Қалың мал, бесік құда, бел құда, босаға аттау, алтыбақан, шырақ жағу, отқа салар және т.б
Мысалы: 1. Материалдық мәдениетке байланысты пайда болған тарихи сөздер: сәукеле, кимешек, торсық, садақ, жебе т.б 2. Белгілі бір дәуірдегі саяси-қоғамдық, әлеуметтік өмірге байланысты пайда болған атау сөздер: жүзбасы, болыс, би, қазы, нөкер, малай, бай, ұлық. 3. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қолданыста болған атаулар: қызыл отау, азық, салығы, қосшы, өзара салық, кедейлер комитеті т.б Өндірістің, шаруашылықтың, ғылымның, мәдениеттің, дамуына байланысты тілдің сөздік құрамына кірген жаңа атаулар мен жаңа қолданыстар жаңа сөздер (неологизм) деп аталады. Жаңа ұғымның пайда болуына байланысты тілімізде ертеректе енген араб-парсы сөздері ораза, намаз, зекет, қалам, айт, пітір, медресе, мешіт періште, жын, т.б атаулар әбден сіңісіп кетті. Бұлар да алғашында жаңа атаулар болды. Сондай-ақ машина, трамвай, трактор, завод, фабрика, театр, партия, комсомол, телефон, т.б сөздер жиі айтылғандықтан, сөздік құрамға еніп кетті. Кезінде бұл атаулар тілімізге бейтаныс еді. (Соңғы 2-3 жыл шамасында болған оқиғадан шыққан жаңа сөздерді де келтіре аласыздар.)
Термин дегеніміз-ғылым мен техника, өндіріс пен шаруашылық, саясат пен дипломатия, мәдениет пен өнер салаларындағы немесе тұрмыстың белгілі бір саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін арнаулы мәнде жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері. 1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат, т.б. 2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм, т.б.