1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


-Билет. 1. Баланың мектепке психологиялық дайындығы



бет13/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

5-Билет.

1. Баланың мектепке психологиялық дайындығы.

Әр бір бала мектепке алғаш келгенде «жақсы оқушы болсам екен, жақсы оқысам екен» деген ниетпен келеді. Бірақ мектепке келген дайындық деңгейінің әртүрлілігі кейбір балалардың оқуға деген мүмкіндігін төмендетеді. Баланың мектепке келуі және алғашқы кездегі мектептің тәртібі, талабы оның өмір салтын және іс-әрекетін өзгертеді. Бұл кезең мектепке келген 6 және 7 жасарлар үшін бірдей қиын болады.Физиологтардың, психологтардың, педагогтардың байқауынша, 1-сынып оқушыларының көпшілігінде жаңа ортаға бейімделу қиын өтеді. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды. Осыған байланысты оқу – тәрбие барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау. баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы. Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі.

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет