1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


дербес мағына тудырып бас-басына сараланып көрінеді. Мысалы: 1. қалың деген сөздің



бет11/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86
Байланысты:
лексикология

дербес мағына тудырып бас-басына сараланып көрінеді. Мысалы: 1. қалың деген сөздің
жуан, толық деген мағынаны білдіреді. Қалың денелі әйелде тұрақты сезім сирек болады.
(М.Әуезов).
2. қалың деген сөздің көп, мол деген мағынада жұмсалуы. Қалың жұрттың алдында сөйлеп көрген пенде емес едім. (М.Шаханов)
3. қалың деген сөздің жиі, тығыз,
бітік деген мағынада қолданылуы. Екеуі бір таса жерге, калың шөптің арасына барып жатты. (Ы.Алтынсарин).
Сөзге қосылған үстеме (туында) мағына заттың құбылыстың бойында бар сан алуан ерекше белгілерінің негізінде ауыстырып колдану арқылы жасалады. Сондықтан бір сөзден
тұратын қосымшалар бір сөз табына да , кейде әр сөз табына қатынасты болып келеді. Шыны зат есімнің (әйнек ұғымында) де метафора тәсілі арқылы жасалған ауыспалы мағынасы
сындық ұғымды білдіреді. Мысалы: шыны май, шыны қар, шыны көз т.б. Сол тәрізді сын есімге қатысты сөздердің метафоралық ауыспалы мағыналарын да кейде заттық үғым тудыра
береді. Мысалы: суық, шала, сынық тәрізді сын есімдер белгілі бір контексте заттық мағынада қолданылады. Мысалы: кұрт езген, я сүзбе, қатқан ыстық сорпа суыққа
тоңдырмайды. Жанып таусылуға айналған шалалардың басы күлге көмілді. (С.Мұқанов). Аталған сөздердің метафоралық ауыспалы мағыналары белгілі бір мәтінде бірде зат атауы
(шыны) сындық мағынада, бірде сындық атау (суық, шала, сынық) заттық мағынада жұмсалып тұрғанмен, бұларды әр сөз табына жатқызып, омоним ретінде қарауға болмайды.
Бұл тәрізді сөздердің ең алғашқы лексикалық тура мағынасы қай сөз табына қатысты болса, сонда өрбіген туынды мағыналарды да сол сөз табына жатқызуға болады. Бұл пікір олардың
мағыналарының шығу тегі бір екені, бір негізгі мағынадан таралғандығын айқындап көрсетеді. Метафораның негізінде келтірілген мағына сөздің сөздіктегі мағынасына еніп,
оның туынды мағыналарының қатарында қаралды. М: астар-киімнің астары, сөздің астары.Сөздікте астар сөзінің тұрақтанылған үйреншікті,лексикалық мағыналарының бірі екені көрсетіледі.
Тұрақты метафора-ойды естен кетпестей түсінікте етіп тыңдаушыға жеткізу үшін қажет. Ой неғұрлым көркем құралса, соғұрлым тыңдаушыға түсінікті, әрі әсерлі болады. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Адамның күнделікті өмірден көріп, біліп, әбден таныс болған дүниелерімен жазушылардың ойы қабысып, үйлесіп тұрса шығарманың тілі де соншалықты тартымды болмақ. Тұрақты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет