1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Ресейдегі мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушылар:Е.И.Тихеева, Е.Н.Водовозова, А.С.Симанович



бет16/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

1.Ресейдегі мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушылар:Е.И.Тихеева, Е.Н.Водовозова, А.С.Симанович.

Ресейде мектепке дейінгі тәрбие пелдагогтартың ынта-жігері арқасында ғана өмір сүріп, дамып отырды, ондай педагогтардың қатарынан А. С. Симоновичті, Е. Н. Водовозованы, Е. И. Тихееваны бөліп айту керек.



Елизавета Ивановна Тихеева (1867 - 1943) мектепке дейінгі тәрбие проблемасымен 1907 жылдан бастап айналыса бастады. Ол 1913 – 1917 жылдары мектепке дейінгі тәрбиеге жәрдемдесетін Петербург қоғамының балалар бақшасын және сол қоғамның мектеп коммисиясын басқарды. Е. И. Тихеева К. Д. Ушинскийдің жолын қуушы және оның идеяларын насихаттаушы болды, балаларды мектепке даярлауға, балалар бақшасымен бастауыш мектеп программаларының үйлесімділігіне және сабақтастығына ерекше көңіл бөлді. Өз еңбектерінде («Ана тілі және оны дамыту жолдары», «Қазіргі балалар бақшасы, оның маңызы және жабдықталуы», «Римдегі балалар үйлері, олардың теориясы мен практикасы» және т.б.) ол өзінің мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытты, соның өзінде М. Монтессоридің жүйесін мықтап сынға алды.

Еркін тәрбие теориясын жақтаушыларға қарама-қарсы ол былай деп пайымдады: баланы өсіп жетілуінде жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттер жетекші орын алады; білім-тәрбие беру жұмысына, оның мазмұны мен формаларын жалпы түрде анықтай және тәрбиешіні егжей-тегжейлі шектелмейтін перспективамен қаруландыра отырып, бағыт берерліктей программаны пайдалану қажеттігін көздеді. Е. И. Тихеева тәрбиешінің жеке басына жоғары талаптар қойды. Ол балалар бақшаларында тәрбиеленушілер күн сайын таңертең ыстық тамақ ішуге, әрбәр балалар бақшасының өз учаскесі (кішкене бағы немесе ауласы) болуға тиіс деп есептеді.

Сезім органдарының дамуы үшін Е. И. Тихеева жасаған дидактикалық материалдар жүйесі, балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру жөніндегі ұсыныстары қазіргі заманғы балалар бақшаларының жұмысында да пайдалануда. Ол тіл дамыту жөніндегі ұсынған көрнекі материалдар мен құралдары қазірде де мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста пайдалануда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет