16.Көпбұрыш, тіктөртбұрыш,шаршы, дөңгелек және оларды оқыту әдістемесі «Көпбұрышттар» ұғымымен байланысты жұмысты былайша жүзеге асыруға болады: 1.Геометриялық фигураны қарастыру.Үшбұрышты қарастырыңыз:кесінділер қанша,оларды көрсет;бұрыштары нешеу,оларды корсет;қанша төбесі бар екенін көрсет. 2.Фигураның элементтерін санаймыз және оларға ат береміз. 3.Санау таяқшаларын немесе қағаз бөліктерінен үшбұрыш үлгісін дайындаймыз. 4.Басқа фигуралар жиынынан үшбұрыш үлгісін тауып аламыз. 5.Берілген фигураны сызу. Тұйық,сынық жазықтықта ешқандай түзу орналаспайтын бөлікті бөледі.Бұл бөлік көпбұрыш деп аталады, ал сынық оның шекарасы.Сынықтың кесінділері көпбұрыштың қабырғалары,ал кесінділердің ұштары көпбұрыштың төбелері деп аталады.Көпбұрышта қанша қабырға болса, сонша төбесі болады.Солардың саны бойынша көпбұрыш үшбұрыш, төртбұрыш,бесбұрыш т.б. деп аталады. Көпбұрыш сынықтағы реті бойынша төбелерін белгілейтін латынның бас әріптерімен белгіленеді.
Тіктөртбұрышпен таныстыру әдістемесі Бұрыш ұғымы көпбұрыштарды,мысалы,тіктөртбұрышты қарастыру барысында бекітіледі.Оқушыларға мынандай мазмұнды машықтық жұмысты ұсынуға болады: Төртбұрышты таңда,оның төртбұрыш екенін дәлелде. 1.Тік бұрыштың үлгісін алыңыз,тік бұрышы бар фигураларды көрсетіңіз,төртбұрыштың барлық бұрыштарын тексеріп шығыңыз Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрышты таңдап алыңыз. 2.Мұғалім «Барлық бұрыштары тең болатын төртбұрыш тіктөртбұрыш деп аталады» деп хабарлайды. 3.Басқа фигуралар ішінен және басқа заттарды салу кезінде тіктөрбұрышты табу. 4.Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қасиеттерімен танысу. «Суретке қараңдар.Бірдей түспен сызылған тіктөрбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болады». 5.Сызғыш көмегімен торкөз қағазда тіктөрбұрышты сызу. 6.Еңбек сабағында үшбұрыш көмегімен қағазда тіктөрбұрышты сызу. Тіктөртбұрыш – барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш.
Шаршымен таныстыру әдістемесі Тіктөртбұрыштардың ішінен оқушылар қабырғалары тең тіктөртбұрыштарды – шаршыларды анықтайды.Шаршы ұғымымен таныстыру үшін оқушыларға мынадай машық жұмысын ұсынуға болады: 1.Тіктөртбұрыштар жиыны. Тіктөртбұрыштарды таңда. 2.Барлық қабырғалары тең болатын . Тіктөртбұрыштарды табыңыз. 3.Мұғалім «Барлық қабырғалары тең болатын Тіктөртбұрыш шаршы деп аталады»деп хабарлайды. 4.Басқа фигуралар ішінен шаршыны іздейміз. 5.Таяқшалардан құрастырамыз. 6.Торкөз қағазда шаршы сызу.
Шаршы – саған таныс төртбұрыш.Шаршының барлық бұрыштары тік,ал барлық қабырғалары өзара тең.Кез келген шаршы тіктөртбұрыш бола алады.Бірақ кез келген тіктөртбұрыш шаршы бола алмайды.Тек қана барлық қабырғалары тең төртбұрыш шаршы бола алады Шеңбермен таныстыру әдістемесі Тақтада циркуль көмегімен,ал оқушылар дәптерінде қисық тұйық сызық сызады.Мұғалым сызық шеңбер деп аталатынын хабарлайды.Мұның барлығын оқушылар машықтық жаттығулар барысында игереді.Оқушылар шеңбермен дөңгелек ұғымдарын айыру үшін арнайы тапсырмалар беріледі.Мысалы,шеңбер сал,дөңгелекті боя,дөңгелекпен шеңбердің центрін ,сонымен қатар шеңберге тиісті және тиісті емес нүктелерді белгіле. Шеңбер – тұйық қисық.Барлық нүктелер бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасса,оны шеңбердің центірі деп атайды.Бұл қашықтық шеңбердің радиусы деп аталады. Шеңбер; О – центр; АО радиус
Радиус – шеңбер нүктесінен оның центріне дейін қашықтық. Диаметр – центр арқылы өтетін шеңбердің екі нүктесі қосатын кесінді.Шеңбер диаметрі әрдайым оның радиусынан екі есе үлкен болады. Дөңгелекпен таныстыру әдістемесі Шеңбер сызылады,мұғалім шеңбер бойынша дөңгелек қиып алады,ал оқушылар шеңбердің ішіндегі бетті штрихтайды.Шеңбердің бұл бөлігі дөңгелек екені хабарланады,дөңгелектің центрі белгіленеді. Дөңгелек-
шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі. Шеңбердің өзі дөңгелекке кіреді.Шеңберді қаламсаппен салады, ал дөңгелекті фломастермен бояп қағаздан қиып алуға болады. Әрбір шеңбердің өз дөңгелегі,ал әр дөңгелектің өз шеңбері болады.Олардың радиустары мен центрлері біреу болады. Берілген нүктедегі центрі және берілген радиуспен дөңгелек салу үшін центрі мен радиусы осындай болатын шеңберді циркульмен салу керек