2. Жаңа тауар түрлері екі жолмен қалыптасады. 1.Сырттай, яғни басқа да сыртқы мекемеден патент немесе лицензияны сатып алу жолымен.
2.Өз мекемесі ішінде арнайы бөлімшелерден қалыптасады.
Екінші жолымен қалыптасқан тауар түрін жасап шығаруды талдайтын болсақ, ол келесі сатылардан өтеді. Жаңа тауар түрін жасап шығару процесін талдамастан бұрын жаңа тауар ұғымын анықтап алу қажет. Жаңа тауар дегеніміз - тұтынушы елеулі деп санайтын қалыптасқан тауар түріне жаңалықтар енгізу немесе алдын өндірісте болмаған жаңа тауар түрін шығару. Бұл жаңа тауар түрін енгізу мекеменің ұзақ мерзімді дамуын және рентабельдігін қамтамассыз етілу қажет. Жаңа тауар түрін енгізу келесі үш факторға байланысты.
1. Өндірісте шығарылып жатқан өнімнің ескіруінен сақтану үшін.
2. Өндірісті кеңейту үшін.
3. Мекеменің рентабельділігін көбейту үшін.
Жаңа тауар ұғымын анықтағаннан соң жаңа тауарды жасап шығару процесін қарастырамыз.
1 . Жаңа ойды қалыптастыру
2. Берілген жаңа ой ішінен тиімдісін таңдап алу.
3. Тауар процестерін тексеру.
4. Маркетинітік талдау.
5. Тауарды жасап шығару.
6. Нарық жағдайында зерттеу және тәжірбиеден өткізу.
7. Коммерциялық өндіріспен өткізу.
Жаңа тауар жасап шығару процесін толық барлық этапын көрсететін болсақ келесідей сатылардан өтеді:
1. Жаңа ойды қалыптастыру дегеніміз - бұл жаңа тауарды жасап шығару мүмкіндіктерін жүйелі түрде үнемі іздестіріп отыру сапалы жаңа тауарды жасап шығару процесін қамтамассыз ету үшін іздестіру жолдарын үнемі жаңартып отыруы қажет. Бұл фактор маркетингтік ортадағы болып жатқан өзгерістерге байланысты. Осы өзгерістердің ең негізгісі бұл:
А) Тұтынушылар оның кажеттілігін қамтамассыз етуге бағытталған ғылыми ізденістер.
Б) Ғылымдар яғни ғылыми ізденістер негізінде қалыптасқан жаңа жетістіктер.
В) Бәсекелестердің жаңа тауарды жасап шығару процесіндегі жетістіктерді ескеру және талдау.
Мекеме басшылығы жаңа тауарды жасап шығару процесін үнемі бақылап бағыт-бағдар беріп отыру қажет. Сондықтан осы процестің бірінші этапында: қандай тауарға, қандай нарықка көңіл аударуын анықтау қажет, қандай мақсатта жаңа тауарды енгізіп отырғанын анықтау қажет, осы жаңа тауарды өткізу процесін қамтамассыз етуі қажет.
2. Берілген жаңа ой ішінентиімдісін таңдап алу. Бұл этап келесі берілген зерттеулерді жүргізуден тұрады: тұтынушы нарығын, кажеттілігін, зерттеу, жаңа ойларды қалыптастыру, оларды техникалық экономикалық тәжірбиеден өткізу.
Жаңа ойларды іздестіру барысында бірнеше бағытта жұмыс істеуге тырысамыз. Мыс:
А) тұтынушыларды зерттеу арқылы.
Б) шетел нарығын бақылау арқылы.
В) Ғылыми техникалық әдебиеттер, жаңалықтардызерттеу арқылы.
3. Тауар концепциясын тексеру. Бұл этапта тұтынушылармен кері байланысты қамтамассыз ету арқылы іске асырамыз. Концепцияны тексеру тұтынуларға өз тауарын ұсынып, осы тауарын алған әсерін бақылау арқылы жүргіземіз.
4. Маркетингтік талдау. Алдағы берілген үш этап негізінде 100% берілген жаңа ойлардың 90% жарамсыз деп табылса, бұл этаптар қалған 10% өзі жеке бақылаудан, талдаудан өтеді. Яғни таңдап алынған ойлардың өндірісте және өткізуде қандай нәтиже беретінін анықтаймыз.
5. Тауарды жасап шығару. Бұл этап барысында тауарды жасап шығару процесі бірнеше сатыдан өтеді:
А) жаңа тауар проектін бағалау және концепциясын қалыптастыру.
Б) жаңа тауардың тәжірбиелік партиясын жасап шығару оларды талдау және лаборатотиялық тексеруден өткізу.
В) нарықтық жағдайда тәжірбиеден өткізу.
Г) коммерциялық өндірістен өткізу.
Бұл этап жаңа тауарды жасау процесінде ең маңыздысы болып саналады. Яғни осы этапта тауар өндіріспен өтіп физикалық объектіге ие болды.
6. Жаңа тауар шығару маркетингтік бағдарламаның басты элементі бұл тауарды нарық жағдайында сынақтан өткізу. Бұл этап барысында осы тауарды сату, оған кеткен шығын, келіп түсетін пайда, жарнама әдіс-тәсілдері өнімді өткізу каналдары т.б. анықталады. Осы этап негізінде сынақтан өткізілген тауардың коммертқиялық өндіріске үсынуын шешімді және маркетингтік бағдарлама бойынша тауардың тәжірбиелі партиясын надты жағдайларда сынақтан өткізу қамтамассыз етіледі. Нарықтық сьйіақтан өткізу келесідей сатыдан түрады:
2. Сынақтан өтетін өнім көлемін анықтау.
3. Сынақ өтетін нарықты анықтау .
4. Сынақ нәтижесік бақылау.
7. Коммертқиялық өндірісті бастау. Бұл жаңа тауар жасау продесінің қорытынды этапы. Яғни осы этапта нарықтық сынақтан өткен тауар түрлері коммертциялық өндіріске енгізіледі. Бұл этап нәтижесі тиімді болу үшін мекеме келесідей факторларға көңіл аударуы қажет.
1. Нарыққа шығу уақытын дұрыс анықтау.
2. Тауардың өндірілу масштабын және нарыққа ендіру көлемін анықтау.
3. Еңбек тиімділігі деген сегменттерді пайдалану
4. Тауарды нарыққа ендіру бойынша маркетингтік жоспарды дайындау.
5. Тауар ассортиментін жоспарлау процесінде маркетингтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі бұл тауар өмір цикілі концепциясы.