Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер:
1. Логопедия. / Қ.Қ. Өмірбекова, Г.С. Оразаева, Г.Н. Төлебиева, Г.Б. Ибатова . - Алматы: Ассоциация вузов РК, 2011. - 495c.
2. Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық / К. Ж. Төребаева. - Ақтөбе : АқМПИ, 2012. - 256 бет
3.Логопедия : Оқулық / Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С. Оразаева. - [б. м.] : Дәуір, 2011. - 648 б.
4.Логопедия негіздері : 5В010500 - Дефектология маманд. арн/ Р.Д. Дүйсенбаева. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ РББ, 2014. - 141 бет
5.Дүйсенбаева Р.Д. Логопедиялық түзету жұмыстары : Оқу әдістемелік құрал. [б. м.], 2009. - 80 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с
2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.
Абая, 2014. - 96 с
3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет
13. Әртүрлі бұзылымдарда кездесетін сөйлеу тілінің дамуының ерекшеліктері.
13.1 Көру және есту жетіспеушілігі кезіндегі сөйлеу тілінің бұзылымдары.
Аннотация: Көру және есту жетіспеушілігінің сөйлеу тілінің дамуына әсері
Кілт сөздер: фонематика, грамматика, мимика,компонент
Жоспар:
1.Көру және есту кемшіліктерінің классификациясы
2.Дыбыстардың классификациясы
Дәріс тезисі:Баланың сөйлеу тілінің дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады.Бала ересек адамдардың сөздерін естиді, тыңдайды, соларға еліктейді, сосын өздігінен сөйлеуге үйренеді. Саңырау балалар арнайы оқытудан өтпейінше сөйлеу тілін меңгермейді.Есту қабілеті баланың ой-өрісінің дамуына да үлкен қызмет атқарады. Ересек адамдардың түсіндірулерінен бала айналасындағы өмір тіршілігімен танысады және шындықтың күрделі мағлұматтарын меңгереді.Есту ақаулықтарының жіктелуі сөйлеу тілінің және есту қабілетінің бұзылу ерекшеліктерімен анықталады. Осыған байланысты есту кемістіктері саңыраулық пен мүкістік болып екі түрге бөлінеді.Саңырау дегеніміз есту қабілеті қатты бұзылғандықтан сөйлеу тілін анық түсініп болмайтын ақаулық. Саңыраулық іштен туа бітуі және кейіннен пайда болуымүмкін.Оның пайда болу себептері;1. ана құрсағындағы кезеңінде есту мүшелерінің дұрыс дамымауынан болады;
2. ананың екіқабат кезінде тұмау, қызылша, зақым және басқа да жұқпалы аурулардың, ішімдікке салынуының, стрептомицинмен және басқа да емдік дәрілермен емдеуінің, екіқабат кезінің алғашқы айларында құрсақтың зақымдануының зиянды себептерінің әсерінен болады.Қалыпты дамуда баланың 5 жасқа дейінгі кезеңде жеткілікті деңгейдегі сөздік қор қалыптасып, сөйлеу әрекеті арылы дыбыстарды дұрыс талдау мен жинақтау қабілетіне ие болуы керек. Бірақ, қалыпты есту мен интеллект жағдайларында тілдің
барлық компоненттерінің: фонетика, лексика, грамматиканың дамуында кешеуілдеу процесі байқалуы мүмкін. Сөйлеу тіліндегі осы түрдегі кемшіліктерді Р.Е.Левина ең алғаш рет жалпы сөйлеу тілінің кемшілігі деп атап көрсетті. Жалпы сөйлеу тілінің кешеуілдеуі кезінде балаларда дыбыстарды айтудың бұзылуы, фонематикалық естудің кешеуілдеуі, сөздік қордың артта қалуы, сөздің грамматикалық құрылымының бұзылуы түріндегі кемшіліктер байқалады. Жалпы сөйлеу тілінің бұзылуы түрлі деңгейде кездесетіндіктен, оны үш деңгейге бөліп көрсетеді.
І деңгейінде балалардың сөйлеу тілі мүлдем болмайды. Мұндай балалар қарым- қатынасқа түсуде былдырлау арқылы, тұрмыстық мағынадағы сөздерді қайталау, оларға еліктеу арқылы араласады. Көп жағдайда мимика мен ыммен сөйлеседі. Осы түрдегі кемшілік ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларда кездеседі.
ІІ деңгейінде балалар мимика мен ыммен сөйлеспегенмен, аз да болса сөздер арқылы ойындағысын түсіндіре алатын қабілетке ие болады. Суретті картиналармен жұмыс кезінде, өз ойын баяндауда сөздің грамматикалық құрылымын ажырата алмау, сөз бен сөз тіркестерін орынды қолдана алмау сияқты кемшіліктерге ұшырайды. Сөздерді, дыбыстарды алмастырушылық, фонематикалық естудегі кемшіліктер, сөздің дыбыстық құрамын талдау мен жинақтауда қателіктер көрсетеді.
ІІІ деңгейінде сөйлеудің лексикалық-грамматикалық құрылымы мен фонетикалық- фонематикалық жетіспеушілік байқалады. Мұндай балалар қарым-қатынасқа түсу
барысында ата-анасының, жақындарының көмегіне жүгінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |