1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Мектепке дейінгі балаларды тәртіп пен тәртіптілікке тәрбиелеу



бет71/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
3 .Мектепке дейінгі балаларды тәртіп пен тәртіптілікке тәрбиелеу

Тәртіптілік, тәртіпке әдеттену — өз мінез-құлқын қоғамдық тәртіптің белгіленген нормаларына міндетті және саналы түрде бағындыру. Тәртіптің болуы кез келген іс-әрекетті, әсіресе коллектив жағдайында, ұйымдастыру үшін өте қажет. Тәртіптілікті жүзеге асыра отырып, адам қоғамда мінез-құлық ережелеріне, өзімен бірге еңбек етіп, бірге тұратын, бірге дем алатын адамдарға деген өз құрметін де көрсетеді.

Тәртіп адамның қалыптасуында маңызды роль атқарады, оның коллективтің ортақ талаптарына бағыну қабілеті, онда қалыптасқан өмір ережелерін орындау, ортақ мүдделерге немесе оны орындау мүмкіндіктеріне қарсы орынсыз тілектерден өзін тыя білу, мінез-құлық ұйымшылдығы, тіл алғыш болу, өзін бақылай білу сияқты жақтарын тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан да тәртіп бүкіл тәрбие жұмысының нәтижесі ретінде қаралуға тиіс.

Тәрбиелеу жағдайлары дұрыс ұйымдастырылған кезде мектеп жасына дейінгі балалық шақта балалардың тәртіптілігі едәуір өседі. Мәселен, сәбилер тобындағы кездің өзінде-ақ олар педагог әдейі жасаған жағдайға мүдделі болу ықпалымен ұстамдылық, ұйымшылдық көрсетеді (қуыршақты оятып алмас үшін серуенге шығар алдында орындықтардан ақырын тұрып, ойыншықтарды жинайды, Петрушканы киіндіруге ұмтылады және т. б.).

Балалардың мінез-құлық ережелеріне сай келетін қылық тәжірибелерінің жинақталуына көмектесе отырып, педагог бұл қажетті мінез-құлық әдістерінің нығаюына, неғұрлым саналы түрде, орнықты болып, педагогтың бақылауымен, сондай-ақ өз бетінше көрінуіне қол жеткізеді. Мектепке дейінгі ересек балалар тәртіпті мінез-құлықтың қалыптасуы нәтижесінде қажетті іс-қимылды іріктеп алуға, мынадай пікірлер туғызуға қабілетті болады: «Қалаймын, бірақ істеуге болмайды, сондықтан да өз ойымнан бас тартуға тиіспін», «Қаламаймын, бірақ осылай істеу керек, сондықтан да тапсырылған істі орындауға тиіспін».

Педагогика жеке адамның адамгершілік сапаларының қалыптасуында, олардың сыртқы көрінісі мәнерінде, қарым-қатыс және мінез-құлық мәдениетінде бірыңғай позицияда




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет