атқарады.
3. Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі -- оның жалпыхалықтық сипатында. Негішғі сөздік қорға енетін сөздерді қазак тілінде сөйлейтін атттардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады. Бұлтарада адамдардың қызмет, білім дәрежесіне, кәсібіне, жас мөлшеріне байланысты шек қойылмайды.
4. Негізгі сөздік корға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы, жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер.
Негізгі сөздік кор мен сөздік құрамның арақатынасы
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның бір-бірінен түбірліьайырмашылықтары бола тұрса да, олардың ара жігі сіресіп қатып калған, өзгермейтін дүние емес, керісінше, бір-біріменүздіксіз қарым-қатынаста болып отырады. Бұлардың өзаратқарым-қатынасы мынадай жәйттерден накты көрінеді.
1. Негізгі сөздік қор мен сөздік кұрам бір-бірін толықтырып, жаңартып отырады. Тіл дамуының бір кезеңіндегі негізгі сөздік қорға енген сөздер, оның екінші бір кезеңінде сөздік құрамға ауысады. Мысалы: шидем, асадал, қорамсақ,кит кию, отқа салар, малай, дүре, әмеңгер, сабан, тіс ағаш, құн алу т. б. сөздер бір кезде халық өмірінде аса қажет ұғымдарды білдіріп, негізгі сөздік корда болса, жаңа заманда ол ұғымдардың ескіріп қолданылмауына байланысты сөздік құрамғаауысып, оның пассив қабатынан (тарихи сөздер) орын алады. Керісінше, сөздік құрамдағы электр, радио, телефон, почта,ферма, бригада, арифметика, институт, пенсия, стипендия, автобус, трактор, комбайн, вокзал т. б. сөздер тілге кейін енгенінетқарамастан жалпыхалықтық сипат алып, негізгі сөздік қорға ауысып отыр.
2. Негізгі сөздік қордың сөз тудыруға ұйтқы болатын қасиетінің арқасында сөздік құрам үнемі жетіліп, толығып отырады. Негізгі сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағытын анықтап, әрдайым сабақтастырып, байланыстырып отырады. Сол себепті бұлардың арақатынасының жылжымалы, шартты сипаты бар.
33.Халықаралық терминдердің жасалу жолдарын көрсетіңіз. Арнаулы лексика дегеніміз қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен сөз қолданыстары (сөйлемше я сөз тіркестері). Арнаулы лексика жалпыұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ оның да қолданылуы диалектизмдер сияқты шектеулі. Солай бола тұра оны диалектизмдермен шатастыруға болмайды. Диалектизмдердің шектелуінде территориялық сипат болса, арнаулы лексиканың шектелуінде әлеуметтік сипат бар.
Достарыңызбен бөлісу: |