Әдебиет: Негізгі әдебиеттер: 1. Логопедия. / Қ.Қ. Өмірбекова, Г.С. Оразаева, Г.Н. Төлебиева, Г.Б. Ибатова . - Алматы: Ассоциация вузов РК, 2011. - 495c.
2. Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық / К. Ж. Төребаева. - Ақтөбе : АқМПИ, 2012. - 256 бет
3.Логопедия : Оқулық / Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С. Оразаева. - [б. м.] : Дәуір, 2011. - 648 б.
4.Логопедия негіздері : 5В010500 - Дефектология маманд. арн/ Р.Д. Дүйсенбаева. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ РББ, 2014. - 141 бет
5.Дүйсенбаева Р.Д. Логопедиялық түзету жұмыстары : Оқу әдістемелік құрал. [б. м.], 2009. - 80 б.
Қосымша әдебиеттер: 1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с
2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.
Абая, 2014. - 96 с
3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет
11. Дауыстың бұзылымдары.
Аннотация: дыбыс щығарудың акустикалық неіздері Кілт сөздер: аппарат, функция,дисфония,диафрагма,патология,органика. Жоспар: 1. Дауыстың бұзымдары. Балалар дауысының дамуы 2. Дауыс аппаратының зерттеу әдістері
Дәріс тезисі: Дауыстың бұзылуы дегеніміз – дауыс шығару аппаратының патологиялық өзгерістердің әсерінен фонацияның болмауы немесе бұзылуы.
Дауыс патологиясын анықтаудың негізгі екі термині қабылданған: афония – грек тілінен аударғанда дауыстың түгелімен болмауы және дисфония – дауыс күшінің, биіктігінің тембрінің ішінара болмауы. Дауыстың бұзылуы сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясына сәйкес (3) сөйлеудегі фонациялық әуезділіктің бұзылуына жатады. Қалыпты жағдайдағы дауыс пен оның дамуы түрлі мінездемесіне сәйкес дауыстың дыбыс қатпарлары арқылы толқындарға ұшырап шығуы. Дыбыс – ауа толқындарының тітіркендіргіштер түріндегі тербелісі. Адамның дыбысын шығарушы дыбыс қатпарларымен танылатын өңеш. Дауыстың биіктігі – толқынды тербелістердің есту органы арқылы субъективті түрде қабылдануы. Қабылданатын дауыстың негізгі тоны герцпен өлшенеді және қалыпты сөйлесуде ерлерде - 85-200 ГЦ, әйелдерде – 160-340 Гц аралығында өзгеріп отыруы мүмкін. Дауыстың бұзылу себептері әр түрлі.Оларға өңештің, мұрын жұтқыншағының, өкпенің ауруға шалдығуы; дауысқа шамадан тыс салмақ салуы, есту қабілетінің төмендеуі; нерв жүйелерінің ауруға шалдығуы; сөйлегенде және өлең айтқанда дауыстың гигиенасын дұрыс сақтамауы және басқалары жатады.Дауыс шығару механизмінде көкірек қуысындағы диафрагма, өкпе, тыныс алу жолдары, кеңірдек, көмекей, жұтқыншақ, мұрын жұтқыншағы, мұрын жолдары белсенді қызмет атқарады.
Адам сөйлеген кезде шымылдық тығыз жақындасып керіледі, өкпеден шыққан ауа шымылдықтың арасынан жарып өтіп оны тербелуге мәжбүр етеді; дыбыс шымылдығының тербелісінен дауыс пайда болады.Адам үндемеген кезде шымылдық керілмеген, дыбыс саңылауы кең ашылған, өкпеден шыққан ауа еркін шығады, дауыс болмайды.Дауыстың бұзылуының алғашқы белгілері жеңіл қырылдауы мен оның тез шаршауы көмекей қызметінің қажуының салдарынан болуы мүмкін.Бірақ, егер осы ауытқуларды уақытында жоймаса, онда көмекейдің өзгеруі тұрақтанып қалады, демек дауыстың ақаулығын қиындатып жібереді. Дауыс бұзылуы органикалық және функционалдық болып бөлінеді. Бұндай бөлінуі арнайы емдеу мен логопедиялық жұмыстың тәсілдерін іріктеп алу үшін маңызы бар.Функционалды бұзылу (көмекейдің уақытша өзгеруімен байланысты), сондықтан түзету жұмысының барысында дауыс бұрынғы дұрыс қалпына келеді.Органикалық бұзылуда көмекейдің құрылысындағы: дауыс шымылдығындағы және жалғамалы құбырындағы өзгерістердің тұрақталып қалатындығы байқалады. Түзету жұмысында логопед дауыстық қатынас қызметін ойдағыдай қалпына келтіреді, бірақ қанша дегенмен де дауыстық сапасында бұрынғы қалпынан едәуір айырмашылығы болады.Дауыстың функционалдық бұзылуы ересектерге қарағанда балаларда сирек кездеседі.Балалардың дауысы шамадан тыс салмақ түсуден пайда болатын бұзылудың ең көп тараған түрі спастикалық дисфония деп аталады. Дисфония баланың бес жасындағы шамадан бастап біліне бастайтындығы байқалады, ал 8-10 жастың аралығында өте жиі болады. Дисфония қатты айқайлап сөйлейтін, ұшқалақ мінезді даурықпашы балаларда жиі пайда болады. Бұндай балаларда әдеттегідей таңертең дауысы таза және анық болады да, кешке қарай біртіндеп қарлығып қырылдауы күшейеді.