1. Математика пәнінің мақсаты мен міндеттері


 Асханаға 17 кг сәбіз, одан 49кг артық картоп әкелінді.  Асханаға барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді?



бет20/20
Дата14.08.2023
өлшемі0,7 Mb.
#105253
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Математика)

28. Асханаға 17 кг сәбіз, одан 49кг артық картоп әкелінді.  Асханаға барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді?
(17+49)+17=83


29.Есепті теңдеу құру арқылы шығар:


Жолаушы 3-күнде 48 км жол жүрді. Бірінші күні екінші күнге қарағанда 6 км кем жүрді. Үшінші күні екінші күні жүрген жолдың 0,7 бөлігіндей жүрді. Әр күні жолаушы неше км жол жүрген?
Жауабы: (х-6)+х+0,7х=48​​​​​​​​​​​ х-6+1,7=48​​​​​​​​​​​​ 2,7х=54​​​​​​​​​​​​​х=20


30.Санау жүйелері. Санаудың ондық жүйесіндегі сандардың жазылулары мен атаулары.
Санау жүйесі, санау, нөмірлеу — натурал сандарды атау және цифрлық символдар арқылы белгілеу әдістерінің жиынтығы. Санау жүйесі бейпозициялық және позициялық принцип болып екіге бөлінеді. Сандарды белгілеудің ең жетілген принципі — позициялық принцип, онда бір санның таңбасы (цифр) орналасқан орнына байланысты әр түрлі мәнге ие болады. Позициялық Санау жүйесі арифмет. амалдар орындауға қолайлы, сондықтан оларды кеңінен пайдаланады. Мұндай Санау жүйесінде 1-разрядтың n бірлігі (Санау жүйесінің негізі) 2-разрядты бірлік, ал 2-разрядтың n бірлігі 3-разрядты бірлік, т.с.с. құрайды. 1-ден үлкен кез келген сан Санау жүйесінің негізі бола алады. Мұндай жүйенің қатарына ондық санау жүйесін (негізі n=10) жатқызуға болады. Бұл жүйеде алғашқы он санды белгілеу үшін 0, 1, …, 9 цифрлары қолданылады. Негізі басқа сандар (5, 12, 20, 40, 60) болатын санау жүйелері де пайдаланылған. Ғыл. зерттеулер мен есептеуіш машиналарда жүргізілетін есептеулер кезінде негізі 2 болатын Санау жүйесі (екілік санау жүйесі) жиі қолданылады. Бейпозициялық Санау жүйесінде символдың мәні сандағы орналасқан орнына байланысты емес. Бұл жүйенің мысалы ретінде римдік Санау жүйесін, яғни рим цифрларын алуға болады. Бұл жүйенің негізгі кемшілігі — символдар саны көп, олармен арифмет. амалдар орындау өте күрделі. Бейпозициялық Санау жүйесіне қалдықтар кластарының жүйесі де жатады; қ. Модульдік арифметика.​​ ​Сан түсiнiгi – математикалық сияқты ақпараттануда да басты негiз. Егер математикада сандрды өңдеу әдiстерiне көп көңiл бөлiнетiн болса, онда ақпараттану үшiн сандарды ұсынуды пайдаланады. Себебi, тек солар ғана жадтың қажеттi қорын, жылдамдықты есептеуде жiберетiн қатенi анықтайды.​​​Ондық санау жүйесі — сандары негізі 10 саны болатын позициялық принципте жазуға бейімделген санау жүйесі. Бұл жүйенің негізіне санының алынуы, адамның саусақтар арқылы санауынан бастау алған деген болжам бар.
Ондық санау жүйесінің негізі 2-разрядтың бірлігі -100=10 квадрат жалпы алғанда, әрбір келесі разрядтың бірлігі алдыңғысынан 10 есе артық болады. Ондық санау жүйесі позициялық (орналасу орнына сәйкес) принцпке негізделген, яғни бір таңба (цифр) орналасқан орнына байланыстаы әр түрлі мәнге ие санды ғана жазу үшін қажет болатын ерекше шартты таңбалар (символдар) жеткілікті. Ондай ерекше таңбалар: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрлары болды.​​​​​​Цифралары көп үлкен сандарды атау және жадта ұстау қолайлы болуы үшін, бұл сандардың цифрлары оң жақтан солға қарай үш-үштен "кластар" деп аталған топтарға ажыратылады. Әрбір кластың цифрлары аралығында әдетте бір цифр сиятындай бос орын қалдырады. Мысалы, 35 миллион 461мың 298 санының жазылуы кестеде көрсетілген. "Шахмат саны" 2 64(кв)−1=18446744073709551615≈18,5∗10 18(кв). бұл сан 18 cекстиллион (триллиард) 446 квинтиллион 615 деп оқылады. 10 100(кв)— санның атауы гугол.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет