15-БИЛЕТ.
1.Мектепке дейінгі дене тәрбиесі: маңызы, міндеттері, мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесінің жүйесі.
Дене тәрбиесінің маңызы.Мектепке дейінгі шақта бала организмі шапшаң дамиды.Оның нерв,сүйек-бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады,тыныс аппараттары жетіледі.Бұл кезенде жақсы денсаулық пен дене бітімнің дұрыс дамуының негізі қаланады.Мақсаты дене тірбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпыл етеді:қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады,кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі:жағымды мінез-құлық белгілері қалыптасады.Дене тәрбиесінің міндеттері.Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері-олардың денсаулығын сақтау және нығайту,дене бітімін дұрыс дамыту,организмді шынықтыру,қимыл және мәдени-гигиеналық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.Өмірге келген соң сәби тұрақты күтімді,ана сүтін керек етеді,ұзақ уақыт өздігінен қозғала алмайд.Бала өмірі толығымен оның денсаулығын сақтау және нығайту,дене бітімін дұрыс дамыту жөнінде қамқорлық жасайтын адамға байланысты.Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты-бала организмін шынықтыру.Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі.Дене тәрбиесінін елеулі міндеті-балалардың қимыл дағдыларын,іскерлігін,дене күші салаларын қалыптастыру.Мектепке дейінігі балаларда негізгі қимыл (жүру,жүгіру,секіру,өрмелеу,лақтыру)ерте бастан қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |