67. Қазақ тіліндегі эвфемизмдер мен дисфемизмдер туралы баяндаңыз. Сөздің ұғымы дөрекілеу,қолайсыздау,көңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді.Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздердің орнына сол ұғымды жұмсартып,жеңілдетіп жеткізетін сыпайы,жұмсақ сөздер айтылады.Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталады. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған
сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қол-
данылып жүрген эвфемизмдер бүгін таңдағы өскелең халқымыздың қалыптасқан этикалық және эстетикалық нормаларының күнделікті нақ көріністері деп есептеледі. Сондықтан табу
мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан.
Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мынадай жолдары бар: 1. Ауру аттары алмастырылады. Науқас адамның көзінше аурудың нақ өзін атамай, оның жеңілірек
түрін айту дәстүрі бар. Мәселен, туберкулез немесе құрт ауру деудің орнына өкпе ауруы, рак немесе қылтамақ деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе соз деудің орнына жіңішке ауру,сифилис деудің орнына самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады.
2. Адамның дене мүшелеріндегі кем-кетік атаулары басқа сөздермен алмастырылады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгедек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлагының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосаң деген сөздермен,
аягы ақсақ дегенді аягының ақауы бар деп алмастырып айта беруге болады.
3. Мағынасы айтушы мен тындаушыға бірдей соншама жағымсыз, дөрекі сөздер
алмастырылады. Мәселен, нәжіс, қи,несеп, үлкен дәрет, кіші дәрет, дәрет сындыру, ұлы жарақ
дегендердің бәрі де белгілі контексте сыпайылық мән тудырады.
4. Үйлену мен тұрмыс құруға байланысты сөздер алмастырылады. Мәселен, тұрмыс құру, түрмысқа шығу,, баласынқұтты орнына қондыру, баласын аяқтандыру, қолына құс қонды-
ру, үйлі-баранды болу, семья құру, отау тігу, бөпелі болу, аягы ауыр тәрізді сөздер үйленуге байланысты айтылады.
5. Қоғам өміріндегі адамдардың бір-бірінің жағымсыз қарым-қатынастарына қатысты сөздер басқа сөздермен алмастырылады. Мәселен, аузы жеңіл, қолының жымысқысы бар,қосып айтады, ауыз бастырық, сөзге келу, бет жыртыспау,жасы ұлғаю, қалтасы тесік, көзіне шөп салды, жаяу почта,ұзын құлақ, аузының желі бар, ішінде бүкпесі бар, сымсыз телефон дегендер сыпайылық мәнде айтылады.
Күнделікті қарым-қатынаста мағынасы жағымсыз тұрпайы сөздерді жағымды сыпайы сөздермен алмастырып қолданатындығымыз сияқты тілде әдепті сөзді әдепсіз (дөрекі) сөздер мен де ауыстырып айта беру әдеті болады. Мұндай құбылысты тіл біліміне дисфемизм немесе какофемизм деп атайды. Дисфемизм - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс.
Белгілі контексте жөнімен дұрыс жұмсалған сөзді мағынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру - сөзді ауыспалы мағынада (троп) қолданудың бір жолы. Мысалы: Бұт артары мен шаңырақ саларларын жауга берді (К. Оразалин). Өздерің бір-бір тулақтарына мініп-ақ шапқылап кетсеңдер (сонда). Хазірет пен Әбунүсіптің сол езбалдағының өзіне мынау отырган
қошаметшілердің кейбіреуі аузын аңқайта тыңдагансиды (Д.Әбілев). Жеңілетініңді білетін болсаң, сен бес қырт атанар ма едің? (М. Әуезов). Осындағы бұт артар деген мінгіш, көлік орнына, шаңырақ салар - күш-көлік (түйе) орнына, тулақ мінетін ат орнына, езбалдақ - мылжың, сөзуар, сөз соқты дегендердің орнына, қырт - тантық, көк мылжың дегеннің
орнына жұмсалынып отыр. Сол арқылы сан қилы жағымсыз эмоциялық мән тудырған.
Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы: боқ мұрын бала, боқтан өзгені сөз қылды, боғымен жасты баламен ойнады, боқ басында қалды, богын пышақтады,
богын ақтарды, боққа әлі келмейді, қолынан боқ келмейді, боққа татымайды, боқтық естіді, богын боталы түйе қылды, боқ жемеде қалды, боқтан да оңай, болар бала богынан, богы ботқа, өз басының богын көрмей, біреудің шогын көреді т.б. Қазақ тіліндегі бір сөзге қатысты осыншама дисфемизмдер бар. Бұларды белгілі контексте жөнімен қолданылған сөздердің орнын алмастырып айтуға болады. Дисфемизмдер - әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады.