іске асады (мысалы, айтылудағы кемістікті түзету). Баланың физикалық дамуындағы және танымдық әрекетіндегі кемістіктерді жою - «коррекция-тәрбиелік жұмыс» деген түсінікпен анықталады. Коррекция-тәрбиелік жұмыс жүйесі – кемтар бала бойында сақталынған мүмкіндіктерін белсенді қолданудан құралады, ол - жоғарғы психикалық әлсіреген немесе бұзылған үдерістерді дамытуға көмектеседі. Компенсация–(лат. Compensatio-орнын толтыру) ағзаның жетілмеген немесе бұзылған қызметінің орнын толтыру. Бұл, туа немесе жүре пайда болған кемістік салдарынан ағзаның бейімделетін күрделі көп түрлі үдерісі. Компенсация үдерісі кемістікті толығымен түзете алмайды, бірақ олар кемістік тудырған қиыншылықтарды жеңуге көмектеседі. Кемтар балалардың жағымсыз жағдайлар мен әсерлерге душар болуына байланысты (аурулы үдерістер, психикалық стресстер) компенсаторлық механизімдері бұзылуы мүмкін. Бұл кезде жұмысқа деген қабілет пен даму бірден баяулайды. Бұл құбылыс декомпенсация деп аталады. Әлеуметтік реабилитация-(лат. rehabilitаs-жарамдылықты, қабілеттілікті қалпына келтіру) медико-педагогикалық мағынада кемтар баланың әлеуметтік өмірге қосылуы және өзінің психофизикалық мүмкіншілігіне қарай еңбекке, қоғамдық өмірге араласуы. Реабилитация - даму кемшіліктерін жоюға бағытталған медициналық әдістердің көмегі арқылы, сонымен қатар арнайы оқыту, тәрбиелеу және кәсіби дайындықпен жүзеге асады. Әлеуметтік бейімделу-(лат. adapto-бейімделемін) кемтар балаларды жалпы норма мен құндылықтар жүйесіне сәйкес топтық және жеке тәрбиелеу. Кемтар балаларды оқыту және тәрбиелеу міндеттеріне қоғаммен, ұжыммен адекватты өзара қатынасты қамтамасыз ету, әлеуметтік (сонымен қоса құқықтық) нормалар мен ережелерді саналы түрде орындауы кіреді. Отбасылық тәрбие-реабилитацияның белсенді факторы. Отбасы мен мектептің біріккен күші-кемтар баланың белсенді қоғамдық пайдалы әрекетке араласуын қамтамасыз етеді және оның еңбек мүмкіндіктері мен қолайлы мамандықты таңдауына көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет