1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамының арақатынасын дәйектеңіз



бет42/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86
Байланысты:
лексикология

32.Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамының арақатынасын дәйектеңіз.
Тілдегі сөздердін тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс-тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді.Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылык, мәдени-тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Мәселен, 10 томдық «Қазақ Тілінің түсіндірме сөздігіне» 100.000-ға жуық лексикалық тұлға (фразеологизмдермен қоса) енген екен. Бұған енбей қалған қаншама сөз бар десеңізші! Алайда, сөздікке енген сөздердің бәрі бірдей осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мүмкін. Кейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес. Өйткені казақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған неологизмдер Мен термин сөздер де, әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де, қысқасы, тіліміздегі
барлық сөздер кіреді. Мұның бәрін түгелдей жеке адамдардың білуі мүмкін емес. Осыншама мол сөздің қолданылу жиілігі, қалыпьасу тарихы, атқаратын қызметі де бірдей емес. Соған байланысты сөздік құрам өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді.Сөздік құрамдағы сөздер колдану жиілігіне қарай актив сөздер және пассив сөздер деп, ең алдымен екі салаға бөлінеді.Актив сөздерге осы Тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана коймай, әрі жиі колданатын сөздер жатады. Актив сөздер тіл дамуының белгілі бір кезеңінде осы тілде сөйлейтін адамдар- дың бәріне ортақ болып келеді. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып, қолданып жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады.
Пассив сөздерге түсінуін түсінгенмен, бірақ онша қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне тән тар кө лемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, диалектизмдер, кітаби сөздер жатады.Сөздердің актив және пассив қабаттарға бөлінуінде белгілі дәрежеде шарттылық бар. Бір заманда актив қолданған сөздердің бірқатары келесі бір заманда пассив қабатқа ауысуыықтимал. Мысалы: жаугершілік заманда жиі қолданылған атой салу, қорамсақ, адырна, кіреуке, дулыға, сауыт, шерік, қол т. б.сөздер сол кездегі лексиканың актив қабатында болды.Әлеуметтік құрылысқа байланысты хан, ханзада, ақ сүйек,төлеңгіт, жатақ, қарашы, болыс, майыр, онбасы, елубасы,жүзбасы, қарашығын, шаңырақ салығы, барымта, шабарман, ма-лай т.б. сөздер ХУІІ--ХІХ ғасырлардағы лексикада жиі қолданылған сөздер. Бірақ бұлардың бәрі де қазіргі қазақ лексикасының пассив қабатындағы сөздер болып табылады. Бұл кезде халық тілінде актив қолданылған ай, жыл аттарын (на-
урыз, көкек, маусым, тышқан, қой, жылқы т.б.) кеңес өкіметі жылдарында (1930--40 жылдардан бастап) халықтың көпшілігі(әсіресе жастар жағы) қолданбайтын болды. Кейін республиканың тәуелсіздік алуына байланысты бұл сияқты сөздер қайтадан лексиканың актив қабатынан орын ала бастады. Бұльмысалдардан лексиканың актив, пассив қабаттарындағы сөздердің құрамы үнемі бір қалыпты болмайтынын, оның жыл-
жымалы екенін көреміз.Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына карай бірнеше топқа бөлінеді: 1) сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай: әдеби лексика мен диалектілік лексика болып, 2) әдеби тілдегі
сөздердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай жалпыхалықтық лексика мен арнаулы лексика болып, 3) тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді. (Бұлар жайында кейінгі тарауда айтылады).Қоғам өміріндегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер тілге әсер етіп отырады. Әсіресе оның лексикасы өзгеріскет неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекетімен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам қоғам өмірінде не бар соны дереу және тікелей көрсетіп отырады. Мәселен, Кеңес өкіметі жылдарында қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістер болды:
1. Қазақ тілінің лексикасы қаншама жаңа сөздермен толығып байыды. Бұлар өңдіріс, ауыл шаруашылығы, техника мен ғылым салаларындағы жаңалықтармен байланысты еді. Соныңнәтижесінде қазақ лексикасында неологизмдер, терминология салалары пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет