68. Орыс тілінен енген сөздердің семантикалық, кезеңдік , тақырыптық түрлерін түсіндіріңіз. ұзақ уақыт үздіксіз қарым-қатынаста болу нәтижесінде орыс тілінен қазақ тіліне көптеген сөздер ауысқан. Бірақ біздің тілімізге енген орыс сөздерінің сыр-сипаты мен игерілу дәрежесі әрқашан да біркелкі болмаған. Сол себепті орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге бөліп қараймыз: а) 1917 ж. Қазан революциясына дейінгі кезең,
ә)Қазан революциясынан кейінгі кезең.
Революцияға дейінгі кезенде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба түрде тарамаған, көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген. Сондықтан болса керек, бұл кезеңдегі кірме сөздер түгелдей дерлік қазақ тілінің дыбыстық заңдарына бағынып өзгерген. Қазіргі әдеби тілімізде революцияға дейін ауысқан орыс сөздері (бірлі-жарым терминдік мәні бар сөздерді
қоспағанда) негізінен қазақ тілінің емлесіне сай, өзгерген қалпында жазылады. Бұл сөздерді мынадай топқа бөліп қараймыз:
a) Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер. Мысалы: жәшік (ящик),кереует (кровать), бөтелке (бутылка), бөшке, мөшке (бочка),лампы (лампа), көшір (кучер), сиса (ситец), бәтеңке (ботинки),
калош (галоши), барқыт (бархат), әшмөшке, әшмөңке (восьмушка), шайнек (чайник), сіріңке (серники), мәтке (матица), кілет(клеть), күршек (крючок), сөтке (сутки), өшірет, шірет (оче-
редь), пар (пара), гармон (гармонь), аршын (аршин), порым (форма), күмәжнек (бумажник), мөшек (мешок), тұрба (труба),рысқұт (расход), божы (вожжи), кәмпит (конфеты), бедре (вед-
ро), бишік (бичик), помыш (помошь), жарма (ярмо), қамыт (хомут), ізвес( известь), шөрке (чурка), шашнай (частный), пима(пимы), бөкебай (пуховый), тәрелке (тарелка), самауыр (само-
вар), сөмке (сумка) т. б.
ә) Әкімшілік басқару ісіне байланысты сөздер.
Мысалы: ояз (уезд), шен (чин), мінәпас (манифест), болыс(волость), старшын (старшина), сот (суд), түрме (тюрьма),уйез (уезд), губерне (губерния), атпекет (адвокат), ауылнай
(ауыльный), жандарал (генерал), поштабай (почтовой),
майыр(майор),кантор(контора),сияз(съезд ),пртокол(протокол),іштрап(штраф),пірговор(приговор),бүбірнай(выборный).
б) Ғылым мен мәдениетке, техникаға қатысты сөздер.
Мысалы: зауыт (завод), пабрік (фабрика), мәшине (маши-
на), пароход, минот (минут), секонт (секунд), газет (газета),
жорнал (журнал), агроном, кемназия (гимназия), класс, парта,
ентірнат (интернат), молотелка, сеялка, банік, ләпке (лавка),
семенария, пәнер (фанера), училище, пансион, учет, алгебра, кар-
та, кінеге (книга) т. б.
В) Қоныс аударуға қатысты сөздер.
Мысалы: учаске (участок), пылан (план), заимка, колония, землемер, қотыр (хутор), әренда (аренда), десетине(десятина), ысклад (склад), загон, сажен (сажень) т. б.
Революцияға дейінгі ауысып келген орыс сөздерінің кейбіреулері тек түр-тұрпатын ғана емес, ішкі мағынасын да өзгерткен. Мәселен, орыс тілінде гиря деген сөз бір нәрсенің салмағын
өлшегенде таразыға салынатын тастарды білдірсе, қазақ тілінде таразы сөзінің синонимі болып қабылданылады. Мысалы: санақтагы сиырлар кірге түсірілді ме? (Ж. Тілеков). Кір деген
сөзден кірші, кірлеу, кірлету, кірлесу, кірге тарту, кірге түсу сияқты жаңа сөздер туындап, қазақ лексикасын байытқан. Рет (ряд) деген сөздің білдіретін ұғымы қазақтың қатар деген
сөзіне дәл келеді. Ал қазақ тілінде бұл сөз орыс тіліндегі мағынасын бүтіндей өзгертіп, басқаша мән алған. Мәселен, Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі (мақал) дегендегі рет сөзі
орыстың раз деген сөзінің орнына жүріп тұр. Кеше немістер бізге үш рет шабуыл жасады (Б. Момышұлы). Бұл сөйлемде рет сөзі мәртебе деген сөзбен синоним болып жұмсалған. Сөзін
ретпен айтты дегендегі ретпен сөзі белгілі тәртіппен, жүйемен дегенге келеді. Егер ісім өнсін десең, ретін тап (Абай). Мұнда рет сөзі қисын, жөн, ыңғай мағынасында қолданған. Демек,
орыстың ряд деген сөзі қазақ тіліне енген соң, түр-тұрпатын да, мән-мағынасын да өзгерткен. Сонымен қатар семантикалық ұғымын кеңейте отырып, жаңадан бірнеше сөз тудыруға
ұйытқы болған. Мысалы: ретті, реттік, реттілік, ретсіз, ретте, реттегіш, реттеу, реттеуші, реттету, реттестіру,реттеңкіреу, реттелу, реті бар, реті жоқ, реті келмеу, ретін
табу, рет саны, реттік сан, реттік сан есім т. б.
Қазан революциясына дейінгі қазақ тіліне енген орыс сөздерінің бірсыпырасы қазақтың төл сөздерімен синонимдік қарым-катынаста жұмсала жүріп, көп жағдайда төл сөздерден
басым түсіп, жалпыхалықтық сипат алып отырған. Мәселен,орыс тілінен ауысқан бөтелке, бөшке, гармон, божы, кәмпит