1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері


Маркетинг зерттеулердің анықтамасы және оларды жүргізу шарттары



бет4/27
Дата13.02.2023
өлшемі491 Kb.
#67467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
2. Маркетинг зерттеулердің анықтамасы және оларды жүргізу шарттары.
Маркетинг зерттеулері дегеніміз – маркетингтік дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекеттеріндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады.
Маркетинг зерттеулерінің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол зерттеулер әлуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы нарықтарды таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ сұранысты белгілеу болып табылады. Нарықты таңдап алғаннан кейін оның ішінде болып жатқан өзгерістерге дер кезінде тиімді ықпал жасау үшін оның құбылыс ағымында бақылау қажет. Нарықтың ұзақ мерзімдегі даму бағытын болжау үшін оны зерттеу керек. Белгіленген болжау фирманың мақсатын анықтау жұмысына, стратегиясын және жұмыс жоспарын жетілдіруге негізі болады. Әсіресе маркетинг зерттеулері нарыққа жаңа тауарды дайындауда, оны өңдеп, шығару да маңызды орын алады.
Маркетинг зерттеулері нәтижелі және тиімді болу үшін келесі шартты орындау қажет:

  • Біріншіден, зерттеулер кешенді және жүйелі түрде өтуі қажет;

  • Екіншіден, жоғарыда айтылған ақпаратқа қойылған талаптарды ескере отырып зерттеулерде ғылыми тәсілдерді қолдану қажет;

  • Үшіншіден, халықаралық Сауда Палатасы және қоғамдық пікірді зерттеу Еуропа қоғамы бекіткен маркетингтік және әлеуметтік зерттеулері практикасының Халықаралық Кодексіне сәйкес жүргізілуі тиіс;

  • Төртіншіден, маркетинг зерттеулері жұмыстары мұқият жоспарлануы және жүйелі сатылануы тиіс;

3 Тақырып. Маркетингтік орта.
1. Маркетингтік орта.
2. Макроорта.
3. Микроорта.
4. Медиаорта тақырыбы СӨЖ-на беріледі.


1. Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеніне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.
Маркетингтік қоршаған ортаны 2-топқа-бөлуге болады:
1. Бақылауға мүмкін болатын факторлардан тұрады. Олардың ең негізгісін маркетинг комплекісінде топтауға болады. Маркетинг комплекісі дегеніміз - бұл белгілі бір нарық қажеттіліктерін камтамасыз етуге және алдағы қойған мақсатқа жетуге пайдаланылатын өзара байланыстары бақылауға болатын факторлар жиынтығы.
Маркетинг комплекісі негізгі 4 элементтен тұрады:
1. Тауар - бұл мекеменің нарыққа ұсынатын өнімі;
2. Баға - тауарды сатып алуға қажетті ақшалай сома;
3. Өткізу әдістері - өнімді тұтынуға жеткізіп беруге бағытталатын маркетинг қызметі;
4. Ынталандыру әдістері - тұтынушыны мекеме қызметін немесе тауарын сатып алуға үгіттейтін маркетинг қызметі.
2. Бақылауға мүмкіндігі жоқ факторлар- бұл мекеменің сыртқы ортаны мынадай топтарға бөледі:
1. Микроорта- бұл мекеме қызметіне тікелей қатысы бар және қызметке ықпал ететін элементтерден тұрады.
2. Жабдықтаушылар, яғни мекеме қызметіне қажетті шикізат және басқа да ресурстарын қамтамассыз етеді. Жабдықтаушылармен қалыптасқан тиімді байланыс мекеме қызметінің барлық деңгейіне ықпал етеді.
3. Бәсекелестер- нарықтағы осы мекеме типтес яғни ұқсас қызметі бар мекемелер.
4. Делдалдар- бұл мекеме өнімін, яғни өндірушіден тұтынушыға өнімді жеткізіп беру қызметін атқаратын мекемелер.
5. Тұтынушылар бұл тауарды немесе қызметті әрі қарай өңдеуге немесе жеке тұтынушыға сатуға тауарды өткізу бағасымен сатып алатын азаматтар немесе ұйымдар. Сатып алу мақсатына қарай тұтынушыларды бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Өндірістік тұтынушылар тауарды әрі қарай өңдеуге сатып алатын жеке адамдар немесе ұйымдар.
2. Аралық тұтынушылар тауарды әрі қарай өткізу үшін сатып алатын жеке ұйымдар немесе адамдар.
3 Соңғы тұтынушылар тауарларды жеке қолданыс үшін сатып алатын мекеме немесе адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет