1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет17/27
Дата13.02.2023
өлшемі491 Kb.
#67467
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
лекции-Маркетинг-каз 3

3.Жаңа тауарды жоспарлау. Жаңа тауар дегеніміз қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттерімен ерекшеленіп нарыққа ұсынылған жаңа өнім.
Жаңа тауардың маңыздылығын мына факторлар бейнелейді:

  • пайданы өсіруге көмектеседі;

  • қалыптасқан тауар және ассортимент топтарына қарағанда ерекше қасиеттері бар.

  • өндіріс қалдықтарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін;

  • маусымды жұмыс жасайтын фирмалардың шығындарын азайтып, өткізу арналарын жыл бойы тұрақтандырады;

  • тұтынушылардың демографиялық өзгеріс сипаттамаларына өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін.

Жаңа тауарды жоспарлау ісі келесі сатылардан тұрады:

  1. Идея жинау сатысы жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады.

  2. Өнімді бағалау сатысында іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады.

  3. Тұжырымдаманы тексеру сатысында тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен сатып алуға деген ынтасы анықталады.

  4. Экономикалық талдау сатысында сұраныс болжалдыланылады, шығындар мен пайда есептелінеді.

  5. Өнімді шығару сатысы идеяны нақты іс-қимылға айналдыру деген ұғым.

  6. Байқау маркетингісі сатысы дегеніміз өнімді бір, немесе бірнеше таңдаған аймақта өткізіп көру.

  7. Коммерцияға енгізу сатысы тауар өміршеңдік кезеңінің енгізу фазасына сәйкес келеді

8 Тақырып Маркетингтегі баға саясаты.



  1. Бағаның атқаратын қызметтері.

  2. Бағаға әсер ететін факторлар.

  3. Бағаны жасау мақсатын анықтау.

  4. Шығындарды бағалау.

  5. Баға белгілеу, таңдау. Түпкі бағаны белгіле және баға белгілеу тәсілдері тақырыптарын СӨЖ-на беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет