1. Математика пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет10/20
Дата14.08.2023
өлшемі0,7 Mb.
#105253
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Математика)

Жиындарды біріктіруге, болады. Екі жиынның бірігуі, ∪ символымен белгіленеді. Екі жиынның бірігуі, екі жиынға тиесілі барлық элементтерден құралған жиын болады.
Мысалы A = {1, 3} және B = {2, 4} жиындарының A∪B бірігуі {1, 2, 3, 4} жиының құрайды.
Жиындардың қиылысуы, екі жиынның қиылысуы екеуіне тиесілі элементтерден ғана тұратын жиын. Мысалы A = {1, 2, 3} және B = {65, 14, 3, 4, 1} жиындарына қандай элементтер ортақ? Бұлар 1 мен 3. Осы жиынды C = {1, 3} деп белгілейік.
Жиындардың қиылысуы символымен ∩ белгіленеді. Мысалы жоғарыдағы жиындар үшін A∩B =С
12.Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Технология- педагогикалық сөздік қорында: педагогтың білім, біліктілік, интеллектуалдық, кәсіптік әдіс- тәсілдер жүйесін қолдану арқылы білім беру мақсатындағы мұғалім меноқушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас процесі болып табылады.
Инновация-педагогикалық сөздік қорында:«жаңа», «жаңалықенгізу >> деп көрсетіледі
Инновациялық технологиялар:
• Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
• Дамыта оқыту технологиясы
• Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
• Ақпараттық технология
• Оза оқыту технологиясы
•Модульдік оқыту технологиясы
•Білім беруді ізгілендіру технологиясы
Ақпараттық,
Технология-Оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
-интерактивтік тақта
- Электрондық оқулық
компьютер
13. Шағын жинақталған мектепте математиканы оқытудың ерекшеліктері
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардыңсаны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндікерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпыбілім беретін мектепті айтамыз.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмірсүруде.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
ШЖБМ - те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтын жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады. Егер мектепте барлық балалар саны 15 - тен аспайтын болса, 1 - сынып комплект, 15 - тен жоғары 2 немесе 3 - сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 - сынып – комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. Аралас сыныптар (1-2, 2-3, 3-4 ) ал кешенді ( 1-3, 2-4, 1-4) және басқада сыныптарды қарастырады.
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.
*Бақылаудың орнына – ынталандыру;
*Мәжбүрлеудің орнына- кеңес беру;
*Ауыстырудың орнына – сенім білдіру;
*Үгіттеудің орнына түсіндіру;
*Айқайлаудың орнына –әзілдеу;
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты - бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. ШЖМ – нің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
- біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
- сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздікжұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен келесі ерекшелігін туғызады:
- бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыты, мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты;
- екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет .
Мұғалім бір сыныпта сабақты түсіндірген кезде, екінші бір сыныптың балалары мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмысқа өз бетімен әзірленеді. Төменгі сыныпта да, жоғары сыныптарда да жаңа материалды түсіндіру балаларға өздігінен істейтін жұмыстарды тапсырумен аяқталады. Балалар өздігінен істейтін жұмыстарды, алдымен мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. Бұл үшін жаңа сабақты түсіндіруге арналған уақыттың бірнеше минуты бөлінеді. Содан кейін балалар өздігінен жұмыс істеуге көшеді. Олар уақытқа байланысты тапсырманың біразын сыныпта орындайды, біразын үйде орындайды. Мұғалім сабақтың екінші жартысында жаңа материалды түсіндірген сыныптың балалары сыныпта өздігінен орындайтын жұмыстың аз ғана бөлігін орындайды − жұмысты сыныпта бастап, үйде аяқтайды.
3. Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерініғ бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өздігінен орындайтын жұмыста ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет