3.Тауарқозғалысына қатынасушылар бағаны белгілеу үдерісінде маңызды роль атқарады.Олардың пікірімен санасуға тура келеді, өйткені олар тауардың өткізу көлемін ұлғайтуға, жарамды тауар бейнесін жасауға, сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигізеді
4.Бәсекелестер.Маркетинг тұрғысынан фирма әрекетінің ортасы талданады.Баға бақылауының жағдайына байланысты бәсеке ортасы 3 түрге бөлінеді:
Бағаны рынок бақылайтын орта.Онда бәсеке деңгейі жоғары, тауар бір типтес, ұқсас деп сипатталады.
Бағаны фирма бақылайтын орта.Оған шектелген бәсеке тән және ұсынған тауарлардың ерекшеліктері болады.
Бағаны мемлекет бақылайтын орта қоғамдық транспорт, энергетика,коммуналды қызмет және де басқа салаларда кездеседі
5.Мемлекет.Кәсіпорынның бағаны белгілеудегі еркіндігін мемлекет шектейді.Бұл шектеуді 3 дәрежеге бөлуге болады:
Мемлекет бағаны өзі белгілейді.
Мемлекет баға қою ережелерін бекітеді.
Арамзалық бәсекеге және нарықты монополиялауға шек қою үшін «нарықтық ойын», ережелерін (еркін келісімді бағалар қалыптасады).
Бағаны жасау мақсатын анықтау.
Ең алдымен фирма нақты тауар арқылы қандай нәтижеге жетуді көздейтінін білуі қажет. Егер де нысаналы нарық таңдалып, нарық жайғасымы толық ойластырған болса, онда баға мәселесі мен қатар маркетинг кешенін құру тәсілдері түсінікті болар еді. Баға құру стратегиясы негізінде нарық жайғасымын шешу арқылы ғана белгіленеді. Сол жағдайда фирма өзінің түпкі мақсатын белгілеуі мүмкін. Қаншалық бұл мәселе анығырақ болса, солғұрлым баға қою ісі жеңілдейді. Іс жүзінде жиі кездесетін мақсаттар мынадай: