1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет5/27
Дата13.02.2023
өлшемі491 Kb.
#67467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
лекции-Маркетинг-каз 3

2. Макроорта кәсіпорындарының әрекетіне жалпы біріңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды.
Макроортаның құрамын былай бейнелеуге болады:
Макроортаның топтасқан факторлар құрамы.

Демографиялық факторлары

Экономикалық факторлары



Ғылыми-техникалық фактор

Маркетинг макроортасы

Табиғи факторлары

Саяси-құқық факторы

Мәдени факторы


Нарық көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады. Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мәселелерін қарастыруы қажет. Соның негізінде тауар өндіруші кімге, қанша және қандай тауар өндіретінін біледі.


Сонымен қатар демографиялық факторларға білім алу деңгейі де ықпалын тигізеді. Халық білімі қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоғары сапалы тауарларға, баспа басылымдарына және интеллектуалды игіліктерге сұраныс ұлғаяды.
Экономикалық факторлардың нарық субъектілеріне тигізетін ықпалы демографиялық факторлардан кем емес. Фирманың алғашқы тұтынушыларын білумен бірге, олардың қанша тауар сатып алатынын анықтау ісі аса маңызды болмақ.
Табиғи факторларды зерттеу жұмысы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін және қоршаған ортаны сақтау мүмкіндіктерін талдаумен байланысты.
Ғылыми-техникалық факторларды талдау барысында жаңа тауар өндіруге, тауарды және технологияны жаңартуға, дер кезінде ғылым мен техниканы дамытуға мүмкіндіктер ізделініп, оның іске қосылу жолдары жасалуы қажет.
Саяси-құқық факторлары мемлекет органдарының талаптарын білу үшін және оларға бейімдеу қажет. Кәсіпорынның жұмысын шектейтін заңдарды білу арқылы нарық әрекеттерін бағыттауға болады.
Макроорта факторларын зерттеу кезінде екі жағдайды ескеру қажет. Олар:

  1. Барлық макроорта факторлары бір-бірімен аса тығыз байланыста қалыптасады;

  2. Әрбір макроорта факторының фирма жұмысына әсер ету деңгейі фирманың көлеміне, орналасқан жеріне, іс-әрекет саласына т.б. көрсеткіштеріне көптен-көп байланысты болады.

3. Микроорта - фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштерімен белгіленеді. Солардың қатарындағы аса маңыздылары мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер (кесте)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет