1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет14/27
Дата13.02.2023
өлшемі491 Kb.
#67467
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
лекции-Маркетинг-каз 3

6 Тақырып. Маркетинг жүйесіндегі тауар.
1. Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны.
2. Тауардың өмірлік циклының концепциясы
3. Тауар белгісі.


1. Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны.
Тауар дегеніміз нарық жүйесіндегі негізгі әрекет етуші *тұлға* десек те болады. Өйткені ол өндірушінің экономикалық пәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады. Нарықтағы коммерциялық табыстың көлемі тап қазіргі жағдайда сапасы жоғары және тұтынушыға да, өндірушіге де, тиімді тауарға байланысты болып отыр. Экономика теориясында тауар экономикалық категория ретінде белгіленген. Классикалық саяси экономиясында тауарды арнайы айырбас жасау үшін өндірілген еңбек өнімі деп анықталған. Бұл анықтама әрине маркетингте де өз күшін сақтайды.
Тауарды шығару кезінде оны өндіру ұғымы 3 деңгейде қарастырылады:

  1. Ойдағы тауар- тұтынушы сатып алатын тауардың атқаратын қызметін белгілеу керек. Бұны жалпы қорытылған өнім деп атауға болады.

  2. Өндірушінің мақсаты- ойдағы тауарды нақтылы тауарға айналдыру керек. Өндірілген тауар өзінің қасиеттерімен, сапасымен, ыдысыменен сатуға арналады. Оны нақты өнім деп атайды.

  3. Сипаттамаларына қоса өндіруші сатып алушыға қосымша қызмет көрсетуі мүмкін. Осының нәтижесінде толықтырылған тауар түсінігі қалыптасады. Өйткені сатып алушыны күтіп алу, оған қызмет көрсету, кепілдік беру, тауарды жеткізу жұмыстарымен толықтырылады.

Тауар қасиеттерінің жиынтығы мынадай көрсеткіштермен анықталады:

  1. Сапа (сапаға деген сенімділік өнімді ұлғайтуға жол ашады);

  2. Тауардың атқаратын қызметіне дәл сәйкестігі;

  3. Бағаның сапаға және тұтыну құндылығына сәйкестігі;

  4. Тауар құжаттары;

  5. Сатып алынғаннан кейінгі сервистің сапасы;

  6. Ассортименттің байлығы, тауарды таңдауға мүмкіндіктің молынан болуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет