1. Лекциялар кешені: лекция жоспары, тезистері 1-лекция. Синтаксис және оның зерттеу нысандары


Есімді сөз тіркесі және оның байланысу түрлері



бет11/20
Дата27.11.2023
өлшемі106,03 Kb.
#128945
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
лекция жай сөйлем

Есімді сөз тіркесі және оның байланысу түрлері. Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Қабыса байланысуда сөздер еш жалғаусыз қатар тұру арқылы тіркеседі. Қабыса байланысатын есімді сөз тіркесінің құрамы әр түрлі. Бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, сан есім, субстантивтенген сын есім болады. Мысалы: қызық өмір, үш кісі, мың қой, келген қыз. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңары зат есім немесе зат есімнің орнына жұмсалатын сөз болып, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Егер ілік септікте болса, меншіктік мағына береді, ал ілік жалғауы жасырын тұрса, заттық мағынаға жақын. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңарындағы зат есім тәуелденіп, ілік жалғаулы сөзбен байланыста меншіктілік, табиғи қатынаста жұмсалады. Мысалы: менің ағам – меншіктілік қатынаста, ағаштың бұтағы – табиғи қатынаста. Сын есім матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңары болғанда заттық мағынаға ие. Мысалы: менің ақылдым, біздің момынымыз. Сан есім изафеттік тіркестің екінші сыңары болып жұмсалғанда бүтіннің бөлшегі мағынасын береді. Мысалы: үштің екісі,онның бесеуі.
Меңгеріле байланысуда сөздер бір-бірімен септік жалғаулары арқылы байланысып, түрлі толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі негізінен етістіктен жасалады, кейде баяндауыш қызметінде жұмсалатын есім сөздерге септік жалғауындағы есім сөздер меңгеріле байланысады. Мысалы: саған осы жер қиын – деген сөйлемде саған қиын сөз тіркесі толықтауыштық қатынаста меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесі.
Етістікті сөз тіркесі және оның байланысу жолдары. Етістікті сөз тіркестерінің басыңқы сыңары етістіктен болады. Етістіктің сөз тіркесін құрау қабілеті басқа сөз таптарынан ерекше. Етістікпен байланысатын сөздердің түрі де көп: есім сөздер, үстеулер, көсемше тұлғалы етістіктер, шылау сөздер. Бұл сөздердің етістіктермен байланысу тәсілдері мен формалары, мағыналық қатынастары да әр түрлі болып келеді. Етістік есім сөздермен еш қосымшасыз орын тәртібі арқылы да, қосымшалар арқылы да байланысады. Қосымшасыз орын тәртібі арқылы есім сөздер етістікпен жанаса байланысады, септік жалғаулары арқылы меңгеріле байланысады. Етістіктер басқа сөз таптарымен байланысу тәртібіне қарай: жанаса байланысқан және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесі болып бөлінеді.
Жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестері:
1. Үстеулі етістікті сөз тіркесі: үстеулер етістікпен байланысып, әр түрлі пысықтауыштық мағыналарды білдіреді: а) Мезгілдік мағына білдіріп, іс-әрекеттің уақытпен, шақпен байланыстылығын көрсетеді. Мысалы: бүгін келдім, кеше жетті; ә) Мекендік мағынаны білдіріп, іс-әрекеттің қайда болғанын көрсету етістікті сөз тіркестеріне тән қасиет. Мысалы: жоғары көтерілдім, төменде күтіп тұрды т.б. Амалдық мағынада жұмсалып, істің әр түрлі істелу амалын, тәсілін білдіреді. Мысалы: лезде жетті, шапшаң қимылдады т.б.
2. Еліктеуішті сөз тіркестері: Мысалы: сылқ-сылқ күледі, бұрқ-сарқ қайнады т.б.
3.Көсемшелі сөз тіркестері қимылдың амалын, мезгілін, мақсатын білдіреді. Мысалы: жайраңдап кіріп келді, оқығалы келіп отырмыз т.б.
4. Сын есімді сөз тіркестері: жақсы оқиды, оңай түсіндіреді. Сын есімдер қимылды сындық сапа тұрғысынан пысықтайды.
5. Сан есімдер етістіктермен ешбір қосымшасыз, қимылдың мөлшерін анықтау мақсатында, байланысқа түседі. Мысалы: Ол кеше үш келді, бес ескерттім т.б.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері:
Есімдер етістікке қатысты болып, меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде айтылады. Септік жалғаулы етістіктердің лексикалық мағыналарымен байланысты болады да, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарларына басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады. Мысалы: тауға шық, үйге кел, қаладан ал.
1. Табыс жалғаулы сөз тіркестері: кітапты оқы , досты сыйлау.
2. Барыс жалғаулы сөз тіркестері: қалаға бар, сабаққа дайындал.
3. Шығыс жалғаулы сөз тіркестері: үйден шығу, тастан салу.
4. Жатыс жалғаулы сөз тіркестері: далада тұр, үйде жатыр.
5. Көмектес жалғаулы сөз тіркестері: доппен ойнау, сабырмен тыңдау.
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің білдіретін грамматикалық мағыналары әр түрлі болады.
Табыс жалғаулы сөзді керек ететін сабақты етістіктер мен табыс жалғаулы есімдер өзара меңгеріле байланысып, тура толықтауыштық қатынасты білдіреді, ал барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы есімдер мен салт етістіктер жанама толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады.
Ортақ басыңқылы сөз тіркестері. Тілде үнемі өзгеру, жаңару процесі болып жатады. Қазіргі қазақ тілінің материалдары негізінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары тек есімдерден немесе таза етістіктен ғана емес, әр түрлі сөз табының қатысуымен аралас болып та қолданылатыны дәлелденген. Осы күнге дейінгі әдебиеттерде тек меңгеру ортақ басыңқылы деп келсе, қазіргі әдеби тілдің материалдары есім мен көмекші етістік тобы матаса, қабыса, жанаса байланысқан тіркестердің де басыңқы сыңары бола алатындығын дәлелдейді, яғни ортақ қиысу, ортақ меңгеру, ортақ қабысу, ортақ жанасу, ортақ матасу болатынын тілдік фактілер көрсетіп отыр.
Сонымен, байланысу формаларын басыңқы сыңарына қарай былай топтап бөлуге болады:
етістікті меңгеру
Меңгеру есімді меңгеру
ортақ меңгеру

