1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері


Тұтынушылардың сатып алуына әсер ететін факторлар



бет8/27
Дата13.02.2023
өлшемі491 Kb.
#67467
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
лекции-Маркетинг-каз 3

Тұтынушылардың сатып алуына әсер ететін факторлар.

1. Мәдениет деңгейі факторы: қоғамның даму деңгейін анықтайтын және осы қоғаммен белгіленген рухани және материялды құқықтар жиынтығы. Әлеуметтік жағдайы әр қоғамды бірнеше коғамдық сыныпта өмір сүреді және бұл сыныптар келесідей сипаттарға ие болады:
1) Сыныпқа жататын жеке тұлғалар тұтынушы ретінде мінез-құлқы талап - тілегі және өмір сүру жағдайы ұқсас келеді.
2) Қай сыныпқа жататынына байланысты жеке тұлғалар қоғамда жоғары және төмен статусқа ие болады.
3) Қоғамдық сынып белгілі бір анықтама арқылы емес, жеке тұлғалардың кәсібі, табыс денгейі, білім деңгейі т.б. сипатына байланысты анықталады.
2. Әлеуметтік фактор:
Референттік топтар - тұтынушының мінез-құлқына тікелей немесе жанама әсер ететін топтар. Тікелей әсер ететін фактор келесілер: жанұя, жұмыс істейтін ортасы, достары, көршілер т.б. Жанама әсер етушілер: қоғамдық ұйымдар, профсоюздар т.б. Жанұя - әдетте жанұя құрамындағылар тұтынушы мінез-құлқына әсер етеді. Мыс: қымбат бағалы заттарды сатып алу шешімі осы жанұя кеңесінде ғана шешім қабылданады.
Статус тұтынушы тәжірбиесі тауар жайлы кабылдаған ақпарат деңгейі және адамның қағамдағы жағдайы сипатына байланысты анықтауға болады. Тұтынушы жеке тұлға ретінде көптеген әлеуметтік топтардың құрамында болады. Мыс: студент қыз өз әке-шешесіне қатысты алғанда қызы, өз жанұясында әйелі, институттың өмірінде студенттік қыз. Бұл мысал бойынша көрсетілгендей бір адам бірнеше ролде ойнайды. Әр роль өзіндік бір статусқа ие болады, әр адам өз статусына қарай талғамдарда ерекшеліктер болады.
3. Жеке фактор: тұтынушы шешіміне келесідей сипаттамалар әсер етеді:
- тұтынушының жасы, тұтынушы өз өмір цикілінің өмір сүріп жатқан этапына байланысты. Тұтынымдық ерекшеліктері болады.
Жанұя өмір цикілінің этапы яғни осы жанұялық құрылғанына қанша уақыт болғанына байланысты. Әр этаптың өзіндік ерекшеліктер болады.
Экономикалық жағдайы, яғни, тұтынушының экономикалық жағдайы тікелей табыс денгейіне байланысты болады ( неғұрлым табысы жоғары болса, соғырлым тұтынымдық талап-тілектері де жоғары болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет