Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: а) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер.
1. Кәсіби терминология дегеніміз ғылым, техника, өндіріс т. 6. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы.Демек, термин сөздердің термин емес кез келген сөздерден ең басты айырмасы ғылым, техника т. б. саласындағы арнаулы ұғымдарды дәл анықтап білдіретіндігінде.Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты. Терминдер негізінен бір дара ұғымды нақты білдіретіндіктен, көбінесе бір мағыналы болып келеді.Сонымен қатар өз мәніңде терминдерде стильдік эмоциялық мән болмайды. Терминдердің мағынасы жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады.
Сондықтан терминдер жалпылама ортақ сөздерден ерекшеленіп, арнаулы сөздер тобына жатқызылады. Қазақ тіліңдегі кәсіби терминология негізінен екі түрлі жолмен жасалған (Ол жайында 8 32-те кең айтылған, бұл жерде тақырыптың ретіне қарай тек жеке мысалдар келтірумен
шектелеміз).
1) Қазақ сөздерінен әр түрлі тәсіл арқылы жасалған терминдер: өркениет -- цивилизация, ғарыш -- космос, мәртебе- статус, елтаңба -- герб, сынақ -- зачет, төлдеме -- окота,тербеліс -- колебание, бөлшек сауда -- розничная торговля,жолсапар -- командировка, жаңғырту -- реставрация,жөрсіндіру -- акклиматизация, есімнама -- персоналий, қондырғы- установка, таспа -- лента, мүшелтой -- юбилей, сазқұндыз- нутрия, сәулеткер -- зодчий Т. б.
2) Орыс тілінен қабылданған, қазақша баламалары жоқғылым, техника Т. б. саласындағы интернационалдық арнаулы терминдер. Мысалы: математика терминдері: логарифм, квад-рат, куб, аксиома, трапеция, синус, косинус, радиус, котан-генс, биссектриса, теорема, коэффицент т. б. Физика терминдері:вольт, ампер, амплитуда, генератор, монокль, квант, вектор,оптика, гидромеханика т. б. Химия терминдері: катализ, индикатор, аммиак, азон, бром, сульфат, коллоид, гидрат т. 6. География термиңдері: материк, глобус, планета, циклон, меридиан, оазис, экватор, полюс, архипелаг, масштаб, климат, тайфун, муссон, карта т. 6. Спорт терминдері: боксер, атлетика, футбол,волейбол, баскетбол, штанга, спар такиада, теннис, физкультура, стадион, шахматист, хоккеист, акробат, акробатика т. 6.
Қоғамдық-саяси терминдер: девальвация, ремилитаризация, неоколониализм т. б. Әдебиет және өнер терминдері: театр, Поз-зия, сатира, опера, Фрама, комедия, роман, эпос, образ, филармо-ния, консерватория, актер, либретто, дирижер, режиссер, пьеса т. б. Лингвистика терминдері: орфография, фонема, морфема, фраза, идиома, эвфемизм, табу, синоним, антоним, акцент, архаизм т. 6. Медицина терминдері: хирургия, аптека, терапевт,амбулатория, диагноз, рентгенолог, фармацевт, процедура, препарат, кардиофамма, массаж, поликлиника, рецепт, диабет т. 6. Биология терминдері: белок, протоплазма, аквариум. клетка, ткань, микроб, гибрид, ядро т. 6.
Интернационалдық терминдердің бірқатары жиі қолданылу нәтижесінде тек кәсіби-терминдік дәрежеде қалмай,жалпыхалықтық деңгейге көтерілген. Мысалы, қоғамдық-саяси терминдер: революция, демократия, конституция, республика, социализм, партия; әдебиет пен өнер терминдері: театр,поэзия, опера, драма, роман; лингвистика терминдері: фамматика, лексика, фонетика, орфорафия, фраза, синоним; медицина терминдері: операция, хирургия, аптека, поликлиника; ғылымтатаулары: ботаника, алгебра, геометрия, химия, физика; әскеритатаулар: камандир, солдат, офицер, генерал, танк, бомба т.б.терминдерді қалың көпшілік қолданады. Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдердің жиынтығы терминология деп аталады. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Қазақ терминологиясы қазіргі танда жан-жақты қарастырылып, қауырт жиналып терілуде. Терминдердің отыздан аса сөздігі басылып,шықты. Дегенмен, қазақ терминологиясы әлі де байсалды түрде үніле қарап, тереңірек зерттеуді қажет етеді. |
Достарыңызбен бөлісу: |