2. Маркетингтің тауар деңгейі. Маркетингтік үғым бойынша тауар келесідей 2 деңгейлі баға арқылы сатылады: ең төменгі баға яғни тауардың өзіндік құны. Бұл деңгейден төмен бағамен тауар сату яғни өзі үшін зиянды бағаға сатудан өндіруші кәсіби бағдарын өзгертпей нарыққа қайта орала алмайды. Екінші енгей жоғарғы баға тауардың бәсеке нәтижесінде сатылған бағасы әрбір жеке өндіріс бағасына келіп нарықта құрылатын орташа баға бәсеке қорытындысы болып табылады.
Өткізу каналындағы қарым-қатынас. Өнімді өткізу бойынша жұмыстарды маркетинг концепциясын түбірімен өзгертеді. Ең бірінші орынға өндірушінің қажеттілігімен сұранысы емес тұтынушылардың талаптарын қояды.
Өкізу каналы қарым-қатынасы барысында өндіруші делдалдарға қойылатын талабын және өз мүмкіндіктерін нақты анықтап отырады. Өндіруші делдалдармен өз маркетингтік саясатын жүргізуді келіседі. Бұл жолды өндіруші делдалға келесідей ақпарат береді.
1. өз тауарының сатылу мүмкіндігі жоғары екенін дәлелдеу қажет.
2. басқа бәсекелестің тауарына қарағанда өз тауарының саудасы пайда түсіретінін дәлелдеу қажет.
3. тауар өндіруші маркетингтік саясатын қорғау және келісім бойынша біріге отырып жұмыс жасау жоғарғы нәтиже беретінін дәлелдеу.
Сауда өрісінде делдалдармен бірге отырып жұмыс жасау өндірушіге өз тұтынушы жайлы кеңінен ақпарт алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат маркетингтік зерттеуді тиімді жүргізуге және өнім ассортиментін жоспарлауға жарнама мен өткізуді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бөлшек сауда. Бөлшек сауда дегеніміз - бұл өз тауарын және қызметін тікелей соңғы тұтынушыға саталын мекеме қызметі бөлшек сауда түрлері:
1. Корпоративті сауда- бұл нүктелері тек бір ғана тауар өндірушінің тауар ассортиментін сатумен айналысыды және тікелей осы өндірушіге бағынышты болады. Корпоративтік жүйенің ең маңызды ерекшелігі бұл тәуелсіз тауар тарату. Корпаративтік жүйе өзінің рентабельдігін келесідей әдістермен қол жеткізеді:
1. Көп мөлшердегі тауар партиясына тапсырыс береді және мүмкіншілік негізінде тауар береді.
2. Білімді менеджер және маркетологтарды тауарды жылжытуға үлкен үлес қосады.
3. Бөлшек сауда және көтерме сауданы қатар жүргізе алады.