етістікті қабысу


Қабысу есімді қабысу
ортақ қабысу
есімді матасу
матасу
ортақ матасу

Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары есімдер мен көмекші етістіктердің тіркесі арқылы жасалады. Көмекші етістіктер: е, де, бол, қыл, ал, көр, бер, сын, тұт, тап,т.б.


Ортақ қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары мынадай жолдармен жасалады:
1) Зат есім+көмекші етістік
2) Сын есім+көмекші етістік
3) Есімдік+көмекші етістік
4) Сан есім+көмекші етістік
Мысалдар: білімді жігіт еді, биік үй еді, талапты азамат екен, қазір жаман емес, қандай қиын еді, аса көңілді еді, кеше екеу едік, енді үшеу болдық, жазды жақсы көретін, кеше уәде бердік, қатты риза болды.
Ортақ меңгере байланысқан сөз тіркестері:
1) бағыныңқы сыңары: Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с.,.
2) басыңқы сыңары: есім + көмекші етістік
Мысалы. Жолдасы сөзге сараң екен.
Біздің ауыл қалаға жақын болатын.
Қара бала оқу-білімге құштар еді.
Ортақ матаса байланысқан сөз тіркестері
1) бағыныңқы сыңары – І.с. жалғ. Сөз
2) басыңқы сыңары – есім (тәу.ж.) + көмекші етістік.
Мысалы. Мынау жануар болып жаралғанның сұлуы екен. Сиырларды сауатын менің шешем болатын. Жаманның жақсысы болғанша, жақсының жаманы бол. Мұның бәрі уақытша міне тұр деп берген машинаның көмегі еді.

Әдебиеттер:


1. Балақаев М. Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис.А.,1971.
2. Қазақ грамматикасы. А.,2002.
3. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы, 1992.
4. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. 1993.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет