2.Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін мониторинг
Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторингтің субъектісі мектеп жасына дейінгі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар. Мониторингтің объектісі балалардың жасы мен «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерге сәйкес олардың физикалық, зияткерлік және жеке қасиеттері. Стандарт талаптары бала дамының 3 деңгейі болуын қарастырады және бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жасына сәйкес іске асырылады: 1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады; 2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие; 3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше шығармашылықпен қолданады. Мониторинг нәтижелерін алу әдістері: - балаларды бақылау; - әңгілелесу; - бала әрекетінің өнімдерін талдау; - диагностикалық жағдаяттар. Жетекші әдіс – бақылау, ол балаға табиғи жағдаятта, күнделікті өмірде жүргізіледі. Диагностиканы жүргізу кезеңдері: жылына 3 рет – оқу жылының басында, ортасында және соңында: - бастапқы – қыркүйек; - аралық – қаңтар; - қорытынды – мамыр.
Достарыңызбен бөлісу: |