3.Қазақстан Республикасының «Бала құқығын қорғау жөніндегі» конвенция.
Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары туралы конвенция
1994 жылы бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді, 2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы – балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды.
Алайда, Қазақстан бекітпеген, бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесетін қағидаларды қамтыған бірқатар маңызды Конвенциялар бар. Осындай халықаралық құқықтық құжаттардың ішінде – Барлық көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция (1990 жылғы 18 желтоқсан) және Балаларды қорғау және мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы конвенция (Гаага, 1993 жылғы 29 мамыр).
Барлық көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция негізгі құқық қорғау шарттарының санатына жатады, олар бойынша конвенциялық бақылау органдары құрылған. Конвенция көшіп-қонушы еңбекшілер балаларының мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты нормаларды қамтыған, атап айтқанда көшіп-қонушы еңбекшілер отбасын қауыштыру, көшіп-қонушы еңбекшілердің балаларын жергілікті білім беру жүйесіне, әсіресе оларға жергілікті тілді үйрету тұрғысында тарту, көшіп-қонушы еңбекшілердің балаларына олардың ана тілін үйрету мәселелерін реттейді, сондай-ақ көшіп-қонушы еңбекші бас бостандығынан айрылған жағдайда, балаларының құқықтарын қорғау тетіктерін көздейді.Балаларды қорғау мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясы шетелдіктердің баланың абзал мүдделеріне орай оның құқықтарын сақтай отырып, бала асырап алуды жүзеге асыруына кепілдіктерді көздейді, сондай-ақ мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының арасындағы ынтымақтастық тетігін көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |