1. Лекциялар кешені: лекция жоспары, тезистері 1-лекция. Синтаксис және оның зерттеу нысандары


-лекция. Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері



бет3/20
Дата27.11.2023
өлшемі106,03 Kb.
#128945
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
лекция жай сөйлем

2-лекция. Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері
1. Сөз тіркесінің құрамы
2. Сөз тіркесі синтаксисі салалары
3. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Аналитикалық тәсіл
4. Синтетикалық тәсіл және аналитикалық- синтетикалық тәсіл

Сөз тіркесі болудың негізгі шарттарының бірі – сөздердің бір-біріне бағына, сабақтаса байланысуы. Ал салаласа байланысқан сөздердің тіркесі синтаксистік сөз тіркесіне жатпайды. Мысалы, бірыңғай мүшелер мен қос сөздер: Асан мен Үсен, әке-шеше, ауыл-аймақ, т.б.Сөйлем ішінде синтаксистік сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құрылады:


1. Сөз тіркестері сатылана, яғни тізбектеле байланысады:


Мысалы: Көрші үйдің ауласынан шыға келді.



1

көрші үй




2

үйдің ауласы




3

ауласынан шыға келді




  1. Кейде сөз тіркесінің құрамындағы бірнеше бағыныңқы бір басыңқыға ортақтаса, жарыспалы түрде байланысады:

Мысалы: Кешікпей от лаулап жана бастады.



1

Кешікпей




2

жана бастады От ------------ жана бастады




3

Лаулай

Сонымен, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі деп атаймыз.


Қазіргі кезеңде сөз тіркесі синтаксисі мынадай салалар бойынша зерттеліп жүр:
1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері;
2. Сөз тіркесінің байланысу формалары;
3. Сөз тіркесінің синтаксистік қатынастары;
4. Сөз тіркесін басыңқы сыңарына қарай топтастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет